2021 жылы халық үшін тариф өзгермейді
«Қарағанды Су» ЖШС өз тұтынушыларының назарына Табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестікті және тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитеті Қарағанды облысы бойынша Департаментінің 2020 жылдың 19 қарашасындағы №188-НҚ Бұйрығы негізінде 2021 жылдың 1 қаңтарынан әрекетке енгізілуімен 2021 жылға тарифтердің бекітілгендігін хабарлайды:
1.1. Су шаруашылық жүйесі қызметтеріне:
- магистральды құбыр жолдары арқылы су беру (техникалық су) ҚҚС-пен бірге 1 м3 үшін 29,97 теңге;
- халық үшін ҚҚС-пен бірге 1 м3 үшін 101,24 теңге;
- «Теплотранзит Караганда» ЖШС үшін ҚҚС-пен бірге 1 м3 үшін 126,40 теңге;
- «Караганда Энергоцентр» ЖШС үшін ҚҚС-пен бірге 1 м3 үшін 103,33 теңге;
- «Оқжетпес-Т» ЖШС үшін ҚҚС-пен бірге 1 м3 үшін 80,53 теңге;
- бюджеттік қаражаттар есебіндегі мекемелер үшін ҚҚС-пен бірге 1 м3 үшін 710,48 теңге;
- су тұтыну көлемі жылына 5000 м3 аспайтын өзге заңды тұлғалар үшін ҚҚС-пен бірге 1 м3 үшін 313,24 теңге;
- су тұтыну көлемі жылына 5000 м3 асатын өзге заңды тұлғалар үшін ҚҚС-пен бірге 1 м3 үшін 692,37 теңге.
1.2. Кәріз жүйесі қызметтеріне:
- халық үшін ҚҚС-пен бірге 1 м3 үшін 90,78 теңге;
- бюджеттік қаражаттар есебіндегі мекемелер және өзге тұтынушылар үшін ҚҚС-пен бірге 1 м3 үшін 358,11 теңге;
- өзге тұтынушылар үшін ҚҚС-пен бірге 1 м3 үшін 335,16 теңге.