«Қарағанды Су» ЖШС сумен жабдықтау және су бұру қызметтері тұтынушыларының назарына жеткізеді Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу Комитетінің Қарағанды облысы бойынша департаментінің       2025 жылғы  24 қаңтардағы № 10-ОД бұйрығына сәйкес реттелетін қызметтерге арналған инвестициялық бағдарламалардың бекітілуіне, стратегиялық тауар (электр энергиясы, сатып алынған су) құнының өзгеруіне байланысты, статистика деректері бойынша өңірдегі экономикалық қызмет түрі бойынша орташа айлық жалақының өзгеруі,  сондай-ақ, «Қарағанды Су» ЖШС-нің 2025 жылғы 24 қаңтардағы № 81 бұйрығына сәйкес сумен жабдықтау қызметтерінің бекітілген тарифтік сметасының көлемі ұлғаюына және нақты шығындарының қысқаруына байланысты 2025 жылғы 1 ақпаннан бастап қолданысқа енгізіле отырып, 2025 жылға арналған тарифтер бекітілді:             1. Сумен жабдықтау қызметтеріне: Магистральдық құбырлар (техникалық су) арқылы су беру ҚҚС есебімен      1 м3 үшін 53,5 теңге мөлшерінде; Халық үшін ҚҚС есебімен 1 м3 үшін 180,07 теңге мөлшерінде; «Оқжетпес-Т» ЖШС үшін ҚҚС есебімен 1 м3 үшін 169,75 теңге мөлшерінде; «Теплотранзит Қарағанды» ЖШС үшін ҚҚС есебімен 1 м3 үшін            269,38 теңге             мөлшерінде; «Қарағанды Энергоцентр» ЖШС үшін ҚҚС есебімен 1 м3 үшін 266,46 теңге мөлшерінде; Бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдар үшін  ҚҚС есебімен 1 м3 үшін 873,66 теңге мөлшерінде; Басқа заңды тұлғалар үшін жылына тұтыну көлемі 5 мың м3 аспайтын ҚҚС есебімен 1 м3 үшін 662,85 теңге мөлшерінде; Басқа заңды тұлғалар үшін жылына тұтыну көлемі 5 мың м3 және оданда көп        ҚҚС             есебімен 1 м3 үшін 1465,13 теңге мөлшерінде.               2. Су бұру қызметтеріне: Халық үшін ҚҚС есебімен 1 м3 үшін 234,80 теңге мөлшерінде; Бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдар үшін  ҚҚС есебімен 1 м3 үшін 1006,72 теңге мөлшерінде; Басқа тұтынушылар үшін ҚҚС есебімен 1 м3 үшін 988,72 теңге мөлшерінде.

«Қарағанды Су» ЖШС БАСПАСӨЗ ХАБАРЛАМАСЫ Құрметті «Қарағанды Су» ЖШС тұтынушылары: Мамраев шағын ауданы (Восток-5), Голубые Пруды, Шахтерский шағын ауданы, Жаңа қала, Михайловка, Үлкен Михайловка станциясы, Фёдоровка, Кирзавод 1-2, Ақтас мекені, Кирзавод

 

 

 «Қарағанды Су» ЖШС

БАСПАСӨЗ ХАБАРЛАМАСЫ

 

Құрметті «Қарағанды Су» ЖШС тұтынушылары:

Мамраев шағын ауданы (Восток-5), Голубые Пруды, Шахтерский шағын ауданы, Жаңа қала, Михайловка, Үлкен Михайловка станциясы, Фёдоровка, Кирзавод 1-2, Ақтас мекені, Кирзавод 3-4, Оңтүстік-шығыс ауданы, Күнгей шағын ауданы!

Майқұдық – судың қысымы төмен!

2019 жылдың 29 қазанынан 30 қазанына қараған түні «Қарағанды Су» ЖШС «2 Зона» сорғы станциясында №№2,3 таза су резервуарларын тазарту бойынша жұмыстар жүргізетін болады.  Аталмыш жұмыстардан кейін қаланың таратқыш және кварталіші су құбыры желілерін зарарсыздандыру жұмыстары жүргізіледі.

Осыған байланысты 29 қазан күні сағ. 23.00-ден 30 қазан сағ. 24.00-ге дейін су өшіріледі. 

2019 жылдың 31 қазанында жоғарыда аталған тұтынушыларға су хлордың жоғары мөлшерімен берілетін болады. Суды ішуге және тағам дайындау мақсаттарында пайдалануға тыйым салынады.

Жұмыстардың орындалуы уақытында ауыз судың 2 тәуліктік қорын алып алуды ұсынамыз. 

Уақытша қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз.

«Қарағанды Су» ЖШС баспасөз қызметі