«Қарағанды Су» ЖШС сумен жабдықтау және су бұру қызметтері тұтынушыларының назарына жеткізеді Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу Комитетінің Қарағанды облысы бойынша департаментінің       2025 жылғы  24 қаңтардағы № 10-ОД бұйрығына сәйкес реттелетін қызметтерге арналған инвестициялық бағдарламалардың бекітілуіне, стратегиялық тауар (электр энергиясы, сатып алынған су) құнының өзгеруіне байланысты, статистика деректері бойынша өңірдегі экономикалық қызмет түрі бойынша орташа айлық жалақының өзгеруі,  сондай-ақ, «Қарағанды Су» ЖШС-нің 2025 жылғы 24 қаңтардағы № 81 бұйрығына сәйкес сумен жабдықтау қызметтерінің бекітілген тарифтік сметасының көлемі ұлғаюына және нақты шығындарының қысқаруына байланысты 2025 жылғы 1 ақпаннан бастап қолданысқа енгізіле отырып, 2025 жылға арналған тарифтер бекітілді:             1. Сумен жабдықтау қызметтеріне: Магистральдық құбырлар (техникалық су) арқылы су беру ҚҚС есебімен      1 м3 үшін 53,5 теңге мөлшерінде; Халық үшін ҚҚС есебімен 1 м3 үшін 180,07 теңге мөлшерінде; «Оқжетпес-Т» ЖШС үшін ҚҚС есебімен 1 м3 үшін 169,75 теңге мөлшерінде; «Теплотранзит Қарағанды» ЖШС үшін ҚҚС есебімен 1 м3 үшін            269,38 теңге             мөлшерінде; «Қарағанды Энергоцентр» ЖШС үшін ҚҚС есебімен 1 м3 үшін 266,46 теңге мөлшерінде; Бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдар үшін  ҚҚС есебімен 1 м3 үшін 873,66 теңге мөлшерінде; Басқа заңды тұлғалар үшін жылына тұтыну көлемі 5 мың м3 аспайтын ҚҚС есебімен 1 м3 үшін 662,85 теңге мөлшерінде; Басқа заңды тұлғалар үшін жылына тұтыну көлемі 5 мың м3 және оданда көп        ҚҚС             есебімен 1 м3 үшін 1465,13 теңге мөлшерінде.               2. Су бұру қызметтеріне: Халық үшін ҚҚС есебімен 1 м3 үшін 234,80 теңге мөлшерінде; Бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдар үшін  ҚҚС есебімен 1 м3 үшін 1006,72 теңге мөлшерінде; Басқа тұтынушылар үшін ҚҚС есебімен 1 м3 үшін 988,72 теңге мөлшерінде.

АУЫЗ СУ САПАСЫН БАҚЫЛАУ

 

 

Тұтынушылар құқығын қорғау Басқармасы бекіткен қала су құбыры үлестіруші бақылау орындарында сынамаларды алу кестесіне сәйкес ауыз судың сапасын бақылау тәулік бойы «Қарағанды Су» ЖШС зертханасында жүргізіледі. Тіпті, күнделікті, жүйелі бақылауды тек «Қарағанды Су» ЖШС зертханасы емес, Тұтынушылар құқығын қорғау Басқармасының зертханасы да жүргізеді. Ай сайын су сынамалары қала аумағында біркелкі үлестірілген 220 орындардан – балабақшаларда, ауруханаларда, мектептерде, спорт кешендерінде, дәріханаларда және т.б. әлеуметтік маңызы бар ұйымдар мен нысандардан алынады.

«Қарағанды Су» ЖШС ауыз су сапасын бақылау зертханасының АҚ «Ұлттық сараптау және сертификаттау орталығы» Карағанды қалалық бөлімшесі 19.11.2015ж. берген «Өнімдер мен сынамалар үлгілерінің сынауды жүзеге асыратын зертханалардағы өлшеулер жағдайын бағалау туралы» №29 куәлігі бар. «Қарағанды Су» ЖШС зертханасындағы су талдауы 67 көрсеткіш бойынша, атап айтқанда 53 химиялық, 9 микробиологиялық және 5 паразитологиялық көрсеткіштер бойынша жүргізіледі.

 

«Қарағанды Су» ЖШС Қарағанды қаласының тұтынушыларына беретін ауыз судың сапасы «Су көздеріне, шаруашылық-ауыз су мақсаты үшін су жинау орындарына, шаруашылық-ауыз сумен жабдықтауға және суды мәдени-тұрмыстық пайдалану орындарына және су объектілерінің қауіпсіздігіне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитарлық қағидаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 16 наурыздағы №209 бұйрығымен бекітілген Санитарлық ережелердің талаптарына барлық көрсеткіштер бойынша сәйкес келеді.