2023 ЖЫЛДЫҢ БІРІНШІ ЖАРТЫЖЫЛДЫҒЫНДАҒЫ «ҚАРАҒАНДЫ СУ» ЖШС ЕСЕБІ
2023 ЖЫЛДЫҢ БІРІНШІ ЖАРТЫЖЫЛДЫҒЫНДАҒЫ
«ҚАРАҒАНДЫ СУ» ЖШС ЕСЕБІ
2023 жылғы 31 шілдеде «Қарағанды Су» ЖШС бекітілген тарифтік сметалардың орындалуы, бекітілген инвестициялық бағдарламалардың орындалуы, реттеліп көрсетілетін қызметтердің сапасы мен сенімділігі көрсеткіштерінің сақталуы және серіктестік қызметінің тұтынушылар мен өзге де мүдделі тұлғалар алдында сумен жабдықтау және су бұрудың реттеліп көрсетілетін қызметтері бойынша тиімділік көрсеткіштеріне қол жеткізу туралы 2023 жылдың бірінші жартыжылдығы туралы есеп өткізді.
Есеп қоғамдық тыңдау түрінде өткізілді. «Қарағанды Су» ЖШС Бас директоры Д.Б.Исаев баяндама жасады. Баяндама барысында компанияның бірінші жартыжылдықтағы қызметі және есепті жылдың екінші жартыжылдығына арналған жоспарлары туралы ақпарат ұсынылды.
Тұтынушылар топтары үшін тарифтер Департаменттің 2021 жылғы 29 қыркүйектегі № 180-НҚ бұйрығымен 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді.
«Қарағанды Су» ЖШС сумен жабдықтау және су бұру бойынша тарифтік сметалар толық 2023 жылға бекітілді. Бірінші жартыжылдықта орындалатын жұмыстардың маусымдылығына байланысты жыл бойына жоспарланған барлық жұмыстар бойынша мемлекеттік сатып алу рәсімдері жүргізілді, тендерлердің қорытындысы бойынша жұмыстарды орындауға және материалдарды сатып алуға шарттар жасалды.
2023 жылға арналған сумен жабдықтау қызметі бойынша бекітілген инвестициялық бағдарламаның жалпы құны 1 млрд. 419 млн. теңгені құрайды, оның ішінде 390 млн. теңге сомасындағы қосымша инвестициялық міндеттемелер Департаменттің 01.06.2023 жылғы № 31-НҚ бұйрығымен бекітілген. Инвестициялардың басым бөлігі су құбыры желілерін күрделі жөндеу және салу жұмыстарына бағытталған (1 млрд. 332 млн. теңге), 15,7 км. су құбыры желілерін қайта жаңарту жоспарлануда. Инвестициялардың бір бөлігі «Нұрлы Жол» бағдарламасы бойынша бюджеттік кредиттеу бойынша негізгі борышты өтеуге бағытталады (55 млн. теңге). Су тазарту құрылыстарын жаңғыртуға 32 млн. теңге қарастырылған.
Су бұру қызметі бойынша 2023 жылға бекітілген инвестициялық бағдарламаның құны 2 млрд. 560 млн. теңгені құрайды, оның ішінде 1 млрд. 993 млн. теңге сомасындағы қосымша инвестициялық міндеттемелер. Желілерге күрделі жөндеу жүргізуге 2 млрд. 240 млн. теңге бағытталады, 6 шақырым кәріз желілерін ауыстыру жоспарланған.
Жаңартылған су құбыры және кәріз желілерінің учаскелерін қаланың қолданыстағы сумен жабдықтау және су бұру жүйесіне қосу бойынша жұмыстар жүргізілуде. Тұтынушыларға компанияның ресми сайты арқылы жүргізілетін жұмыстарға байланысты қызметтерден ажырату туралы алдын ала хабарланады: www.kar-su.kz , Instagram @karagandysuжәне Facebook @ karagandasu, сондай-ақ бұқаралық ақпарат құралдары арқылы.
Серіктестік тұтынушыларды толық көлемде сапалы қызмет көрсетумен қамтамасыз ету үшін бар күшін салады.
2023 жылдың бірінші жартыжылдығында бекітілген тарифтік сметалардың орындалуы, сумен жабдықтау және су бұрудың реттеліп көрсетілетін қызметтері бойынша бекітілген инвестициялық бағдарламалардың орындалуы туралы толық ақпарат «Қарағанды Су» ЖШС сайтында орналастырылған: www.kar-su.kz («Тұтынушы үшін» қосымша парағы).