«Қарағанды Су» ЖШС сумен жабдықтау және су бұру қызметтері тұтынушыларының назарына жеткізеді Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу Комитетінің Қарағанды облысы бойынша департаментінің       2025 жылғы  24 қаңтардағы № 10-ОД бұйрығына сәйкес реттелетін қызметтерге арналған инвестициялық бағдарламалардың бекітілуіне, стратегиялық тауар (электр энергиясы, сатып алынған су) құнының өзгеруіне байланысты, статистика деректері бойынша өңірдегі экономикалық қызмет түрі бойынша орташа айлық жалақының өзгеруі,  сондай-ақ, «Қарағанды Су» ЖШС-нің 2025 жылғы 24 қаңтардағы № 81 бұйрығына сәйкес сумен жабдықтау қызметтерінің бекітілген тарифтік сметасының көлемі ұлғаюына және нақты шығындарының қысқаруына байланысты 2025 жылғы 1 ақпаннан бастап қолданысқа енгізіле отырып, 2025 жылға арналған тарифтер бекітілді:             1. Сумен жабдықтау қызметтеріне: Магистральдық құбырлар (техникалық су) арқылы су беру ҚҚС есебімен      1 м3 үшін 53,5 теңге мөлшерінде; Халық үшін ҚҚС есебімен 1 м3 үшін 180,07 теңге мөлшерінде; «Оқжетпес-Т» ЖШС үшін ҚҚС есебімен 1 м3 үшін 169,75 теңге мөлшерінде; «Теплотранзит Қарағанды» ЖШС үшін ҚҚС есебімен 1 м3 үшін            269,38 теңге             мөлшерінде; «Қарағанды Энергоцентр» ЖШС үшін ҚҚС есебімен 1 м3 үшін 266,46 теңге мөлшерінде; Бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдар үшін  ҚҚС есебімен 1 м3 үшін 873,66 теңге мөлшерінде; Басқа заңды тұлғалар үшін жылына тұтыну көлемі 5 мың м3 аспайтын ҚҚС есебімен 1 м3 үшін 662,85 теңге мөлшерінде; Басқа заңды тұлғалар үшін жылына тұтыну көлемі 5 мың м3 және оданда көп        ҚҚС             есебімен 1 м3 үшін 1465,13 теңге мөлшерінде.               2. Су бұру қызметтеріне: Халық үшін ҚҚС есебімен 1 м3 үшін 234,80 теңге мөлшерінде; Бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдар үшін  ҚҚС есебімен 1 м3 үшін 1006,72 теңге мөлшерінде; Басқа тұтынушылар үшін ҚҚС есебімен 1 м3 үшін 988,72 теңге мөлшерінде.

Кәрізге қосылуға арналған техникалық шарттар

Жеке тұлғалар үшін

Жеке сектор үшін кәрізге қосылуға арналған техникалық шарттарды алу үшін ұсынылатын құжаттар тізімі

 Өтініш ("Қарағанды су" ЖШС)

  1. М 1:5000 көшірмелер - 2 дана.
  2. Нысан меншігі құқығына құжат (үйге берілген техникалық төлқұжат, таңдау акті, қаулы, Сатып алу-сату Шарты, Жеке куәлік) – көшірмелер
  3. Желі иесінің жазбаша келісімі (жеке кәрізге қосылу кезінде)

 МЕКЕНЖАЙЫ: Привокзальная көш., 5 каб. 205 (9.00 бастап 12.30 дейін), тел. 56-19-14 (ішкі тел. 1105)

 Жеке сектордың жаңа нысандарының құрылысына кәрізді қосу үшін техникалық шарттарды алуға ұсынылатын құжаттар тізімі

  1. Өтініш («Қарағанды Су» ЖШС бланкі)
  2. М 1:5000 көшірмелер -2 дана
  3. Меншік құқығына құжаттар (Жер акті, Сатып алу-сату шарты немесе қаулы, Жеке куәлік) - көшірмелер

МЕКЕНЖАЙЫ: Пригородная көш., құрылыс 2B, терезе №3, 8.00 бастап 17.00 дейін), түскі үзіліс 13.00 бастап 14.00 дейін

Заңды тұлғалар үшін

 Заңды нысандар кәрізіне қосылуға арналған техникалық шарттарды алуға ұсынылатын құжаттардың тізімі

  1. Өтініш («Қарағанды Су» ЖШС бланкі)
  2. М 1:500 көшірмелер - 1 дана, М 1:5000 -2 дана
  3. Су бұруға есептік шығындар
  4. Меншік құқығына құжаттар (Сатып алу-сату шарты немесе қаулы, жер акті, ЖШС үшін – мемлекеттік тіркеу куәлігі, жеке тұлғалар үшін жеке куәлік) – көшірмелер.
  5. Бұрыннан барларға – нысандар тізімдері бар суды босату және ағын суларды қабылдау шарты, ескі техникалық шарттар, шекараларды бөлу акті – көшірмелер.

  МЕКЕНЖАЙЫ: Пригородная көш., құрылыс 2B, терезе №3, (8.00 бастап 17.00 дейін), түскі үзіліс 13.00 бастап 14.00 дейін