«Қарағанды Су» ЖШС сумен жабдықтау және су бұру қызметтері тұтынушыларының назарына жеткізеді Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу Комитетінің Қарағанды облысы бойынша департаментінің 2025 жылғы 24 қаңтардағы № 10-ОД бұйрығына сәйкес реттелетін қызметтерге арналған инвестициялық бағдарламалардың бекітілуіне, стратегиялық тауар (электр энергиясы, сатып алынған су) құнының өзгеруіне байланысты, статистика деректері бойынша өңірдегі экономикалық қызмет түрі бойынша орташа айлық жалақының өзгеруі, сондай-ақ, «Қарағанды Су» ЖШС-нің 2025 жылғы 24 қаңтардағы № 81 бұйрығына сәйкес сумен жабдықтау қызметтерінің бекітілген тарифтік сметасының көлемі ұлғаюына және нақты шығындарының қысқаруына байланысты 2025 жылғы 1 ақпаннан бастап қолданысқа енгізіле отырып, 2025 жылға арналған тарифтер бекітілді:
1. Сумен жабдықтау қызметтеріне:
Магистральдық құбырлар (техникалық су) арқылы су беру ҚҚС есебімен 1 м3 үшін 53,5 теңге мөлшерінде;
Халық үшін ҚҚС есебімен 1 м3 үшін 180,07 теңге мөлшерінде;
«Оқжетпес-Т» ЖШС үшін ҚҚС есебімен 1 м3 үшін 169,75 теңге мөлшерінде;
«Теплотранзит Қарағанды» ЖШС үшін ҚҚС есебімен 1 м3 үшін 269,38 теңге мөлшерінде;
«Қарағанды Энергоцентр» ЖШС үшін ҚҚС есебімен 1 м3 үшін 266,46 теңге мөлшерінде;
Бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдар үшін ҚҚС есебімен 1 м3 үшін 873,66 теңге мөлшерінде;
Басқа заңды тұлғалар үшін жылына тұтыну көлемі 5 мың м3 аспайтын ҚҚС есебімен 1 м3 үшін 662,85 теңге мөлшерінде;
Басқа заңды тұлғалар үшін жылына тұтыну көлемі 5 мың м3 және оданда көп ҚҚС есебімен 1 м3 үшін 1465,13 теңге мөлшерінде.
2. Су бұру қызметтеріне:
Халық үшін ҚҚС есебімен 1 м3 үшін 234,80 теңге мөлшерінде;
Бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдар үшін ҚҚС есебімен 1 м3 үшін 1006,72 теңге мөлшерінде;
Басқа тұтынушылар үшін ҚҚС есебімен 1 м3 үшін 988,72 теңге мөлшерінде.
Ақтас тұрғындарына
22/10/2024
Құрметті тұтынушылар: Ақтас ауылы Б.Момышулы.к-сі 8-36,9-31,26 үйлері, Кржижановского 18б үй.
23.10.24 сағат 08.30-ден 18.00-ге дейін жоғарыда аталған мекенжайлар бойынша жаңа су құбырына көшу үшін су беру тоқтатылады.
Тұтынушыларға қажетті сумен қамтамасыз етуді ұсынамыз.
Уақытша қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз.
Уважаемые потребители: поселок Актас ул.Б.Момышулы 8-36,9-31,26, Кржижановского 18б
23.10.24г. с 08.30 до 18.00 по вышеперечисленным адресам будет отключена подача воды для переключения в новую линию водопровода.
Рекомендуем потребителям иметь необходимый запас воды.
Приносим извинения за временные неудобства.