«Қарағанды Су» ЖШС сумен жабдықтау және су бұру қызметтері тұтынушыларының назарына жеткізеді Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу Комитетінің Қарағанды облысы бойынша департаментінің       2025 жылғы  24 қаңтардағы № 10-ОД бұйрығына сәйкес реттелетін қызметтерге арналған инвестициялық бағдарламалардың бекітілуіне, стратегиялық тауар (электр энергиясы, сатып алынған су) құнының өзгеруіне байланысты, статистика деректері бойынша өңірдегі экономикалық қызмет түрі бойынша орташа айлық жалақының өзгеруі,  сондай-ақ, «Қарағанды Су» ЖШС-нің 2025 жылғы 24 қаңтардағы № 81 бұйрығына сәйкес сумен жабдықтау қызметтерінің бекітілген тарифтік сметасының көлемі ұлғаюына және нақты шығындарының қысқаруына байланысты 2025 жылғы 1 ақпаннан бастап қолданысқа енгізіле отырып, 2025 жылға арналған тарифтер бекітілді:             1. Сумен жабдықтау қызметтеріне: Магистральдық құбырлар (техникалық су) арқылы су беру ҚҚС есебімен      1 м3 үшін 53,5 теңге мөлшерінде; Халық үшін ҚҚС есебімен 1 м3 үшін 180,07 теңге мөлшерінде; «Оқжетпес-Т» ЖШС үшін ҚҚС есебімен 1 м3 үшін 169,75 теңге мөлшерінде; «Теплотранзит Қарағанды» ЖШС үшін ҚҚС есебімен 1 м3 үшін            269,38 теңге             мөлшерінде; «Қарағанды Энергоцентр» ЖШС үшін ҚҚС есебімен 1 м3 үшін 266,46 теңге мөлшерінде; Бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдар үшін  ҚҚС есебімен 1 м3 үшін 873,66 теңге мөлшерінде; Басқа заңды тұлғалар үшін жылына тұтыну көлемі 5 мың м3 аспайтын ҚҚС есебімен 1 м3 үшін 662,85 теңге мөлшерінде; Басқа заңды тұлғалар үшін жылына тұтыну көлемі 5 мың м3 және оданда көп        ҚҚС             есебімен 1 м3 үшін 1465,13 теңге мөлшерінде.               2. Су бұру қызметтеріне: Халық үшін ҚҚС есебімен 1 м3 үшін 234,80 теңге мөлшерінде; Бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдар үшін  ҚҚС есебімен 1 м3 үшін 1006,72 теңге мөлшерінде; Басқа тұтынушылар үшін ҚҚС есебімен 1 м3 үшін 988,72 теңге мөлшерінде.

ХАБАРЛАМА Үйге ортақ су есептегіш бойынша сумен жабдықтау және су бұру қызметтерінің коммерциялық есебін енгізу туралы

 «Қарағанды Су» ЖШС-і Қазақстан Республикасының 28.12.2018 жылғы №204-VI ҚРЗ  «Табиғи монополиялар туралы» заңына сәйкес тұтынушыларға суық сумен жабдықтаужәне ағынды суларды қабылдау бойынша қызмет көрсетеді.

Қазақстан Республикасының 09.07.2003 жылғы Су кодексінің 92-7 бабының 2-тармағының 3-тармақшасына сәйкес «Суды есепке алудың үйге ортақ аспабы арқылы көппәтерлі тұрғын үйлерде (тұрғын ғимараттарда) есепке алу міндетті болып табылады».

Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінің 215- бабына сәйкес «Үлесті меншіктің әрбір қатысушысы ортақ мүлік бойынша өз үлесіне сәйкес салықтар, алымдар және өзге де төлемдер төлеуге, сондай-ақ оны күтіп ұстау мен сақтауға байланысты шығындарға қатысуға міндетті».                                                                                                                                             

Сумен жабдықтау және су бұру қызметтері, үйге ортақ суды есепке алу аспабы бойынша коммерциялық есепке алу Қазақстан Республикасы Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері агенттігі  Төрағасының 2011 жылғы 26 қыркүйектегі № 354 бұйрығымен бекітілген Елді мекендерді сумен жабдықтау және ( немесе ) су бұру қызметтерінің ұсынылған көлемдерін есептеу  Әдістемесінің (бұдан әрі – Әдістеме ) 3-тарауының 16- тармағының 3 және 5- тармақшаларына сәйкес  жүргізіледі.

        Үйге ортақ есепке алу аспабының көрсеткіштері мен жеке есепке алу аспабының жиынтық көрсеткіштері арасындағы айырмашылықты пәтерлер, жанастыра салынған және жапсарлас салынған тұрғын емес үй-жайларыдның иелері (кондоминиум қатысушылары) тұтынған су көлемдеріне барабар мөлшерде төлеуге жатады.

       Жоғарыда айтылғандар негізінде, «Қарағанды Су» ЖШС-і 2025 жылғы 1 қаңтардан бастап суды есепке алудың үйге ортақ есепке алу аспабы бойынша сумен жабдықтау және су бұру қызметтерінің коммерциялық есебін енгізу туралы хабарлайды.

 

 

«Қарағанды Су» ЖШС