«Қарағанды Су» ЖШС сумен жабдықтау және су бұру қызметтері тұтынушыларының назарына жеткізеді Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу Комитетінің Қарағанды облысы бойынша департаментінің       2025 жылғы  24 қаңтардағы № 10-ОД бұйрығына сәйкес реттелетін қызметтерге арналған инвестициялық бағдарламалардың бекітілуіне, стратегиялық тауар (электр энергиясы, сатып алынған су) құнының өзгеруіне байланысты, статистика деректері бойынша өңірдегі экономикалық қызмет түрі бойынша орташа айлық жалақының өзгеруі,  сондай-ақ, «Қарағанды Су» ЖШС-нің 2025 жылғы 24 қаңтардағы № 81 бұйрығына сәйкес сумен жабдықтау қызметтерінің бекітілген тарифтік сметасының көлемі ұлғаюына және нақты шығындарының қысқаруына байланысты 2025 жылғы 1 ақпаннан бастап қолданысқа енгізіле отырып, 2025 жылға арналған тарифтер бекітілді:             1. Сумен жабдықтау қызметтеріне: Магистральдық құбырлар (техникалық су) арқылы су беру ҚҚС есебімен      1 м3 үшін 53,5 теңге мөлшерінде; Халық үшін ҚҚС есебімен 1 м3 үшін 180,07 теңге мөлшерінде; «Оқжетпес-Т» ЖШС үшін ҚҚС есебімен 1 м3 үшін 169,75 теңге мөлшерінде; «Теплотранзит Қарағанды» ЖШС үшін ҚҚС есебімен 1 м3 үшін            269,38 теңге             мөлшерінде; «Қарағанды Энергоцентр» ЖШС үшін ҚҚС есебімен 1 м3 үшін 266,46 теңге мөлшерінде; Бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдар үшін  ҚҚС есебімен 1 м3 үшін 873,66 теңге мөлшерінде; Басқа заңды тұлғалар үшін жылына тұтыну көлемі 5 мың м3 аспайтын ҚҚС есебімен 1 м3 үшін 662,85 теңге мөлшерінде; Басқа заңды тұлғалар үшін жылына тұтыну көлемі 5 мың м3 және оданда көп        ҚҚС             есебімен 1 м3 үшін 1465,13 теңге мөлшерінде.               2. Су бұру қызметтеріне: Халық үшін ҚҚС есебімен 1 м3 үшін 234,80 теңге мөлшерінде; Бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдар үшін  ҚҚС есебімен 1 м3 үшін 1006,72 теңге мөлшерінде; Басқа тұтынушылар үшін ҚҚС есебімен 1 м3 үшін 988,72 теңге мөлшерінде.

2024 жылы 18 бірлік техника сатып алынды

Апаттарды, ақаулар мен ағып кетулерді сапалы жою мақсатында, сондай-ақ

авариялық учаскелердегі жұмысшылардың еңбек жағдайларын жақсарту үшін 2024 жылы кәсіпорыннын инвестициялық бағдарламалар бойынша үнемдеу есебінен 10 бірлік кезекші кабиналар, 2 бірлік жылжымалы Газель зертханалары, 1 Камаз электр зертханасы, 1 тиегіш және 2 илосос сатып алынды. 

Жаңа техниканың кілттерін жұмысшыларға Қарағанды қаласының әкімі Мейрам Мұратұлы Кожухов табыс етті.

Сондай-ақ, жұмысшы мамандықтар жылы қарсаңында Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы 2025 жылды жұмысшы мамандықтар жылы деп жариялап, слесарь композициясы тұрғызылды.

 

В целях качественного устранения порывов, дефектов и утечек, а так же

улучшения условий труда рабочих на аварийных участках в 2024 году за счет экономии предприятия по инвестиционным программам было закуплено 10 единиц дежурных будок, 2 единицы передвижных лабораторий Газель, 1 электролаборатория Камаз, 1 погрузчик и 2 илососа. 

Вручил ключи рабочим от новой техники аким города Караганды Мейрам Муратович Кожухов.

Также в преддверии года рабочих профессий, так Глава государства Касым-Жомарт Кемелевич объявил 2025 год Годом рабочих профессий, была возведена композиция слесаря.