Құрметті тұтынушылар! Есептегіштердің көрсеткіштерін және пломбалауға өтінімдерді онлайн боттар арқылы жіберуге болады: WhatsApp +7 778 089 4931 Telegram @ qaragandy _su_bot

ХАБАРЛАНДЫРУ

2020 жылдың 19 қазанында сағат 11:00-де Қарағанды облысы, Қарағанды қ., Пригородная көш. 2В құрылым, 3 қабат, акт залында, сонымен қатар Facebook әлеуметтік желісі арқылы онлайн режимде (https://www.facebook.com/dkrem.krg) 2021-2025 жж. сумен қамту мен су бұру қызметтеріне субъекттің шекті тарифі жобасы бойынша жариялы тыңдаулар өткізіледі. Ұйымдастырушы: ТМРКД, Қарағанды қ.,.Костенко көш., 6, тел.: 8 (7212) 42-67-00, 41-18-27, www.kremzk.gov.kz.

Субъект: «Қарағанды Су» ЖШС тел.: 8 (7212) 91-34-59.

Карантиндік шараларға байланысты келушілерде медициналық маска, қолғап, антисептиктер болуы қажет, әрі ара қашықтық сақталуы тиіс. Қарағанды облысы санитарлық дәрігерінің карантинді шараларға қойылатын талаптарының өзгеруі жағдайында жариялы тыңдаулардың өткізілу форматы мен орны өзгеруі мүмкін, ол жөнінде қосымша хабарланады. 

Сонымен қатар, жариялы тындауда қатаң санитарлы-эпидемиологиялық нормаларды сақтаушы азаматтар қатыса алады. ҚР Бас санитарлы дәрігерінің 15.08.2020 жылдың №48 Қаулысының 6 Қосымшасы негізінде жариялы тыңдаулардың қатысушыларына келесі талаптар қойылады: 

1)ПТР әдісімен COVID-19 тестілеудің теріс нәтижесінің болуы, нәтижені алған уақыт 3 тәуліктен аспауы қажет;

2)жариялы тыңдалым өтетін бөлмеде өткізген уақыт бойы респираторлық үлгідегі медициналық маскаларды қолдану;

3)әлеуметтік қашықтықты сақтау;

4)қол алысу немесе басқа да тікелей байланыс түрлерін шектеу.