«Қарағанды Су» ЖШС сумен жабдықтау және су бұру қызметтері тұтынушыларының назарына жеткізеді Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу Комитетінің Қарағанды облысы бойынша департаментінің       2025 жылғы  24 қаңтардағы № 10-ОД бұйрығына сәйкес реттелетін қызметтерге арналған инвестициялық бағдарламалардың бекітілуіне, стратегиялық тауар (электр энергиясы, сатып алынған су) құнының өзгеруіне байланысты, статистика деректері бойынша өңірдегі экономикалық қызмет түрі бойынша орташа айлық жалақының өзгеруі,  сондай-ақ, «Қарағанды Су» ЖШС-нің 2025 жылғы 24 қаңтардағы № 81 бұйрығына сәйкес сумен жабдықтау қызметтерінің бекітілген тарифтік сметасының көлемі ұлғаюына және нақты шығындарының қысқаруына байланысты 2025 жылғы 1 ақпаннан бастап қолданысқа енгізіле отырып, 2025 жылға арналған тарифтер бекітілді:             1. Сумен жабдықтау қызметтеріне: Магистральдық құбырлар (техникалық су) арқылы су беру ҚҚС есебімен      1 м3 үшін 53,5 теңге мөлшерінде; Халық үшін ҚҚС есебімен 1 м3 үшін 180,07 теңге мөлшерінде; «Оқжетпес-Т» ЖШС үшін ҚҚС есебімен 1 м3 үшін 169,75 теңге мөлшерінде; «Теплотранзит Қарағанды» ЖШС үшін ҚҚС есебімен 1 м3 үшін            269,38 теңге             мөлшерінде; «Қарағанды Энергоцентр» ЖШС үшін ҚҚС есебімен 1 м3 үшін 266,46 теңге мөлшерінде; Бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдар үшін  ҚҚС есебімен 1 м3 үшін 873,66 теңге мөлшерінде; Басқа заңды тұлғалар үшін жылына тұтыну көлемі 5 мың м3 аспайтын ҚҚС есебімен 1 м3 үшін 662,85 теңге мөлшерінде; Басқа заңды тұлғалар үшін жылына тұтыну көлемі 5 мың м3 және оданда көп        ҚҚС             есебімен 1 м3 үшін 1465,13 теңге мөлшерінде.               2. Су бұру қызметтеріне: Халық үшін ҚҚС есебімен 1 м3 үшін 234,80 теңге мөлшерінде; Бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдар үшін  ҚҚС есебімен 1 м3 үшін 1006,72 теңге мөлшерінде; Басқа тұтынушылар үшін ҚҚС есебімен 1 м3 үшін 988,72 теңге мөлшерінде.

Спартакиаданың өту барысы

«Қарағанды Су» ЖШС-інде спорттың бірнеше түрі бойынша мекеменің құрылымдық бөлімшелері арасында Спартакиада өтіп жатыр.

Әз Наурыз мейрамын тойлау қарсаңында салауатты өмір салтын насихаттау, қызметкерлер денсаулығын нығайту, мекеме жұмыскерлері арасында өзара қарым-қатынас орнату/нығайту мақсатында ұйымдастырылған бұл спорттық жарыстар ұжымды біріктіруге, қызметкерлерді бірлескен жоғары өнімді еңбек атқаруға жұмылдырады.

 Миллионға жуық көрермендерді қызықта өз төңірегіне жинайтын керемет спорт ойыны волейболдың қозғалысы адам баласына аса пайдалы табиғи қозғалыс пен дене мүшелерінің жаттығуларын қамтиды. Ол адамның өмірін, спорттық жетістіктерін, жасампаздығын, күш қуат мәдениетін ұйымдастырудың тиімді құралы.

 

2017 жылдың 21 ақпанында мекемеде қызмет атқаратын ерлер мен әйелдерден құралған «БАСҚАРМА» және «СУ БҰРУ» командалары арасында волейбол ойынынан кезекті жарыс өтті.