«Қарағанды Су» ЖШС-і Қазақстан Республикасының 28.12.2018 жылғы №204-VI ҚРЗ  «Табиғи монополиялар туралы» заңына сәйкес тұтынушыларға суық сумен жабдықтаужәне ағынды суларды қабылдау бойынша қызмет көрсетеді. Қазақстан Республикасының 09.07.2003 жылғы Су кодексінің 92-7 бабының 2-тармағының 3-тармақшасына сәйкес «Суды есепке алудың үйге ортақ аспабы арқылы көппәтерлі тұрғын үйлерде (тұрғын ғимараттарда) есепке алу міндетті болып табылады». Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінің 215- бабына сәйкес «Үлесті меншіктің әрбір қатысушысы ортақ мүлік бойынша өз үлесіне сәйкес салықтар, алымдар және өзге де төлемдер төлеуге, сондай-ақ оны күтіп ұстау мен сақтауға байланысты шығындарға қатысуға міндетті».                                                                                                                                              Сумен жабдықтау және су бұру қызметтері, үйге ортақ суды есепке алу аспабы бойынша коммерциялық есепке алу Қазақстан Республикасы Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері агенттігі  Төрағасының 2011 жылғы 26 қыркүйектегі № 354 бұйрығымен бекітілген Елді мекендерді сумен жабдықтау және ( немесе ) су бұру қызметтерінің ұсынылған көлемдерін есептеу  Әдістемесінің (бұдан әрі – Әдістеме ) 3-тарауының 16- тармағының 3 және 5- тармақшаларына сәйкес  жүргізіледі.         Үйге ортақ есепке алу аспабының көрсеткіштері мен жеке есепке алу аспабының жиынтық көрсеткіштері арасындағы айырмашылықты пәтерлер, жанастыра салынған және жапсарлас салынған тұрғын емес үй-жайларыдның иелері (кондоминиум қатысушылары) тұтынған су көлемдеріне барабар мөлшерде төлеуге жатады.        Жоғарыда айтылғандар негізінде, «Қарағанды Су» ЖШС-і 2025 жылғы 1 қаңтардан бастап суды есепке алудың үйге ортақ есепке алу аспабы бойынша сумен жабдықтау және су бұру қызметтерінің коммерциялық есебін енгізу туралы хабарлайды.     «Қарағанды Су» ЖШС

Блог

Құрметті «Қарағанды Су» ЖШС сайтының қонақтары!

 

Құрметті тұтынушылар!

 

«Қарағанды Су» ЖШС Қарағанды, Теміртау қалалары және Ақтас кентінің тұтынушыларына сумен қамту және су бұру қызметтерін ұсынатын, табиғи монополиялар субъектісі болып табылады.

Кәсіпорын сайтындағы менің блогыма Сіздер өздеріңіздің жүгінулеріңізді, сұрақтарыңызды, ұсыныстарыңызды жөнелте аласыздар. Сіздің осы сайтқа кіруіңіз қаламыздың ірі кәсіпорны, Қарағанды аумағының қалыпты өмір қарекеті мүмкін емес кәсіпорынның қызметіне бейжай қарамайтындығыңызды білдіреді. Өкінішке орай, белгілі жағдайларға байланысты Сіздің де, менің де тікілей қарым-қатынасқа түсуге уақытымыз шектеулі. Енді, бүгінгі таңдағы ақпараттық технологиялардың, жаһандандырылған компьютерлендірудің дамуының жоғары деңгейі арқылы нәтижелі қарым-қатынаста болу мүмкіндігі туындап отыр.

Сіздің осы блогта қалдыратын барлық жүгінулеріңіз, ұсыныстарыңыз бен сұрақтарыңыз кідірместен менің қарауыма түсетін болады.

Нәтижелері туралы Сізге қысқа мерзім ішінде блог арқылы хабарланатын болады.

Сізбен бірге алда тұрған міндеттерді шешу және жалғыз дұрыс шешімдерді қабылдауға бізге көмектесетін нәтижелі серіктестікке қол жеткіземіз деп үміттенемін.

Құрметпен,

«Қарағанды Су» ЖШС

Бас директоры

 

 

 

 

Уважаемые посетители сайта ТОО «Караганды Су»!

Дорогие потребители!

ТОО «Караганды Су» является субъектом естественных монополий, предоставляющим услуги водоснабжения и водоотведения потребителям городов Караганды, Темиртау, поселка Актас.

На сайте предприятия функционирует мой Блог, на который Вы можете напрямую направлять обращения, вопросы, предложения. Посещение Вами сайта предприятия убеждает меня в том, что Вы неравнодушны к деятельности крупного предприятия нашего города, предприятия, без которого невозможна нормальная жизнедеятельность Караганды. К сожалению, в силу определенных обстоятельств и Вы, и я, не всегда можем выбрать время для непосредственного общения. Теперь, благодаря высокому уровню развития информационных технологий, глобальной компьютеризации есть возможность результативного общения.

Все обращения, предложения, вопросы, которые будут оставлены Вами в этом Блоге, незамедлительно попадут ко мне на рассмотрение.

О результатах Вам будет сообщено посредством Блога в кратчайшие сроки.

Надеюсь на плодотворное сотрудничество с Вами, которое поможет нам вместе решать стоящие перед нами задачи и принимать единственно верные решения.

С уважением,

генеральный директор

ТОО «Караганды Су»

 

Image CAPTCHA
Enter the characters shown in the image.