«Қарағанды Су» ЖШС сумен жабдықтау және су бұру қызметтері тұтынушыларының назарына жеткізеді Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу Комитетінің Қарағанды облысы бойынша департаментінің       2025 жылғы  24 қаңтардағы № 10-ОД бұйрығына сәйкес реттелетін қызметтерге арналған инвестициялық бағдарламалардың бекітілуіне, стратегиялық тауар (электр энергиясы, сатып алынған су) құнының өзгеруіне байланысты, статистика деректері бойынша өңірдегі экономикалық қызмет түрі бойынша орташа айлық жалақының өзгеруі,  сондай-ақ, «Қарағанды Су» ЖШС-нің 2025 жылғы 24 қаңтардағы № 81 бұйрығына сәйкес сумен жабдықтау қызметтерінің бекітілген тарифтік сметасының көлемі ұлғаюына және нақты шығындарының қысқаруына байланысты 2025 жылғы 1 ақпаннан бастап қолданысқа енгізіле отырып, 2025 жылға арналған тарифтер бекітілді:             1. Сумен жабдықтау қызметтеріне: Магистральдық құбырлар (техникалық су) арқылы су беру ҚҚС есебімен      1 м3 үшін 53,5 теңге мөлшерінде; Халық үшін ҚҚС есебімен 1 м3 үшін 180,07 теңге мөлшерінде; «Оқжетпес-Т» ЖШС үшін ҚҚС есебімен 1 м3 үшін 169,75 теңге мөлшерінде; «Теплотранзит Қарағанды» ЖШС үшін ҚҚС есебімен 1 м3 үшін            269,38 теңге             мөлшерінде; «Қарағанды Энергоцентр» ЖШС үшін ҚҚС есебімен 1 м3 үшін 266,46 теңге мөлшерінде; Бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдар үшін  ҚҚС есебімен 1 м3 үшін 873,66 теңге мөлшерінде; Басқа заңды тұлғалар үшін жылына тұтыну көлемі 5 мың м3 аспайтын ҚҚС есебімен 1 м3 үшін 662,85 теңге мөлшерінде; Басқа заңды тұлғалар үшін жылына тұтыну көлемі 5 мың м3 және оданда көп        ҚҚС             есебімен 1 м3 үшін 1465,13 теңге мөлшерінде.               2. Су бұру қызметтеріне: Халық үшін ҚҚС есебімен 1 м3 үшін 234,80 теңге мөлшерінде; Бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдар үшін  ҚҚС есебімен 1 м3 үшін 1006,72 теңге мөлшерінде; Басқа тұтынушылар үшін ҚҚС есебімен 1 м3 үшін 988,72 теңге мөлшерінде.

Тұтынушылар назарына: 2022 жылдың 7 қыркүйегінде сағат 08.00-ден 23.00-ге дейін!!!

Құрметті тұтынушылар:Жамбыл көш. 1-14, Сәрсеков 12-57, Доскей 1-9, Абай көш. 1-26, Костенко 1-14, Б. Жырау 2-38 (көшенің жұп жағы), Лобода 1-14, Назарбаев 1-37, 2-30, Әлиханов көш. 7,7а,11,  Ерубаев 1-44,Алалыкин көш. 7-13, Чижевского 1-7, Гоголя көш.27,29,31 !

 

2022 жылдың 7 қыркүйегінде «Қарағанды ​​Су» ЖШС Ерубаев көшесі  бойындағы –Абай көшесінен Әлиханов көшесіне дейінгі жаңа су құбыры желісін пайдалануға беру бойынша жұмыстарды жүргізеді.

Осыған байланысты, 2022 жылдың 7 қыркүйегінде сағат 08.00-ден 23.00-ге дейін жұмыс уақытында жоғарыда аталған мекенжайларға су беру тоқтатылады.

Су құбырының жаңа учаскесін пайдалануға беру аяқталғаннан кейін су құбыры желілерін дезинфекциялау жұмыстары жүргізіледі. Су ауыз су нормасы шегіндегі хлор дозасымен беріледі.

Тұтынушыларға ауыз судың қажетті қорын алып алуды ұсынамыз.

Уақытша қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз.