«Қарағанды Су» ЖШС сумен жабдықтау және су бұру қызметтері тұтынушыларының назарына жеткізеді Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу Комитетінің Қарағанды облысы бойынша департаментінің       2025 жылғы  24 қаңтардағы № 10-ОД бұйрығына сәйкес реттелетін қызметтерге арналған инвестициялық бағдарламалардың бекітілуіне, стратегиялық тауар (электр энергиясы, сатып алынған су) құнының өзгеруіне байланысты, статистика деректері бойынша өңірдегі экономикалық қызмет түрі бойынша орташа айлық жалақының өзгеруі,  сондай-ақ, «Қарағанды Су» ЖШС-нің 2025 жылғы 24 қаңтардағы № 81 бұйрығына сәйкес сумен жабдықтау қызметтерінің бекітілген тарифтік сметасының көлемі ұлғаюына және нақты шығындарының қысқаруына байланысты 2025 жылғы 1 ақпаннан бастап қолданысқа енгізіле отырып, 2025 жылға арналған тарифтер бекітілді:             1. Сумен жабдықтау қызметтеріне: Магистральдық құбырлар (техникалық су) арқылы су беру ҚҚС есебімен      1 м3 үшін 53,5 теңге мөлшерінде; Халық үшін ҚҚС есебімен 1 м3 үшін 180,07 теңге мөлшерінде; «Оқжетпес-Т» ЖШС үшін ҚҚС есебімен 1 м3 үшін 169,75 теңге мөлшерінде; «Теплотранзит Қарағанды» ЖШС үшін ҚҚС есебімен 1 м3 үшін            269,38 теңге             мөлшерінде; «Қарағанды Энергоцентр» ЖШС үшін ҚҚС есебімен 1 м3 үшін 266,46 теңге мөлшерінде; Бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдар үшін  ҚҚС есебімен 1 м3 үшін 873,66 теңге мөлшерінде; Басқа заңды тұлғалар үшін жылына тұтыну көлемі 5 мың м3 аспайтын ҚҚС есебімен 1 м3 үшін 662,85 теңге мөлшерінде; Басқа заңды тұлғалар үшін жылына тұтыну көлемі 5 мың м3 және оданда көп        ҚҚС             есебімен 1 м3 үшін 1465,13 теңге мөлшерінде.               2. Су бұру қызметтеріне: Халық үшін ҚҚС есебімен 1 м3 үшін 234,80 теңге мөлшерінде; Бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдар үшін  ҚҚС есебімен 1 м3 үшін 1006,72 теңге мөлшерінде; Басқа тұтынушылар үшін ҚҚС есебімен 1 м3 үшін 988,72 теңге мөлшерінде.

Басшылық

Толеуов Ербол Уалиевич – «Қарағанды Су» ЖШС-нің Бас директоры.

Ербол Уалиевич -Қарағанды облысының тумасы. 

Үш жоғары білімі бар.

Еңбек жолын 1989 жылы бастаған.

2000 жылы Қарағандыда «Водоканалсбыт» ЖШС-нің директоры болды.

Қазақстан Республикасы «Сыртқы істер министрлігінің шаруашылық басқармасы» РМҚК директорының орынбасары, Астана қаласы (09.02.2007-22.02.2007);

 

Қазақстан Республикасы «Сыртқы істер министрлігінің шаруашылық басқармасы» РМҚК директоры Астана қаласы (22.02.2007-12.01.2010);

«Астана қаласының энергетика және коммуналдық шаруашылық басқармасы» ММ бастығының орынбасары (13.01.2010-30.11.2011);

«Астана-Энергосервис» АҚ Басқарма төрағасы (01.12.2011-10.02.2014);

Қазақстанның Ресей Федерациясындағы Елшілігі елшісінің кеңесшісі (12.02.2014-19.10.2016);

«Астана қалалық жарық» ЖШС директоры (25.10.2016-01.03.2017);

«Астана қаласының энергетика басқармасы» ММ басшысының орынбасары (01.03.2017-16.03.2018);

«Астана, Нұр-сұлтан қаласының Отын-энергетикалық кешені және коммуналдық шаруашылық басқармасы» ММ басшысы (16.03.2018-04.2020);

Көкшетау қаласы әкімінің орынбасары (04.2020-03.2021);

«Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын жаңғырту мен  дамытудың қазақстандық орталығы» АҚ Басқарма төрағасы (03.2021-04.2023);

Қарағанды облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының басшысы (2023 жылғы сәуірден бастап).

 

2024 жылдың 18 қаңтарынан бастап «Қарағанды Су» ЖШС Бас директоры болып тағайындалды.

___________________________________________________________________________________________ 

 

Гордеева Елизавета Александровна- Бас директордың қаржы мәселелері жөніндегі орынбасары. Білімі жоғары. Тарифті белгілеу мәселелеріне, кәсіпорынның барлық қаржы-шаруашылық қызметіне жетекшілік етеді.

___________________________________________________________________________________________ 

 

Ескенова Жулдыз Берикболовна - Бас директордың құқықтық мәселелер және сату қызметі жөніндегі орынбасары. 2 жоғарғы білімі бар. Қызметтің заңдық-құқықтық аспектілеріне және өткізу қызметінің жұмыс істеуіне (есептеу, пломбалау, төлеу мәселелері, есепке алу аспаптары, борыштарды өндіріп алу және т. б.) жетекшілік етеді.

 

___________________________________________________________________________________________

 

Аксункаров Рауан Серикович- аппарат басшысы. Білімі жоғары. Басшылықтың басқарушылық шешімдері мен тапсырмаларын тиімді іске асыруды қамтамасыз етеді, орындаушылық тәртіпті бақылауды жүзеге асырады, жетекшілік ететін құрылымдық бөлімшелердің жұмысын үйлестіреді, корпоративтік іс-шараларды ұйымдастырады және имидждік жобаларды іске асырады.

 

___________________________________________________________________________________________ 

Кудашбаев Кайролла Дуйсенбаевич- бас инженер. Білімі жоғары. Сумен жабдықтау және су бұру цехтарының (апаттықбөлімшелер) жұмысын қамтамасыз етеді және бақылайды, желілерді, жабдықтарды дамыту және ауыстыру жоспарларын қалыптастырады және т.б. желілер бойынша комиссиялық шығулар мен кеңестерге қатысады, сумен жабдықтау және су бұру қызметтері мәселелері бойынша мемлекеттік ұйымдармен және тұтынушылармен өзара іс-қимылды жүзеге асырады.