Новое обращение пользователя Абикенова Меруерт
ID - 1799
Құрметті Табиғат Кабденович!
Мен сізге Мұстафин көш., 8-ші үйдің тұрғындары атынан хабарласып тұрмын.
Мен бұл үйдің 5-ші қабатында тұрамын. Суық су тамшылап ағады.
Судың осындай қысымымен өмір сүріп отырғанымызға 20 жыл болды.
Сіздердің диспетчерлеріңіз біздің үйдің осындай нашар мәселесімен өте жақсы таңыс, себебі біз оларға жиі қоңырау шалып, шағымдарымызды айтамыз.
Олар: "Басшыға мәлімдеме қалдырамыз"-деп құтылады.
Бізге "Қарағанды Су" жер астындағы құбырларды ауыстыруға уәде берді.
Бірақ құбырлардың ауыстыруылуы жүргізілмеді.
Барлық тұрғындар бірігіп, кезінде облыс әкімі Бауыржан Абдишевке өтініш жазғанбыз.
Одан еш нәтиже болған жоқ. Сондықтан осы мәселені дұрыс шешуіңізді сұраймыз.
Болмаған жағдайда Елбасыға хат жолдауымызға тура келеді.
Құрметпен,
Мұстафин көш., 8-ші үйдің тұрғындары.
Кұрметті Абикенова Меруерт!
09.03.2016 жылы Орталық сумен қамту цехының бригадасы «Сәуле» ПИК төрағасы К.Карашин мырзамен бірге Мустафин көш., 8 мекенжайы бойынша суық су қысымын өлшеуді жүзеге асырды. Үй жертөлесіндегі су құбырының кірісінде қысым көрсеткіші 1,8 атм. көрсетті. 5-қабаттағы пәтерлерде: 2 кіреберіс – 29 пәтердегі қысым көрсеткіші 0,5 атм.; 8 кіре беріс – 70 пәтердегі қысым көрсеткіші 0,5 атм.
Мустафин көш., 8 мекенжайы бойынша орналасқан тұрғын үйдің жоғары қабаттарындағы су қысымын жақсарту үшін «Қарағанды Су» ЖШС 2016 жылдың 3 тоқсанында Жамбыл көшесі (Пичугин көшесінен бастап Солнечная көшесіне дейінгі апатты аумақ) бойындағы диаметрі 800 мм су құбырын ауыстыру жұмыстарын жүргізу жоспарлауда.
Бас директор Зейнұлқабден Т.