Құрметті тұтынушылар! Есептегіштердің көрсеткіштерін және пломбалауға өтінімдерді онлайн боттар арқылы жіберуге болады: WhatsApp +7 778 089 4931 Telegram @ qaragandy _su_bot

Көпшілікке арналған шарт

be1.ru

Бас директордың 2020 жылғы 29

 желтоқсандағы 1005 бұйрығымен бекітілген

Сумен жабдықтау және/немесе су бұру

қызметтерін ұсынуға арналған

жария шарт

 

Қарағанды қ.

« 30» қаңтар 2021 ж.

Сумен жабдықтау және/немесе су бұрудың көрсетілетін қызметтерінің үлгілік шартына[1]және Қазақстан Республикасының заңнамасынасәйкес дайындалғаносы жария шарт (бұдан әрі – Шарт), «Қарағанды Су‎» Жауапкершілігі шектеулі серіктестігі,(бұдан әрі «Жеткізуші‎»), елді мекендердің сумен жабдықтау және су бұру жүйелеріне қосылған,Қызметтерді шарушылық-тұрмыстық мақсаттапайдаланатын жеке және заңды тұлғаларға, (бұдан әрі «‎Тұтынушылар)»,сумен жабдықтау және су бұру қызметтерін ұсыну (бұдан әрі – Қызметтер) бойынша шарттарды белгілейді. Бірлесіп «Жеткізуші‎» мен «‎Тұтынушылар» шарт бойынша «Тараптар» деп аталады.

1 Терминдер мен анықтамалар, қысқартулар мен белгілеулер

1.1 Объектілер мен мүдделі тараптарға қатысты терминдер

1.1.1 «Қарағанды Су‎» Жауапкершілігі шектеулі серіктестігі (Жеткізуші): сумен жабдықтау және су бұру бойынша Тұтынушыларға қызметтер көрсету мақсатында елді мекенді сумен жабдықтау және су бұрудың толық технологиялық процесін жүзеге асыратын, сондай-ақ тұтынушылардың сумен жабдықтау және су бұру жүйелерінің жай-күйіне техникалық қадағалауды жүзеге асырушы, елді мекендегі жалпы сумен жабдықтау және су бұру жүйелерін реттейтін, пайдаланатын және бақылайтын су шаруашылық ұйымы.

1.1.2 Қызмет берушінің өкілі: суды есепке алу аспаптарын, суды есепке алу тораптарын және сумен жабдықтау және су бұру жүйесін тексеруге, суды есепке алу аспабын пайдалануға (пломбалауға) (5.4), суды есепке алу аспабының пломбасын шешуге, хабарландыруларды табыс етуге, Қызметтерді уақытша тоқтатуға, суды есепке алу аспабының көрсеткіштерін салыстыруға және шешуге өкілеттігі бар Қызмет берушінің абоненттік/эксплуатациялық бөлімшесінің қызметкері.

1.1.3Қызмет берушінің абонентік бөлімшесі:келесі функцияларды атқаратын Қызмет берушінің құрылымдық бөлімшесі:

1) суды есепке алу торабын коммерциялық пайдалануға рұқсат беру. (5.4);

2)Тұтынушының сумен жабдықтау және су бұру жүйелерін тиісті пайдалануын екі жақты акт толтыра отырып тексеру, және оның нәтижелері бойынша Тұтынушыға хабарландыруларды табыс ету және Тұтынушының ай сайын беретін көрсеткіштерді тоқсан сайын салыстыру және оларды қабылдауды ұйымдастыру;

3) Қызмет берушінің абоненттік бөлімшелерінде және кіріс қоңыраулары арқылы Тұтынушыларға анықтамалық-ақпараттық кеңес беру;

4) Қызмет беруді,суды есепке алу торабы жабық күйінде,құбыр желісінің көрінетін үзік және т.б.тиектеулі арматураға (шұраға, кранға) пломба қоюарқылы уақытша тоқтату (3.1);

5) Тұтынушының жеке есеп шотында мәліметтердің өзгерістерін енгізу;

6) дебиторлық қарыздарды азайту бойынша шараларды іске асыру: көрсетілген Қызметтер бойынша қарыз туралы Тұтынушыны хабардар ету, қарызға байланысты Тұтынушыға Қызмет беруді тоқтата тұру,дебиторлық қарызды мәжбүрлі түрде өндіріп алу.

1.1.4 Қызмет берушініңэксплуатациялық бөлімшесі: келесі функцияларды атқаратын Қызмет берушінің құрылымдық бөлімшесі:

1) Қызмет берушімен пайдаланылатынелді мекендегі сумен жабдықтау және су бұру жүйелеріне Тұтынушының сумен жабдықтау және су бұру жүйелерін қосу;

2)Қызмет берушініңтеңгерімдік тиесілілігішекарасында (пайдалану жауапкершілігінде) орналасқан, елді мекендегі сумен жабдықтау және су бұру жүйелерін пайдалану және оларға қызмет көрсету;

3) осы шартта бекітілген тәртіп бойынша елді мекендегі сумен жабдықтау және су бұру жүйелерінен Тұтынушының сумен жабдықтау және су бұру желілерін ажырату (3.1тармағының 1) және 2)тармақшалары) және қосу (3.2тармағы).

Эксплуатациялық бөлімшелердің байланыс деректері Қызмет берушінің ресми сайтында http://kar-su.kz/ru/kontakty және осы Шарттың 11.3 бөлімшесінде көрсетінген

 

Сілтеме арқылы өту үшін ұялы телефонда  «‎Камера» қосымшасын ашып QR-кодқа бағыттаңыз

1.1.5Қызмет берушінің Call-орталығы: бірыңғай номер 8 (7212) 35 55 55 арқылы дауыстық байланыс арналарыбойыншажүгінулерді өңдеумен жәнеақпараттандырумен айналысатынҚызмет берушінің бөлімшесі.

1.1.6 Тұтынушы:Қызметтерді шарушылық-тұрмыстық мақсаттапайдаланатын, және елді мекендегі сумен жабдықтау және су бұру жүйелеріне қосылғанменшігінде немесе басқада заңды негіздер бойынша тұрғын үй және сумен жабдықтау және су бұру жүйелерінің элементтеріне ие жеке немесе заңды тұлға.

1.1.7 Тұрғын жай:белгіленген құрылыс, санитарлық, экологиялық, өртке қарсы және басқа да міндетті нормалар мен ережелерге сай кететін,тұрақты тұруға арналған және пайдаланылатын жеке тұрғын бірлігі (жеке тұрғын үй, пәтер, жатақханадағы бөлме).

1.1.8Пәтер: тұрақты тұруға арналған және пайдаланылатын, көпқабатты тұрғын үйдің бөлігі болып табылатын тұрғын жай.

1.1.9 Жеке меншік үй:тұрақты тұруға арналған және пайдаланылатын, бөлінбейтін бірыңғай жер телімінде орналасқан бірыңғай іргетасы баржеке бөлек тұрған ғимараттұрғын жай.

1.1.10 Жатақханадағы бөлме: еңбек шарты бойынша жұмыс істеушілерге, студенттерге (курсанттарға, аспиранттарға) және оқу кезеңінде оқушыларға және басқа да жатақхана иесімен немесе меншік иеленушісімен еңбек шартын жасасқан тұлғалардың тұруына арнайы салынған немесе қайта жабдықталған тұрғын жай.

1.1.11Биллингтік компания:Қызмет берушіменаутсорсинг әдісі арқылыбиллингтік мәліметтер базасын жүргізу, Тұтынушылардың Қызметтер үшін төлемдерін қабылдау және жеке есеп шоттарға бөлу, бірыңғай төлем құжатын жеткізу бизнес-процестеріберілгензаңды тұлға. 

1.1.12 Кондоминиум: жылжымайтын мүліктің жекелеген бөліктері жеке және/немесе заңды тұлғалардың жара/бөлек меншігінде болатын меншіктің ерекше нысаны немесе жылжымайтын мүліккебасқа құқық, жылжымайтын мүліктің бөлек меншікте болмайтын бөлігі, соның ішінде жер учаскесіоған үлестік меншік құқығында тиісті және бөлік меншікте болатын жылжымайтын мүлік бөлігінен ажыратылмайды.

1.1.13 Уәкілетті органның ведомствосы: табиғи монополиялар тиесілі саласында басқаруды жүзеге асыратын мемлекеттік органның ведомствосы;

Ескертпе – Шарттың бекітілу кезде уәкілетті органның ведомствосы болып Қазақстан Республкасы Ұлттық экономика министрлігінің Қарағанды обласы бойынша Табиғи монополяларды реттеу, бәсекелестікті және тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитеті Департаменті табылады- https://www.gov.kz/memleket/entities/krem?lang=ru.

1.1.14Қызмет берушінің ақпараттық ресурстары: Қызмет беруші Тұтынушыларға жария түрде мәлімет беретін бұқаралық ақпарат құралы(мысалы, сайт http://kar-su.kz/, Instagram @karagandysu, Facebook @karagandasu).

1.1.15Құрылыс салушы: жер теліміне иелік ететін немесе жалға алу құқығы бар және осы жер теліміндеалынған құрылыс рұқсаты негізінде өндірістік объектілерді қоспағанда,көппәтерлі тұрғын үйлерді және (немесе) басқа жылжымайтын мүлік объектілерін салу (құру) үшін Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес үлестік құрылысқа қатысушылардан қаражат тартатын немесе өз қаражаты негізінде салатынзаңды заңды тұлға.

1.2 Суды коммерциялық есепке алуға қатысты терминдер

1.2.1 Энергия тұтынуды есепке алудың автоматтандырылған жүйесі(бұдан әрі – ЭТЕАЖ) - коммерциялық есепке алу құралдарынан деректерді коммерциялық есепке алуды, қашықтықтан жинауды, сақтауды, талдауды жүзеге асыратын есепке алудың автоматтандырылған жүйесі.

1.2.2 Суды есепке алу аспабы – нормаланған метрологиялық сипаттамалары бар суды есепке алу торабының элементі, белгілі бір уақыт аралығы ішінде физикалық шама бірлігін жаңғыртатын және сақтайтын, Қазақстан Республикасының Заңнамасында белгіленген тәртіппен суды коммерциялық есепке алу үшін қолдануға рұқсат етілген,міндетті тәртіппен импульстік шығуы немесе деректерді қашықтықтан беру құрылғысы бар,судың (ауызсу, техникалық, сарқынды және сулардың басқа да түрлерінің) көлемін өлшеуге арналған техникалық құрал;

Үйге ортақ суды есепке алу аспабы (ҮОС): кондоминиумныңсумен жабдықтау және су бұру жүйесінде шығындарды есепке алу мақсатында кондоминиум қатысушыларыныңпайдалану жауапкершілігішекарасына орнатылатын жәнежоғары метрологиялық нақтылық класы бар және деректерді қашықтықтан беру құрылғысымен жабдықталған суды есепке алу аспабы.

1.2.3Суды есепке алу аспабын салыстырып тексеру:суды есепке алу аспабынның бегіленген техникалық және метрологиялық талаптарға, оның ішінде осы Қағидалардың[2] талаптарына сәйкестігін анықтау және растау мақсатында аккредиттелген заңды тұлғалар орындайтын операцялар жиынтығы.

1.2.4Суды есепке алу торабы: келесі элементтерден тұратын құрылғылардың жүйесі: тиектеулі арматура (кран, шұра), сүзгі, жалғастыру штуцері, суды есепке алу аспабы, деректерді қашықтықтан беру құрылғысы (модем), манометр, айналма желі, кері клапаны баржалғастыру штуцері.

1.2.5Деректерді қашықтықтан беру құрылғысы(модем): суды есепке алу аспабының импульс санын есептеу арқылыұсынылған Қызметтердің көлемін анықтауға және Қызмет берушінің деректерді жинау-беру құрылғысына деректерді жіберуге арналғанэлектронды техникалық құрал.

1.2.6Абаттандыру деңгейі: Тұтынушыны коммуналдық қызметтерді ұсыну үшін пайдаланылатынсумен жабдықтау және су бұру жүйелерінің және тұрғын үй жабдықтарының болуы.

1.2.7Тұтынушының жеке есеп шоты:ұсынылған Қызметтердің көлемін есептеуге, қалыптастыруға және төлем құжатын жеткізуге қажет барлық қаржы операциялары мен дербес деректер көрсетілетінТұтынушымен есеп айырысу есебін жүргізуге арналған шот.

1.3 Сумен жабдықтау және су бұру жүйелеріне қатысты терминдер

1.3.1 Елді мекенніңсумен жабдықтау және су бұру жүйесі:Қарағанды қ., Ақтас к., және Сұрыптау к., бойынша Қызмет беруші пайдаланатын және қызмет көрсететін, құбыржолдардан, коллекторлерден, каналдардан жәнеоларға арналған құрылыс пен жабдықтардан тұратын сумен жабдықтау және су бұру жүйелерінің жиынтығы.

1.3.2Тұтынушының сумен жабдықтау және су бұру жүйесі: құбыржолдар жүйесінен, оларға арналған жабдықтар мен құрылыстардан, және коллекторлер, каналдаржүйесінен және оларға арналған құрылыстардан тұратын Тұтынушының сыртқы және ішкісумен жабдықтау және су бұру жүйесі.

1.3.3Пайдалану жауапкершілігін бөлу шекарасы:тараптардың келісімімен белгіленетін міндеттер (оларды пайдалану жауапкершілігі) белгісі бойынша сумен жабдықтау және су бұру жүйелері элементтерінің бөлу орны. Мұндай келісім болмаған кезде пайдалану жауапкершілігінің шекарасы теңгерімдік тиесілілігін бөлу шекарасы бойынша белгіленеді.

1.3.4Теңгерімдік тиесілілігін бөлу шекарасы:сызбада көрсетілетін меншіктік, шаруашылық жүргізу немесе жедел басқару белгісі бойынша иеленушілер арасындағы сумен жабдықтау және су бұру жүйелерінің элементтерін бөлу орны.

1.3.5Оқшау тазарту құрылыстары:тұтынушының өзінің сарқынды су бұру жүйесіне ағызу алдында оларды тазартуға арналған құрылыстары мен құрылғыларының жиынтығы.

1.3.6Бақылау құдығы: тұтынушының сарқынды суларының сынамасын іріктеуге және оның көлемін есепке алуға арналған оның су бұру жүйесіне қосылуы алдындағы тұтынушыныңсу бұру желісіндегі соңғы құдық.

1.3.7Су бұру жүйесіне шығару:ғимараттан немесе құрылыстан су бұру желісіндегі бірінші құдыққадейінгі құбыр.

1.3.8Су құбырын енгізу: қосылу нүктесіндегі тиекті арматурасы бар құдықты қоса алғанда, ғимараттағы бірінші ысырмаға дейінгі сумен жабдықтаудың тарату желісіндегі құбыр.

1.3.9Сумен жабдықтау және су бұру жүйелеріне қосылу:елді мекенніңсумен жабдықтау және су бұру жүйелеріне күрделі құрылыс объектілерінің, оның ішінде Тұтынушының сумен жабдықтау және су бұру жүйелерінің технологиялық қосылуы.

1.4 Көлемдерді есептеулерге және құндарына қатысты терминдер

1.4.1 Есептік кезең: Тұтынушының қызмет үшін есептесуі жүретін айдың бірінші күнінің 00:00 сағатынан бастап соңғы күнінің24:00 сағатына дейінгі бір күнтізбелік айға тең уақыт кезеңі ретінде Шартта анықталған кезең.

1.4.2 Судың коммерциялық есебі:Тараптар арасында өзара есеп айырысу үшін қажетті су көлемін есепке алу.

1.4.3 Төлем құжаты: Қызмет берушінің көрсеткен қызметтерін (тауарлар, жұмыстар) төлеу үшін жасалған және олардың негізінде төлемдер жүргізілетін құжат (шот, хабарлама, түбіртек, шот-ескерту, бірыңғай төлем құжаты).

1.4.4 Су тұтыну нормасы:нақты елді мекендегібір адамның, бір жануардың, жеке қосалқы шаруашылықтың тәуліктік қажеттілігін қанағаттандыру немесе суармалы ауданның бір бірлігіне арналған су мөлшері. Су қтұтыну номалары Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» заңының 27бабының1тармағының 34)тармақшасына сәйкес жергілікті атқарушы органдармен бекітіледі.

1.4.5 Құбырдың толық өткізу қабілеттілігі:1,0 d (d – құбырдың ішкі диаметрі) тең толған кездері және оның тәулігіне 24 сағат бойы әрекет етуі кезінде су қозғалысының жылдамдығы секундына бір метр кезіндегі су шығыны.

1.4.6Қызметтер тарифі:реттелетін қызметтер құнының уәкілетті орган ведомствосымен бекітілген ақшалай құны.

Елді мекендегі Қызметтерге қолданыстағы тариф Қызмет берушінің ресми сайтында көрсетілген http://kar-su.kz/ru/tarify.

 

Сілтеме арқылы өту үшін ұялы телефонда  «‎Камера» қосымшасын ашып QR-кодқа бағыттаңыз

1.4.7Қызметтерді шаруашылық-тұрмыстық тұтыну: тұрғын жайда тіршілік етуге қажет сапада және көлемде сумен жабдықтау және су бұру Қызметтеріншаруашылық-тұрмыстық мақсатта тұтыну. Бұл Шартта қарастырылады.

1.4.8Қызметтерді коммерциялық тұтыну:тұлғаларға өздерінің коммерциялық қызметін жүзеге асыру, өндірістік процестерін сумен және өндірістік сарқынды сулармен қамтамасыз ету мақсатында қажетті сапа және көлемдесумен жабдықтау және су бұру Қызметтерінтұтыну. Бұл Шартта қарастырылмайды.

1.4.9Суды есепке алу торабына жібермеу– Қызмет беруші өкілінің сарқынды сулардың сынамаларын алу үшін аумақта орналасқан немесе шаруашылық қаруындағы сумен жабдықтау және су бұру жүйелерінің барлық элементтерінің көрсеткіштерін алу және жұмысқа қабіліеттілігін тексеру, техникалық жай-күйін және қауіпсіздігін бақылау үшін суды есепке алу торабына рұқсат беруден Тұтынушының бас тартуы (кедергі келтіру).

2 Шарттың мәні менжалпы ережелер

2.1 Жария шарттың күші

2.1.1 Осы Шарт Сумен жабдықтау және(немесе) су бұру жөніндегі көрсетілітін қызметтерді ұсынуға арналған үлгі шарт[3] және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес дайындалған және Қызметтерді ұсыну бойынша талаптарды белгілейді.

2.1.2 Осы Шарттың талаптары барлық Тұтынушыларға таратылады және2013ж. 15 қарашасындағы №143 «Взгляд на события‎» республикалық ақпараттық-жарнамалық газетінде жарияланған алдыңғы «Жеке тұлғаларға сумен қамту және(немесе) ағын суларды бұру қызметтерін ұсынуға жария келісім-шарттын» ауыстырады.

2.1.3 Қызметтерді ұсыну талаптары Қызмет берушінің ақпараттық ресурстарында және басылым бұқара ақпарат құралдарында бірінші жария етілген күнінен 30(отыз) күнтізбелік күн өткеннен кейін осы Шарт бойынша анықталады. Шарттың талаптарымен келіспеген жағдайда, Тұтынушы 30 (отыз) күнтізбелік күн ішінде Шарттың талаптарына қосылудан бас тарту және белгіленген тәртіппен Шартты бұзу туралы  (10.3)Қызмет берушіге жазбаша түрде хабарлауға құқылы.Тұтынушының Шарттың талаптарына қосылудан бас тарту туралы өтініші Қызмет берушіге белгіленген мерзімде түспеуі, Тұтынушымен осы Шартта көрсетілген (Қызметтерді пайдалану, қызметтерді төлеу және т.б.) талаптарды орындау әрекетін жасауға тең екендігін, Тұтынушымен Шарттың талаптарын сөзсіз қабылдауын және жалпы оның Шартқа қосылуын білдіреді. 

2.1.4 Қосылу ретіне қарамастан (өз бетінше немесе белгіленген тәртіп бойынша[4]) елді мекеннің сумен жабдықтау және су бұру жүйелеріне Тұтынушының сумен жабдықтау және су бұру жүйелерінің және тұрғын жайының қосылу сәтінен бастап осы Шарт жасалған болып табылады. Тұтынушы елді мекеннің сумен жабдықтау және су бұру жүйелеріне оның сумен жабдықтау және су бұру жүйелерінің және тұрғын жайының қосылу күнінен бастап осы Шарттың талаптарымен келіседі.

Осы Шарттың талаптарымен келіспеген жағдайда, Тұтынушы елді мекеннің сумен жабдықтау және су бұру жүйелеріне оның сумен жабдықтау және су бұру жүйелерінің және тұрғын жайының қосылу күнінен бастап 30 (отыз) күнтізбелік күн ішінде Қызмет берушігеҚР заңнамасында белгіленген тәртібі бойынша жазбаша түрде келіспеушіліктер хаттамасымен жүгінеді. Қызмет беруші келіспеушіліктер хаттамасын алғаннан бастап 30күнтізбелік күн ішінде қарастырады және Тұтынушыны оның редакцисындағы шартты қабылдауы не келіспеушіліктер хаттамасын қабылдамауы туралы хабардар етеді.Қызмет берушімен келіспеушіліктер хаттамасын қабылдамау жағдайында Тұтынушы келіспеушіліктер хаттамасын сот органдарының қарауына жолдайды. Шарт жасасудан негізсіз жалтарған Тұтынушы басқа тарапқа шарт жасасудан бас тартудан туындаған шығындардың орнын толтыруға міндетті.Тараптардың келісуі бойынша сумен жабдықтау және су бұру қызметтеріне жеке шарт жасалуы мүмкін. Елді мекеннің сумен жабдықтау және су бұру жүйелеріне Тұтынушының тұрғын жайының өз бетінше қосылу жағдайында Қызмет беруші Қызмет ұсынуды уақытша тоқтатады және Тұтынушының тұрғын жайының сумен жабдықтау және су бұру жүйелерін осы Шарттың3.1тармағының6)тармақшасынасәйкестехникалық талаптарға сәйкессіз деп танып және. 5.2.1тармағының 6)тармақшасынажәне 5.2.2тармаққа сәйкесұсынылған Қызметтердің есептелінбеген көлемдеріне есептеу жүргізеді. Осы Шарттың 2.3.2тармағына сәйкес жеке есеп шот ашылғаннан және бұзушылық жойылғаннан кейін Қызмет беруші Тұтынушыны тәртіп бойыншаосы Шарттың 3.2тармағына сәйкес қосады.

2.1.5 Қызмет беруші, Қазақстан Республикасының заңнамасының талаптарын және Шарт ережелерін басшылыққа ала отырып өзінің ақпараттық ресурстарында Шартқа өзгерістер және/немесе толықтырулардың күшіне енуіне30 (отыз) күнтізбелік күннен кешіктірмей Шарттың өзгертілген редакциясынжариялау арқылы өзгерістер және/немесе толықтырулар енгізе алады. Тұтынушы, өзгерістер және/немесе толықтырулармен келіспеген жағдайда Қызмет берушіге осындай өзгерістер және/немесе толықтырулардың күшіне ену күніне дейінжазбаша түрде өтініш беру арқылы Шарттың 2.1.4тармағының тәртібімен Шарттан бастартуға құқылы.

2.2 Шарттың мәні

2.2.1 Осы шарттың талатарына, Тараптадың міндетемелері (6), шектеулері (7)мен жауапкершіліктеріне (8) сәйкесҚызмет беруші Қазақстан Республикасының заңнамасына сай келетін қызметтерді Тұтынушыға тәулік бойы ұсынады, ал Тұтынушы ұсынылған Қызметтерді осы Шартта анықталған тәртіппен және уақытылы (4.2), көлемде (5) және тариф бойынша (4.1) төлейді.

2.2.2 Қызмет беруші елді мекеннің сумен жабдықтау және су бұру жүйелерін пайдалана отырып, Қазақстан Республикасының заңнамасының талаптарына, санитарлық қағидаларға, мемлекеттік стандарттарға сәйкес берілетін ауыз су сапасын қамтамасыз етеді.

2.2.3 Ауыз суды шаруашылық-тұрмыстық пайдалануға қолданатын Тұтынушы, оны өзіне қажеткөлемде қолданады және пайда болған ағынды суларды қажет көлемде елді мекеннің су бұру жүйесіне ағызады.

2.3 Жеке есеп шот

2.3.1 Тұтынушының елді мекеннің сумен жабдықтау және су бұру жүйелеріне қосылу сәтінен бастап Қызмет беруші Тұтынушыныңдербес деректерін жинау, жүйелендіру, қорландыру, өңдеу, сақтау мен өзекті қылу, пайдалану, иесіздендіру мен оқшаулау және оларды Биллингтік компанияға жіберуді жүзеге асырады, ал Тұтынушы Қызмет берушінің дербес деректерге қатысты іс-әрекеттерімен келіседі. Қызмет беруші ақпараттық сипаттағы хабарламаларды тарату үшін дербес байланыс деректерін (телефон, мекенжай, email, WhatsApp) пайдаланады.

Тұтынушының дербес деректерін жинау менөңдеуге келісімін кері шақыру Тұтынушының жазбаша түрдегі өтініші арқылы іске асырылады. Қызметтерді ұсыну Қызмет берушіде Тұтынушының дербес деректерінің болуына байланысты, және келісімді кері шақырған жағдайда Қызмет берушімен осы Шарттың3.1тармағының7)тармақшасынасәйкес Қызметтерді ұсыну уақытша тоқтатылуы мүмкін.

2.3.2 Елді мекеннің сумен жабдықтау және су бұру жүйесіне Тұтынушының сумен жабдықтау және су бұру желілерінің қосылу күнінен бастап 10 (он) күнтізбелік күн ішіндеТұтынушы жеке есеп шот ашу туралы жазбаша өтінішіменҚызмет берушініңабоненттік бөлімшесіне (11.2)жүгінеді. Жеке есеп шоттың уақытылы ашылмаған жағдайында Қызмет беруші осы Шарттың 3.1тармағының7)тармақшасынасәйкес Қызметтерді ұсынуды уақытша тоқтатады.

Жеке есеп шотты ашуға қажет құжаттар тізімі Қызмет берушінің ресми сайтында көрсетілгенhttp://kar-su.kz/account

Сілтеме арқылы өту үшін ұялы телефонда  «‎Камера» қосымшасын ашып QR-кодқа бағыттаңыз

2.3.3 Тұрғын жай иесінің тегі, тұрғындар саны, суару ауданы, тұрғын жайдың нысаналы мақсаты, ұялы телефон нөмірі, үй телефоны, абаттандыру деңгейі және су тұтыну нормасы ұлғаюына алып келетін басқа да өзгерістер болған жағдайда, Тұтынушы Қызмет берушінің абоненттік бөлімшесіне 30 (отыз) күнтізбелік күн ішіндежазбаша түрдежүгінеді.

Тұрғын жайдың жаңа меншік иесіне өту жағдайында, Тұтынушы – жаңа меншік иесіжеке есеп шотты қайта рәсімдеу үшінҚызмет берушінің абоненттік бөлімшесіне жазбаша өтінішпен жүгінеді.

Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінің 188бабының1 тармағына сәйкес меншік құқығы тұрғын жай меншікті берумәмілесі жасалған кезде болған барлық жүктемелерімен Тұтынушыға - жаңа меншік иесіне беріледі. Жеке есеп шот жаңа меншік иесіне қалады.

Жеке есеп шотты қайта рәсімдеуге қажет құжаттар тізімі Қызмет берушінің ресми сайтында көрсетілген http://kar-su.kz/reaccount.

Сілтеме арқылы өту үшін ұялы телефонда  «‎Камера» қосымшасын ашып QR-кодқа бағыттаңыз

2.4Ақпаратпен қамтамасыз ету

2.4.1 Қызмет берушіТұтынушылаға арналған барлық жария ресми хабарландыруларды өзінің ақпараттық ресурстарында (1.1.14)жариялайды:

1) анықталған күні елді мекеннің сумен жабдықтау және су бұру жүйелерінде апаттық жағдайлар туралы;

2) елді мекеннің сумен жабдықтау және су бұру жүйелерінде үш жұмыс күнінен кем емес уақытта алдын ала жоспарлы жұмыстар туралы;

3)Қызмет берушінің Тұтынушылар алдында есеп беру тыңдалымдары, бекітілген тарифтік сметасының орындалуы туралы жарты жылдық және жылдық қорытындылар жөнінде, сапа көрсеткіштерінің сақталуы мен Қызметтердің сенімділігі және қызметтердің тиімділік көрсеткіштерге қолжеткізуі туралы;

4)қолданысқа енгізуге дейін отыз күнтізбелік күннен кешіктірмейтарифтердің өзгергендігі туралы;

5) Қызмет берушінің басқа да хабарландырулары.

Есерту – Қызмет берушінің жария ақпараттық ресурстары болып 1) Веб-сайт:  http://kar-su.kz/ru; 2) Instagram: @karagandysu;  3) Facebook:  @karagandasu; 4) БАҚ (ТВ, газет басылымдары және т.б.) табылады.

2.4.2 Нақты бір Тұтынушыға қатысты ресми хабарландырулар келесі тәсілдердің біреуі арқылы жеткізіледі: Қызмет берушінің өкілдері арқылы, Қызмет берушінің электрондық поштасы арқылы (...@kar-su.kz), SMS, WhatsApp, тапсырыс хат немесе төлем құжатымен бірге:

1) ағымдағы берешек туралы (төлем құжаты, сотқа дейінгі бітімгершілік талап);

2) Тұтынушының жүгінулеріне жауаптар;

3) салыстырып тексеру мерзімінің өтуіне дейін 30 күнтізбелік күнбұрын есепке алу аспаптарын салыстырып тексеру қажеттілігі туралы;

4) Қызмет берушінің басқа да хабарландырулары.

2.4.3 Қызмет беруші Тұтынушығаоператорлық қызметтердің (11.2)телефон нөмірлерін ұсыну және Қызмет берушінің ресми сайтындакөрсеткіштерді қабылдау сервисін жұмыс жағдайында ұстау арқылыосы Шарттың 5.1.1тармағының талап тәртібімен Тұтынушының көрсеткіштерін беру мүмкіндігінқамтамасыз етеді.Қызмет берушіCall-орталығының бірыңғай телефон нөмері 8 (7212) 35 55 55 бойынша жұмыс істеуін қамтамасыз етеді.

Көрсеткіштерді Қызмет берушінің ресми сайтында беруге болады http://kar-su.kz/ru/user

 

Сілтеме арқылы өту үшін ұялы телефонда  «‎Камера» қосымшасын ашып QR-кодқа бағыттаңыз

2.4.4 Қызмет берушінің ресми сайтында бас директордың блогына (http://kar-su.kz/ru/blog), Instagram (@karagandysu), Facebook (@karagandasu) және басқа да ақпараттық ресурстар арқылы келіп түскен Тұтынушылардың барлық жүгінулері Қызмет берушімен Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 12 қаңтардағы«Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» № 221-III Заңына сәйкес қарастырылады. Үшінші тұлғалар Тұтынушылардыңанонимдік шағымы туралы жүгінуі жағдайындаҚызмет берушіТұтынушылардың дербес деректерін жария етпей, үшінші тұлғаға жария деректердіұсынады.

2.4.5 Қызмет беруші30 күнтізбелік күн бұрын өзінің ресми ақпарат ресурстарында жария хабарлау арқылы, табиғи монополиялар субъектілерінің қызметін реттеу қағидаларына сәйкесТұтынушылар алдында есеп беру тыңдалымдары, бекітілген тарифтік сметаның орындалуы туралы жарты жылдық және жылдық қорытындылар жөнінде, сапа көрсеткіштерінің сақталуы мен Қызметтердің сенімділігі және қызметтердің тиімділік көрсеткіштерге қолжетізуі туралыжария тыңдалымдардыұйымдастырады және өткізеді.

3 Қызметтерді уақытша тоқтату талаптары

3.1 Тұтынушыға Қызмет ұсынуды уақытша тоқтату Қызмет берушінің өкілдерімен келесі жағдайларда іске асырылады:

1) Қызмет берушімен алдын ала жоспарлы жұмыстар, елді мекеннің сумен жабдықтау және су бұру жүйелеріне қызмет көрсету жұмыстары, сумен жабдықтау желілерін залалсыздандыру, сонымен қоса елді мекеннің сумен жабдықтау және су бұру жаңа жүйелерін қосу жұмыстарын жүргізу;

2) азаматтардың қауіпсіздігіне және өмірлеріне қауіп тудыратын, Тұтынушының немесе елді мекеннің сумен жабдықтау және су бұру жүйесінде апаттық жағдай;

3)елді мекеннің сумен жабдықтау және су бұру жүйесіне Тұтынушыныңсумен жабдықтау және су бұру жүйесінің өз бетінше қосылуы;

4) есеп айырысу кезеңiнен кейiнгi екі айдың iшiнде көрсетілетін қызметтер үшiн сонымен қоса осы Шарттың 8.2тармағына сәйкес Қызмет берушінің шығындар төлемақылары жасалмауы.

5) Қызмет берушінің абоненттік бөлімше өкілдерін Тұтынушының шаруашылық жүргізуінде немесеаумағында орналасқан сумен жабдықтау және су бұру жүйесінің барлық элементтерінің қауіпсіздігін және техникалық күйін бақылауға,жұмысқа қабілеттілігін тексеруге, суды есепке алу аспаптарынан көрсеткіштерді салыстыруға және суды есепке алу торабтарын тексеругебірненше ретжібермеу (кедергі келтіру);

6) Тұтынушының сумен жабдықтау және су бұру жүйесінің техникалық қанағаттанарлықсыз жағдайы (5.3 тармақ) және анықталған бұзушылықтар және ақаулықтар жою туралы Қызмет берушінің жазбаша талаптарын (хабаландыруларды,ұйғарымдарды, хабар қағаздарды, Шарт талаптарымен сәйкессіздік актілерін) орындамау;

7) Жеке есеп шотты уақытылы емес ашу(елді мекеннің сумен жабдықтау және су бұру жүйесіне Тұтынушының тұғын жайының және сумен жабдықтау және су бұру желілерініңқосылу күнінен бастап 10 (он) күнтізбелік күн ішінде)немесе оны ашу үшін дербес деректердің объективті мағлұматтарын (тұлғаны сәйкестендіргіш деректер, жер телімі және тұрғын жай объектісі иесі туралы деректер, тұрғын жайда тіркелеген тұлғалар туралы деректер, объектінің техникалық сипаттамасы туралы деректер және т.б.) ұсынбау;

8) Қызметтерді мақсатқа сай пайдаланбау, яғни Қызметтердің коммерциялық мақсатта пайдалануы (1.4.8);

9) Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерімен және Тараптардың келісуімен қарастырылған басқа жағдайларда.

 Осы тармақтың 2), 3),6)және8)тармақшаларында қарастырылған жағдайларда Қызметтерді ұсынуды уақытша тоқтату дереу жүргізіледі және ол туралы Тұтынушы уақытша тоқтату кезінде хабардар етіледі. Осы тармақтың 4)және 5)тармақшаларында қарастырылған жағдайларда Тұтынушы Қызметтерді ұсынуды уақытша тоқтату кезінен кем дегенде бір ай бұрын ескертіледі. Осы тармақтың 1)тармақшаларында қарастырылған жағдайларда Қызметтерді ұсынуды уақытша тоқтату туралыТұтынушы кем дегенде үш жұмыс күні бұрын ескертіледі. Осы тармақтың7)тармақшаларында қарастырылған жағдайларда Қызметтерді ұсынуды уақытша тоқтату туралыТұтынушы кем дегенде 10 (он) күнтізбелік күн бұрын ескертіледі.

Осы тармақтың 3), 4), 5), 6), 7)және8)тармақшаларында қарастырылған жағдайларда Қызметтерді ұсынуды уақытша тоқтату кезінде сумен жабдықтау және су бұру қызметтерді ұсынуды уақытша тоқтату туралы акт екі данада толтырылады. Тұтынушының қол қоюдан бас тарту жағдайында, бірақ Қызмет берушінің өкілдерінің үш адамнан кем есем құрамында немесеҚызмет берушінің өкілдері және кондоминимумобъектісінің басқару мекемесінің/мүшелерініңнемесе басқа да жалпы құрамда үш адмнан кем емесүшінші тұлғаларынқатысу талаптарымен рәсімделген акт жарамды деп саналады.

3.2 Осы Шарттың3.1тармағының3), 4), 5), 6), 7)және8)тармақшаларындақарастырылған негіздер бойынша тоқтатылған Қызметтерді ұсынуды жаңарту, Қызметтерді ұсынуды жарым–жартынемесетолық тоқтатуға әкеліп соққан жұмыстарды немесебұзушылықтарды жойған күні іске асырылады.

Осы Шарттың3.1 тармағының1)және2)тармақшаларындақарастырылған бұзушылықтар үшін тоқтатылған Қызметтерді ұсынуды жаңарту келесі жағдайлардан кейін іске асырылады:

1) Қызмет берушімен анықталған бұзушылықтарды жою;

2) ұсынылған Қызметтерүшін қарызды, қайта есептеу, қосымша есептеу,мемлекеттік баж және басқада сот шығындарын өтеу;

3) Қызмет берушімен екі жақты акт толтыру арқылы пломбалардың түгелдігін тексеру;

Ескерту–Барлық берешектерді төлегеннен кейін Тұтынушы шот-түбіртекте (бірыңғай төлем құжатында) және осы Шарттың 11.2тармағында көрсетілген Қызмет берушінің телефон нөмірлері арқылыпломбалардың түгелдігін тексеругетапсырыс беру мүмкіндігі бар

4) қосуға төлем (бірнеше рет өшіру кезінде) және Қызметтерге қосылуға рұқсат алу.

Ескерту–қайта қосылуға төлем төлеуден бұрын Тұтынушы Қызмет берушінің абоненттік бөлімшесінде Қызмет берушінің өкілдерімен кеңеседі. Кеңес алғаннан кейін Қызметтергеқайта қосылуға төлемді Касса24Терминалдары арқылы жүргізе алады.

4Қызметтерді төлеу тәртібі

4.1 Осы Шарт бойынша Қызмет берушімен ұсынылғанҚызметтер көлеміне(5) Тұтынушының төлемі уәкілетті орган ведомствосы бекіткен тарифтер бойынша жүргізіледі.Белгіленген тәртіппен Қызметтер тарифінің немесе су тұтыну нормасы менағынды бұрудың өзгеруі кезінде олар бойынша есептеулер олардың іске қосылу сәтінен бастап жүргізіледі және ол туралы Қызмет беруші өзінің ақпараттық ресурстарында 30 күнтізбелік күннен бұрын жария түрде хабарлайды.

Қызмет тарифтері Қазақстан Республкасы заңнамасымен орнатылған жеңілдіктер мен басымдылықтарды ескере отырып Қызметтерді ұсыну жағдайларынан өзге жерде барлық Тұтынушылар үшін тең дәрежеде орнатылады.

Елді мекендер Қызметтерінің қолданыстағы тарифтері Қызмет берушінің ресми сайтында көрсетілген http://kar-su.kz/ru/tarify.

 

Сілтеме арқылы өту үшін ұялы телефонда  «‎Камера» қосымшасын ашып QR-кодқа бағыттаңыз

4.2Төлемді Тұтынушы есептік кезеңнен кейінгі айдың 25 күніне дейінгі мерзімде ұсынылған төлем құжаты негізінде Қызмет берушімен нақты ұсынылған Қызметтер көлемі үшін ай сайын өзінің жеке есеп шотына кассалар[5], екінші деңгейлі банктер, терминалдар мен интернет-банкингтер[6]. арқылы төлеп отырады. Ұсынылған Қызметтер үшін төлем мерзімін өткізіп алған жағдайда Тұтынышы осы Шарттың 8.3тармағының тәртібімен Қызмет берушіге өсімпұл төлейді, сонымен қосаҚызмет беруші осы Шарттың 3.1тармағының 4)тармақшасының тәртібімен Қызметтерді ұсынуды уақытша тоқтатады.

Тұтынушыға бұрын жеткізілген төлем құжатын жоғалтқан жағдайда, ұсынылған Қызметтер төлемі Тұтынушының жүгінуі негізінде Қызмет берушімен берілген төлем құжаты көшірмесі бойынша төленеді. Жүгінген тұлғаның дербес деректері (АЖТ, ЖСН) Қызмет берушінің биллингтік базасымен сәйкес келмеген жағдайда, жүгінуші тұлға тұрғын жайға құқық белгілеуші құжаттарды жазбаша түрде ұсынады.

4.3 Тұтынушымен төлем құжатында көрсетілген берешекті толық емес көлемде төлеген жағдайда, төленген төлем сомасы келесі тәртіп бойынша үлестіріледі:

1) Қызметтер үшін берешек ең алғашқы төлем мерзімін өткізіп алғаннан бастап ең соңғысына дейінхронологиялық рет бойынша төленеді;

2) Қызметтер үшін ағымдағы есептеулерді төлеу;

3) өсімақыны төлеу (8.;
4) Қызмет берушіге тиесілі сот шығындарын (мемлекеттік баж, нотариалды шығындар, пошта шығыстары және т.б.) толық көлемінде төлеу;

5) жеке жағдайларда көрсетілген (5.2), ұсынылған Қызметтердің есептеулерін төлеу.

 4.4. Ұсынылған Қызметтер үшін төлемдердің төлеу мерзімін екі айдан артық өткізіп алған жағдайда, Қызмет беруші осы Шарттың 3 тарауыныңтәртібіне сәйкесҚызметтерді ұсынуды уақытша тоқтатады және сот органдарына және/немесе нотариусқа берешекті мәжбүрлеп өндіріп алу туралы қауым беру процесін басшылыққа алады.

 Ескерту–Қазақстан Респблкасының Азаматтық процестік кодексінің 108 бабының9)тармағына сәйкес Қызмет берушінің кейіннен сотқа жүгінген кезде дауды міндетті түрде сотқа дейін реттеу рәсімдеріндежұмсаған Қызмет берушінің пошта шығыстарысоттық шығындарға жатады.Қызмет берушінің сот органдарына жүгінген және оң шешім алған жағдайда, Қызмет берушінің пошта шығыстарына қатысты соттық шығындар Тұтынушыдан мәжбүрлемелі өндіріп алынуы немесе шот-түбіртекте (бірыңғай төлем құжатында) ұсынылуы мүмкін.

5 Қызметтерді жіберу және тұтынуды есептеу

5.1 Жалпы ережелер

5.1.1 Ұсынылатын Қызметтер көлемі Шарттың

5.4.2 тармағының тәртібі бойынша коммерциялық пайдалануға рұқсат берілген, суды есепке алу аспаб(тар)ының Тұтынушымен ай сайын 25 күннен кешіктірмей Қызмет берушінің төлем құжаттарында және басқада хабарландыруларында немесе Қызмет берушінің ресми сайтында http://kar-su.kz/ru/userкөрсетілген телефондар арқылы берілетіннемесе көрсеткіштерді қашықтықтан беру құрылғысынан алынатын көрсеткіштері бойынша анықталады. Қызмет берушінің абоненттік бөлімше өкілі Тұтынушының есепке алу аспабының көрсеткіштерінің дұрыс шешілуін және жіберілуін үш айда бір реттен сирек емес қадағалайды. Суды есепке алу аспабының Тұтынушымен берілген,не Қызмет беруші өкілімен шешілген, не болмаса көрсеткіштерді қашықтықтан беру құрылғысынан алынған көрсеткіштерінің суды есепке алу аспабының индикаторындағы көрсеткіштерден айырмашылығы болған жағдайда, Қызмет берушімен ұсынылған Қызмет көлеміне сәйкесінше қайта есептеулер суды есепке алу аспабының индикаторындағы көрсеткіштер негізінде және сол алынған көрсеткіштерді растау актісі толтырылуы арқылы жүргізіледі. АктҚызмет беруші өкілімен есепке алу аспабынТұтынушының қатысуымен көзбен тексеру арқылы толтырылады. Есепке алу аспабының дайындаушы зауыт белгілеген кемшілігі Қызмет берушінің Қызметінің есептеріне қайта есептеу жасауға негіз болып табылмайды.

5.1.2 Қызмет берушіні хабардар ете отырып, Тұтынушының Қызмет берушінің өкілімен коммерциялық есепке қабылданған дербес есепке алу аспабы кезекті тексеріске, жөндеу немесе ауыстырылуына және де Тұтынушының кінәсінен емес суды есепке алу аспабының ақаулығының анықталуынабайланысты уақытша жоқ болған кезеңінде,ұсынылған сумен жабдықтау қызметтер көлемі осы суды есепке алу аспабының алдыңғы үш айғы көрсеткіштерінесәйкес орташа шығыс анықталады,бірақ бір айдан аспайтын мерзімде.Белгіленген мерзім өткен соң және суды есепке алу аспабы болған жағдайда, ұсынылған Қызметтер көлемі су тұтыну нормаларын есептеу жолы арқылы анықталады, бірақ екі айдан аспайтын мерзімде.Белгіленген мерзім өткен соң коммерциялық есепке қабылданған суды есепке алу аспабы жоқ болғанда Тұтынушымен суды есепке алу торабының техникалық күйін (5.3) қалпына келтіру және Қызмет берушіні есепке алу аспабына жіберу(5.4).сәтіне дейін Қызмет беруші осы Шарттың 3.1тармағының6) тармақшасыныңнегізіндеҚызметтерді ұсынуды уақытша тоқтату құқығын өзіне қалдырады.

Тұрғындар саны тұрғын жайда тіркелген тұлғалар туралы мәліметтер негізінде анықталады. Тұрғын жайда тіркелген тұлғалар туралы мәліметтер жоқ болған жағдайда, тұрғындар саны нақты тұрғындар саны туралы акт бойынша анықталады. Актіге үй иесі (немесе оның өкілі/пәтерде жалдап тұрушы) немесе кондоминимумобъектісінің басқару органы/мүшесі қол қояды.

Тұтынушы ұсынылған Қызметтер көлемін су тұтыну нормалары бойынша есептеу кезеңіндетұрғын жайда тіркелген тұлғалардың уақытша жоқтығы туралы фактісін растайтын объективті дәлелдемелер ұсынған жағдайда, Қызмет көлемі осындай мерзімге нақты тіркелген адамдардың негізінде қайта қарастырылады.

Ескерту – объективті дәлелдемелерболып тұрғын жайда тұрмау фактісін растайтынқұжаттарболып табылады, мысалы, емдеу мекемесінен анықтама,басқа елді мекендегіжұмыс орнынан, оқу орнынан анықтама, шипажайға берілетін жолдама түбіртегі, уақытша тұру орнында тіркелу туралы анықтама, қонақ үйде және басқа да үй-жайларда тұруға төленген түбіртектер.

5.1.3 Үйге ортақ суды есепке алу аспабы бар, кондоминиум объектілерінде сумен жабдықтау және су бұру жүйелерінбірлесіп пайдаланатынТұтынушыларғасумен жабдықтаудың ұсынылатын Қызметтерінің көлемі мынадай тәртіппен анықталады: • есепке алу аспабы бар – жеке есепке алу аспаптарының көрсеткіштері бойынша(5.1.1); • есепке алу аспабы  уақытшажоқ – тұтыну нормалары бойынша (5.1.2).

Үйге ортақ есепке алу аспабының көрсеткіштері мен жеке есепке алу аспабының жиынтық көрсеткіштері сумен жабдықтау жөніндегі қызметтерді тұтыну нормалары бойынша есептелген көлемдер арасындағы айырмашылықты Тұтынушылар тұтынған судың көлемдеріне барабар төлеуге жатады.

5.1.4 Тұтынушыға көрсетілетін су бұру қызметтерінің көлемі сумен жабдықтау қызметтерін қоса алғанда, барлық сумен жабдықтау көздерінен (ыстық сумен жабдықтау, скважина мен өндірістік су) тұтынылатын судың жалпы көлеміне тең қабылданады. Су елді мекеннің су бұру жүйесіне жіберілетін Тұтынушысының сумен жабдықтаудың барлық көздері Қызмет берушінің техникалық талаптарына(5.3) сәйкес келетін суды есепке алу торабтарымен жабдықталған, және осы Шарттың5.4бөлімшесінің талаптарына сәйкес коммерциялық пайдалануға рұқсат етіледі.

5.1.5 Қызмет берушімен жеткізілген, Тұтынушымен қайтарымсыз суаруға пайдаланылған, елді мекеннің су бұру жүйесіне ағызылмайтын су ұсынылған су бұру Қызметтерін есептеу кезінде ескерілмейді және Қызмет берушінің техникалық талаптарына сай келетін(5.3), суаруға су құбырын енгізу орнында орнатылған, суды есепке алу аспабының көрсеткіштері бойынша есептелінеді.

5.1.6 Елді мекеннің сумен жабдықтау жүйесіне қосылмаған және (немесе) басқа қосымша сумен жабдықтау көздері бар су бұру Қызметінің Тұтынушысы жеке есеп шот ашады және Қызмет берушіге тіркелген тұлғалар туралы мәлеметтер дербес деректерін және осы Шарттың 2.3 бөлімшесінің талаптарына сәйкес су бұру жүйелеріне жіберілетін ағын сулардың нақты көлемін есептеуге қажетбасқа дамәліметтерді ұсынады. Тұтынушымен елді мекеннің су бұру жүйесіне ағызылған ағын суларының көлемін есептеуге қажет мәліметтерді Тұтынушы ұсынбаған жағдайда, нақты пайданалу уақытынан анықталған күнге дейінгіұсынылған су бұру Қызметінің көлемдерін есептеу елді мекеннің су бұру жүйесіне қосылу нүктесінде өздігінен ағатын құбырдың толық өткізу қабілеттілігімен анықталады, бірақ үш айдан аспайтын мерзімде.

5.1.7 Елді мекеннің су бұру жүйесіне тікелей қосылмаған, суды тұрмыстық тұтыну үшін қолданатын, сұйық тұрмыстық қалдықтарды шығару және оларды елді мекеннің су бұру жүйесіне төгу үшін арнайы автокөлігінің қызметін пайдаланатын тұтынушыларға көрсетілген су бұру қызметінің көлемі елді мекеннің ағызу пунктінде (станциясында) су бұру жүйесіне қабылданған сарқынды сулардың нақты көлеміне тең қабылданады.

5.1.8 Ұсынылған Қызметтер көлемдерін қайта есептеуге әкеліп соққан барлық өзгерістер фактілердің анықталған сәтінен бастап жүзеге асырылады. Ұсынылған Қызметтердің қайта есептеуін бастамашылық ететін тарап, басқа тарапты жазбаша түрде және фактілерді растайтын объектівті дәлелдерді қоса тіркеу арқылы хабардар етеді. 5.1.9 Шарттың осы бөлімімен қамтылмаған, сумен жабдықтау және су бұру қызметтерінің ұсынылған көлемдерін анықтау реті Қазақстан Республкасы Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері агенттігі Төрағасыны 2011 жылғы 26 қыркүйектегі №354 бұйрығымен бекітілген (Қазақстан Республкасы нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №7257 тіркелген) Сумен жабдықтаудың және су бұрудың көрсетілген қызметтерінің көлемдерін есептеу әдістемесіне сәйкес анықталады.

5.2 Бөлек жағдайларда (бұзушылық) Қызметтерді жіберуді есептеу

5.2.1 Сумен жабдықтау Қызметтерінің ұсынылған көлемдерін есептеу анықталған бұзушылықтар орын алған кезде Әдістемеге[7]және Қағидаға[8] сәйкес жүргізіледі:

1)Тұтынушыда суды есепке алу аспабының көрсеткіштерін және көрсеткіштерді қашықтықтан беру құрылғыларының жұмыс істеу қабілетін бұрмалаушы құрылғыларды анықтаған кезде – суды есепке алу аспабының соңғы көрсеткіштерін көзбен көріп алған сәттен бастап анықталған күнге дейін суды есепке алу аспабын орнатылуға тиіс құбырдың толық өткізу қабілеттілігі бойынша, бірақ екі айдан артық емес;

2) тұтынушының сумен жабдықтау жүйесінен жылыстауы анықталған, есепке алу аспабы болмаған немесе оның ақаулары болған кезде – жылыстауы анықталған құбырдың толық өткізу қабілеттілігі бойынша жойған күнге дейін нақты уақыт бойы жүргізіледі. Егер жылыстау басталған күнді анықтау мүмкін болмаса – соңғы қарап-тексеруді жүргізген сәттен бастап, бірақ екі айдан артық емес;

Ескерту – Тұтынушының суды есепке алу торабында апаттық жағдай туындағанда, ұсынылған қызметтердің Шарттың 5.2.1 тармағының 4) және 5) тармақшаларына сәйкес есептеулерін болдырмау үшін Қызмет берушіні8 (7212) 56-19-14 телефон нөмірі арқылы ескертіп, санкцияланған пломбаны шешуге рұқсат алуы қажет.Апаттық жағдай кезеңі үшін ұсынылған қызметтердің көлемдерінесептеулер Шарттың 5.2.1 тармағының 2) тармақшамына сәйкес жүргізілетін болғандықтан, апатты жойғаннан кейін Қызмет берушіні дереу хабардар етуі керек.

Мысалы – Ішкі диаметрі 15мм болатын құбыржолдағы апаттың әр сағаты үшін Тұтынушыға ұсынылған сумен жабдықтау қызметтер көлемі 0,64 м3, тәулігіне  – 15,26 м3 үшін Қызмет берушінің қолданыстағы тарифтері бойынша төленетін сома ұсынылатын болады.

3) суды есепке алу аспаб(тар)ының және көрсеткіштерді қашықтықтан беру құрылғыларының көрсеткіштерін салыстыруға және олардың жұмыс істеу қабілеттерін, кірме су құбырының және есепке алу тораптарының техникалық жай-күйін тексеру үшін Қызметті берушінің абоненттік бөлімше өкілін Тұтынушы (оның өкілдері) жібермеген кезде – суды есепке алу аспабының соңғы көрсеткіштерін көзбен көріп салыстырған сәттен бастап жіберген сәтке дейін есепке алу аспабы орнатылған құбырдың толық өткізу қабілеттілігі бойынша;

4) Суды есептеу сызбасына, оның ішінде суды есепке алу торабына дейін қосылуын Қызмет беруші келісімсізөзгертуін, суды есептеу аспабын өзбетімен шешу, Тұтынушының суды есепке алу аспабынан, айналма желіден (тиектеулі арматурадан, (кран, шұра)) өрт гидрантынан, деректерді қашықтықтан беру құрылғыларынан пломбаны жұлу бұзушылықтары анықталған жағдайда, есепке алу аспабы орнатылған құбырдың, айналма желінің немесе өрт гидрантының толық өткізу қабілеті бойынша есепке алу аспабының соңғы көрсеткіштерді көзбен көріп алған сәттен есепке алу аспабын Қызмет берушінің өкілімен қайта пломбалауға дейінгі мерзім бойынша, бірақ екі айдан артық емес;

5) тұтынышының кінәсінан емес есепке алу аспабының және (немесе) көрсеткіштерді қашықтықтан беру құрылғыларының істен шығуы жағдайларын қоспағанда, олардың істен шығуы және ұрлануытуралы Қызмет берушіге хабарламаған кезде – есепке алу аспабы орнатылған құбырдың толық өткізу қабілеті бойынша есепке алу аспабының соңғы көрсеткіштері көзбен көріп алынған сәттен ақауды анықтаған сәтке дейін жүргізіледі, бірақ екі айдан артық емес;

Ескерту –ұсынылған қызметтердің көлемін Шарттың 5.2.1. тармағының 5. тармақшасына сәйкес есептеуін болдырмас үшін, есептеу аспабының ақаулығын байқаған сәтте Қызмет берушіні оның Орталық диспечерлік қызметінің8 (7212) 56-19-14нөмері бойынша ескерту керек.

6) елді мекеннің сумен жабдықтау желілерінеТұтынушының өз бетімен қосылып, суды пайдалану фактісі анықталған кезде – суды есепке алу аспабы орнатылуға тиіс өз бетімен қосылған құбырдың толық өткізу қабілеті бойынша, нақты пайдалану уақыты анықталған (ажырату) сәтке дейін, бірақ үш айдан артық емес;

7) өрт сөндіру жағдайларынан басқа, өртке қарсы жүйелерден су пайдалану фактісі анықталған кезде - өз бетімен пайдаланған уақыттан бастап анықталған кезге дейін өз бетімен пайдалану жүзеге асырылған өрт краны немесе гидрант алдындағы су құбырының толық өткізу қабілеттілігі бойынша, бірақ екі айдан артық емес;

8) тұтынушының сумен жабдықтау жүйесіне қосылған құбыржолы арқылы суару фактісі анықталған, кіргізуде есепке алу аспабы болмаған немесе оның ақаулары болған кезде – суды есепке алу аспабының соңғы көрсеткіштері көзбен көріп алынған сәттен бастап мұндай құбырдың толық өткізу қабілеттілігі бойынша, бірақ бір айдан артық емес;

9) судың тұрақты төгіле ағу фактісі анықталған, кірмеде есептеу құралы болмаған немесе оның ақаулары болған кезде – соңғы тексеру жүргізген уақыттан бастап су жеткізетін құбырдың толық өткізу қабілеттілігі бойынша, бірақ бір айдан артық емес жүргізіледі.

5.2.2 Осы Шарттың5.2.1тармағындакөрсетілген бұзушылықтар анықталған кезде су бұру қызметінің көлемін есептеу, 5.2.1тармағының2)және8) тармақшаларынан басқа, егер су бұру қызметінің көлемі есептелмесе, сумен жабдықтау қызметінің есептелген көлеміне тең қабылданады.

5.2.3Қызмет берушінің сумен жабдықтау жүйесіне қосылмаған тұтынушы су бұру жүйесіне ағызатын сарқынды су көлемін есептеуге қажетті деректер ұсынбаған жағдайда, көрсетілген су бұру қызметінің көлемі нақты пайдаланған уақыт кезеңі үшін елді мекеннің су бұру жүйесіне қосылған жерде өзі ағатын су құбырының толық өткізу қабілеттілігі бойынша анықталады.

5.2.4Тұтынушының аумақтарынан елді мекеннің су бұру жүйесіне беткі сарқын суларды ағызу фактісі анықталған кезде су бұрудың көрсетілген қызметінің көлемі төтенше жағдайларды қоспағанда, соңғы қарап-тексеру жүргізген сәттен бастап бірақ бір айдан артық емес, өзі ағатын су құбырының толық өткізу қабілеттілігі бойынша айқындалады. Батырылатын сорғылар және басқа айдау құрылғыларын пайдаланып, елді мекеннің су бұру жүйесіне нөсер, тасқын, топырақ суларын ағызу фактісі анықталған кезде су бұрудың көрсетілген қызметінің көлемі төтенше жағдайларды қоспағанда, соңғы қарап-тексеру жүргізген сәттен бастап бірақ бір айдан артық емес, сорғы не айдау құрылғысы тәулігіне 24 сағат бойы жұмыс істеген кезде олардың толық өнімділігі бойынша айқындалады.

5.2.5Қызметтерді шаруашылық-тұрмыстық емес коммерциялық мақсатта пайдалану фактісі анықталған жағдайда,Қызмет беуші осы Шарттың 3.1.тармағының 8) тармақшасының тәртібіне сәйкес Қызметтерді ұсынуды уақытша тоқтатады және суды есепке алу аспабын коммерциялық есептен шығарады, ал суды есепке алу аспабы көрсеткіштерінің соңғы салыстырылған уақытынан бастап есептелінген ұсынылған Қызметтердің көлемі бойынша есептеулерге Қызмет берушінің сәйкес тарифтері бойынша қайта есептеу жүргізеді, бірақ үш айдан арқыт емес.Коммуналдық қызметтерді тұтыну нормаларын дұрыс қолданбауға тең болып табылатын, суды есепке алу аспабының жоқ болужағдайында,ұсынылған Қызметтер көлемі есепке алу аспабы орнатылуы тиіс құбырдың толық өткізу қабілеттілігі бойынша есептелінеді.

5.2.6Қызмет беруші өкілдерімен Тұтынушыда бұзушылықтар анықталған жағдайда, сумен жабдықтау және су бұру жүйелерін пайдалану ережелерін бұзу туралы акт екі данада толтырылады.Тұтынушының қол қоюдан бас тарту жағдайында, бірақ Қызмет берушінің өкілдерінің үш адамнан кем есем құрамында немесе Қызмет берушінің өкілдері және кондоминимумобъектісінің басқару мекемесінің/мүшелерінің немесе басқа да жалпы құрамда үш адамнан кем емесүшінші тұлғалардыңқатысу талаптарымен рәсімделген акт жарамды деп саналады.

5.3 Тұтынушының сумен жабдықтау және су бұру жүйелеріне және суды коммерциялық есеке алу тораптарына қойылатын талаптар

5.3.1 Тұтынушының сумен жабдықтау желісінің тұрғын үйіне әрбіренгізу, су есептегіш қалақшасының айналу осі қатаң тік күйінде болатындай, көлденең қалыптаорналасқан дербес суды есепке алу торабымен жабдықталады(1-суретті қараңыз), және келесі элементтерден тұрады:1 – тиектеулі арматура (кран, шұра), 2 – сүзгі, 3 – кері клапаны бар жалғастыру штуцері, 4 – суды есепке алу аспабы,  5 – көрсеткіштерді қашықтықтан беру құрылғысы, 6 – жалғастыру штуцері.

Ескерту – Шарттың 5.4 бөлімшесіне сәйкес коммерциялық пайдалануға рұқсат берілмеген және суды есепке алу аспабымен жабдықталмаған суқұбыр желісіне суды есепке алу торабына дейін жалғануы (қосылу) орын алғанда, осы Шарттың 5.2.1 тармағының4) тармақшасына сәйкес бұзушылық болып есептелінеді.

№1сурет–Суды жеке есепке алу торабының үлгі схемасы

5.3.2 кондоминиумның сумен жабдықтау желісін пайдалану жауапкершілігі (теңгерімдік тиесілілігі)шекарасында, осы Шарттың 5.3.7тармағының жағдайынасәйкес Тұтынушылармен келесі элементтерден тұратын үйге ортақ суды есепке алу аспабыорнатылыады (2-суретті қараңыз),: 1 – тиектеулі арматура (кран, шұра), 2 – сүзгі, 3 – үйге ортақ суды есепке алу аспабы, 4 – көрсеткіштерді қашықтықтан беру құрылғысы, 5 – өтпе, 6 – кері клапаны бар жалғастыру штуцері, 7 – үш жүрісті кран, 8 – бақылау-түсіру краны, 9 – айналма желі, 10 – манометр.

Ескерту – суды есепке алу торабымен рұқсат ету кезінде тиектеулі арматурасы орнатылған және жабық күйінде пломбаланған айналма желіні қоспағанда, Шарттың 5.4 бөлімшесіне сәйкес коммерциялық пайдалануға рұқсат берілмеген және суды есепке алу аспабымен жабдықталмаған суқұбыр желісіне суды есепке алу торабына дейін жалғануы (қосылу) орын алғанда, осы Шарттың 5.2.1тармағының4) тармақшасына сәйкес бұзушылық болып есептелінеді.

№2сурет– Үйге ортақ суды есепке алу торабын монтаждаудың үлгі схемасы

5.3.3 Суды есепке алу торабын монтаждау әртүрлі материалдарды, заттарды жинау және қоқыс жинау үшін көзделмеген, материалдық құндылықтарды сақтау орындарынан оқшаулауды ескере отырып, тиісті температуралық режиммен (5оС-тан төмен емес), жарықтандырумен қолжетімді жерде жүргізіледі.

5.3.4 Суды есепке алу торабы және оған орнатылатын суды есепке алу аспаптары келесі талаптарға сай болуы керек:

1) есепке алу аспабы типін бекіту не метрологиялық аттестаттау нәтижелері бойыншаҚазақстан Республикасының өлшем бірлігін қамтамасыз ету мемлекеттік жүйесінің тізіліміне енгізілілген болуы тиіс;

ҚР Сауда және интеграция министрірлігінің техникалық реттеу және метрология комитеті Техникалық реттеу және метрология бірыңғай ақпараттық жүйесіндеҚазақстан Республикасының өлшем бірлігін қамтамасыз ету мемелекеттік жүйесінің тізілімі бекіту типі нәтижелері бойынша келтірілген https://kazmemst.kz/systems/gsirk/utsi/.

 

Сілтеме арқылы өту үшін ұялы телефонда  «‎Камера» қосымшасын ашып QR-кодқа бағыттаңыз

 

2) суды есепке алу торабында 3-суретте көрсетілген параметрлерге сәйкес келетін импульсты шығуы бар суды есепке алу аспабы және көрсеткіштерді қашықтықтан беру құрылғысы (модем) немесе Қызмет берушінің ЭТЕАЖ-мен(1.2.1) сәйкес келетін көрсеткіштерді қашықтықтан беру құрылғысы (модем)бар кіріктірілгенсуды есепке алу аспабы болуы керек;

№3 сурет –импульсты шығу параметрлері

 

3) суды есепке алу аспабына және (немесе) пайдалану құжаттамасына қойылатын салыстырып тексеру таңбаларымен, және (немесе) салыстырып тексеру сертификатымен куәландырылған суды есепке алу аспаптарысалыстырып тексерулі болуы керек;

4) судың шығынын өлшеу параметрлері: минималды шығын – 0,032 м3/сағ аспайтын, өтпелі шығын – 0,128 м3/сағ аспайтын, тұрақты шығын  –1,6м3/сағ, максималды шығын –2 м3/сағ сәйкес суды есепке алу аспабындашартты өту диаметрі15 ммболуы керек;

5) үйге ортақ суды есепке алу аспабындашартты өту диаметріҚазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 28 тамыздағы № 621 Бұйрығымен бекітілген Сумен жабдықтау және су бұру жүйелеріндегі суды есепке алу аспаптарын таңдау, монтаждау және пайдалану қағидаларының 2 Қосымшасына сәйкес таңдалуы керек;

6) суды есепке алу аспабы көрініп тұрған механикалық зақымсыз және корпустың бітеулік талабын сақтай отырып, және ылғалды өткізбеушілігінің тиісті класының болуымен жөнделген болуы керек;

5.3.5 көрсеткіштерді қашықтықтан беру құрылғыларын және көрсеткіштерді қашықтықтан беру құрылғысы (модем) кіріктірілгенесепке алу аспаптарын монтаждау, сумен жабдықтау объектілерінде бақылау жүргізу жүйесінде, байланысқа байланысты іске қосу-жөндеу жұмыстарына, техникалық жабдықтарды монтаждауға жатады.Пайдалану және іске қосу-жөндеу жұмыстарын дайындаушыда оқудан өткен мекеменің өкілдерімен жүргізіледі.

5.3.6 Бұрын Қызмет берушінің ЭТЕАЖ-не қосылмағанқолданыстағы тұрғын үйде (жеке және көп пәтерлі) тұратын Тұтынушы, бекітілген пайдалану мерзімі өтуі немесе ауыстыру кезінде көрсеткіштерді қашақтықтан беру құрылығыларысыз (модемсыз), бірақ импульсті шығуы бар суды есепке алу аспаптарын алады және орнатады.

Егер қолданыстағы тұрғын үй (жеке және көп пәтерлі) Қызмет берушінің ЭТЕАЖ-не қосылуын есепке алумен салынған болса, онда Тұтынушы бекітілген пайдалану мерзімі өтуі немесе ауыстыру кезінде көрсеткіштерді қашықтықтан беру құрылығылары (модем) бар суды есепке алу аспаптарын алады және орнатады.

5.3.7 Сумен жабдықтау және су бұрудың ішкі жүйелерін жобалау, салу, кеңейту, жаңғырту, қайта құрылымдау және күрделі жөндеу жұмыстары кезінде Тұтынушы төлем құжаттарында көрсетілген телефон нөмірлері арқылы Қызмет берушіге суды есепке алу торабын коммерциялық есептен шешу мақсатымен жүгінеді. Суды есепке алу торабының жоқ болу мерзімінде ұсынылған қызметтердің көлемінің есептеулері осы Шарттың 5.1.2тармағыныңтәртібіне сәйкес жүргізіледі. Сумен жабдықтау және су бұрудың ішкі жүйелерінде Тұтынушымен жұмыстар аяқталғаннан кейін коммерциялық пайдалануға рұқсат беру«ҒИМАРАТТАР МЕН ИМАРАТТАРДЫҢ ІШКІ СУ ҚҰБЫРЫ ЖƏНЕ КӘРІЗІ» ҚР ҚН 4.01-01-2011 5.3.1-5.3.6тармақтарының,5.3.8тармағыныңталаптарынатиісінше осы Шарттың 5.4 тармағынасәйкес жүргізіледі.

Ескерту –Тұтынушыөзінің жеке тұрғын үйін жобалау, салу, кеңейту, жаңғырту, қайта құрылымдау және күрделі жөндеу жұмыстары кезіндекөрсеткіштерді қашақтықтан беру құрылығылары мен импульсті шығуы бар суды есепке алу аспаптарыналады және орантады.

5.3.8 Пайдалануға жаңадан берілетін тұрғын объектілерде деректерді қашықтықтан беретін құрылғысы бар, сезімталдық шегі төмен, жоғары метрологиялық класты суды есепке алу аспаптарын орнату көзделеді.

Елді мекеннің сумен жабдықтау және (немесе) су бұру желілеріне қосылған объектіні суды есепке алу аспаптарынсыз пайдалануға қабылдауға жол берілмейді.

5.3.9 Шарттың осы бөлімшесінде қамтылмаған суды есепке алу тораптарына қойылатын техникалық талаптар2003 жылдың 9 шілдесіндегі Қазақстан Республикасының Су кодексі мен Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 28 тамыздағы № 621 Бұйрығымен бекітілген Сумен жабдықтау және су бұру жүйелеріндегі суды есепке алу аспаптарын таңдау, монтаждау және пайдалану қағидаларына сәйкес анықталады. 

5.4 Суды есепке алу аспаптарын коммерциялық пайдалануға рұқсат беру

5.4.1Суды есепке алу аспаптарын коммерциялық пайдалануға рұқсат беру Тұтынушының өтінімі бойынша Қызмет берушінің өкілдерімен жүргізіледі:

1) алғашқы рұқсат беру кезінде – Қызмет берушімен бұрын берілген техникалық талаптарға жәнеосы Шарттың 5.3 бөлімшесінде келтірілген талаптарға сай. Көп пәтерлі тұрғын үйде суды есепке алу торабына алғашқы рұқсат берілуі құрылыс салушының өтінімі бойынша жүргізіледі.

2) қайта рұқсат беру кезінде – осы Шарттың 5.3 бөлімшесінде келтірілген талаптарға сай.

5.4.2 Суды есепке алу торабының, оның ішінде суды есепке алу аспабының және көрсеткіштерді қашықтықтан беру құрылғысының осы Шарттың5.3бөлімшесінің талаптарына сай болған кезінде, Қызмет берушінің абонеттік бөлімшесінің өкілімен суды есепке алу торабын пайдалануға қабылдау туралы екі данада акт жасалады.

Осы Шарттың5.3бөлімшесінің талаптарына немесе бұрын берілген техникалық талаптарғасай болмаған кезде,суды есепке алу торабын тексеру актісінде барлық анықталған сәйкессіздіктердің тізімі көрсетіліп, суды есепке алу торабын коммерциялық пайдалануға рұқсат берілмейді.

5.4.3 Суды есепке алу аспабын коммерциялықесептен шығару тек қана Қызмет берушінің өкілімен сәйкесінше есептеу аспабынан пломба шешу туралы акт толтыру арқылы жүргізіледі.

5.4.4 Белгіленген салыстырып тексеру мерзімі өткеннен кейін суды есепке алу аспабын осы Шарттың5.3.3тармағының3) тармақшасындағытехникалық талаптарға сәйкес келмейтін ретінде коммерциялық есептен автоматты түрде алынады.Қызмет беруші тексеру мерзімі аяқталғанға дейін 30 күн бұрын Тұтынушыны есепке алу аспабына кезекті тексеру жүргізу немесе оны ауыстыру қажеттігі туралы хабардар етеді.

6 Тараптардың құқықтары мен міндеттері

6.1 Тұтынушының құқықтары мен міндеттері

6.1.1 Тұтынушы:

1) Осы Шарттың талаптарына сәйкес қажет көлемде, денсаулығына қауіпсіз, мүлкіне зиян келтірмейтін, белгіленген сападағы қызметтерді алуға және оларды шаруашылық-тұрмыстық мақсатта өзінің міндеттерін уақытылы және тиісінше орындаған кезде пайдалануға(6.1.2);

2) Қызмет берушінің Қазақстан Республикасының заңнамасына қайшы келетін іс-әрекеттеріне немесе әрекетсіздігіне уәкіметті органда және/немесе сот тәртібімен шағымдануға;

3) Қызмет берушініңбекітілген тарифтік сметаның орындалуы туралы жарты жылдық және жылдық қорытынды есептер, бекітілген инвестициялық бағдарламаның орындалуы, сапа көрсеткіштерінің сақталуы мен Қызметтердің сенімділігі және қызметтердің тиімділік көрсеткіштерге қолжетізуі туралыкөпшілік тыңдауларына қатысуға(2.4.5);

4) Қызметтерді тиісінше ұсынбау салдарынан өміріне, денсаулығына және (немесе) мүлкіне келтірілген зиянды толық көлемде өтеуді, сондай-ақ моральдық зиянды өтеуді осы Шаттың 8.2тармағының тәртібімен талап етуге;

5) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген талаптарға сәйкес келмейтінҚызметтер ұсынылған жағдайда,олардың көлемін қайта есептеуді талап етуге (2.2);

6) егер Қызмет беруші белгіленген тәртіппен шот бермеген болса, алынған қызмет үшін төлем жасамауға құқылы(4.2).

6.1.2 Тұтынушы:

1) нормативтік-техникалық құжаттардың талаптарына сәйкес өзіне меншік құқығымен немесе өзгеде заңды негізде тиесілі және (немесе) оның пайдалану жауапкершілігінің шекарасында орналасқан сумен жабдықтау және су бұру жүйелерінің пайдаланылуы мен қауіпсіздігін қамтамасыз етуге, суды есепке алу аспаптарының және деректерді қашықтықтан беру құрылғыларының (модем), ЭТЕАЖ (АӨЖ)элементтерінің, есепке алу аспаптарында салыстырып тексеру белгілері мен пломбалардың, есепке алу тораптарында, айналма желінің ысырмасындағы, өрт гидранттарындағы пломбалардың тиісті техникалық жай-күйін менбұзылмаушылығынқамтамасыз етуге,сондай-ақ есепке алу аспаптары мен торабтарына қол жетімділігіне кедергі келтіретін заттарды сақтауға жол бермеуге, есепке алу аспабының көрсеткіштерін бұрмалайтын механикалық, химиялық, электромагниттік және басқа да әсер етулерді болдырмауға(6.3);

2) тәртіппен (2.3.2тармағы) жеке есеп шот ашу және Шарттың (2.3.3 тармағы)талаптарына сәйкес дербес деректерінің өзгеруі туралы тәртіппен және мерзімінде Қызмет берушіні жазбаша түрде хабардар етуге;

3) Қызмет берушіге көрсетілетін қызметтерді пайдалану кезінде туындаған сумен жабдықтау және су бұру жүйелері мен есепке алу аспаптары, деректерді қашықтықтан беру құрылғыларының (модем), ЭТЕАЖ (АӨЖ)элементтері құрылыстарының жұмысындағы ақаулықтар (11.2) және Қызмет берушінің барлық пломбаларының бүтіндігінің бұзылуытуралы, алсумен жабдықтау және су бұру жүйелерініңқұрылыстары бүлінген немесе ластаушы, улы заттардың апаттық төгілуі жағдайында -  төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою жөніндегі жергілікті органдарға, мемлекеттік өртке қарсы қызметке, санитарлық-эпидемиологиялық қызметке және қоршаған ортаны қорғау қызметіне де дереу хабарлауға;

4) әр қосылу орнында осы Шарттың5.3 бөлімшесінің техникалық талаптарына сай келетін және осы Шарттың5.4бөлімшесінің талаптарына сәйкес коммерциялық пайдалануға рұқсат берілген суды есепке алу торабының болуы;

5) осы Шарттың5.1.1 тармағынасәйкес тәртіп бойынша суды есепке алу аспабының көрсеткіштерін жіберуге;

6) ұсынылған Қызметтерді уақытылы және толық көлемде,осы Шарттың 4.2тармағынасәйкес Қызмет берушімен ұсынылған төлем құжаттары негізінде төлеуге;

7) Тұтынушымен берілген көрсеткіштерді салыстыру үшін есепке алу аспаптарына, және  аумақта орналасқан немесе шаруашылық жүргізуіндегі сумен жабдықтау және су бұру жүйелерінің барлық элементтерінің жұмысқа қабілеттілігін тексеру, технкалық жай күйін және қауіпсіздігін бақылау үшін, сонымен қоса берешегі болған жағдайда Тұтынышының желілерін ажырату үшін кедергісіз кіруін қамтамасыз етуге (5.1.1тармағы);

8) есепке алу аспаптарының салыстырып тексеру мерзімдерінің сақталуын қадағалау.  Салыстырып тексеру мерзімінің аяқталуы және Қызмет берушінің хабарламасы бойынша аккредиттелген ұйымдарда уақытылы салыстырып тексеруді жүргізуге (5.4.5тармағы);

9) қолданыстағы заңнаманың талаптарына сәйкесҚызмет берушімен осы Шарттың5.3бөлімшесіндеорнатылған техникалық талаптарды орындауға;

10) Қызмет берушінің рұқсатынсыз өзге Тұтынушыларды сумен жабдықтаудың және (немесе) су бұрудың меншікті желілеріне қоспауға міндетті.

6.1.3 осы Шарт бойынша Тұтынушының құқықтары мен міндеттері Қазақстан Республикасының заңнамасында және осы Шартта белгіленген тәртіптен басқа жағдайда үшінші тұлғаларға берілмейді.

6.2Қызмет берушінің құқықтары мен міндеттері

6.2.1 Қызмет беруші: 1) Қызмет берушіелді мекеннің сумен жабдықтау және су бұру жүйелеріне қызмет көрсету бойынша алдын ала жоспарлы жұмыстар, сумен жабдықтау желілерін залалсыздандыру,сонымен қоса елді мекеннің сумен жабдықтау және су бұру жаңа жүйелерін қосу жұмыстарын жүргізу, Тұтынушының және елді мекеннің сумен жабдықтау және су бұру жүйесінде апаттық жағдай анықталғанда, және осы Шарттың3.1тармағында көрсетілген басқа да жағдайларда Тұтынушыға Қызмет ұсынуды уақытша тоқтатуға;

2) көрсетілген қызметтерді тұтыну мен төлеуді бақылауды жүзеге асыруға, ұсынылған Қызметтер үшін уақытылы және толық көлемде,осы Шарттың 4.2тармағынасәйкес ұсынылған төлем құжаттары негізінде төлемдерді алуға;

3) уәкілетті орган бекіткен тәртіппен тарифтердің қолданылуы кезеңінде барлық Тұтынушылар үшін ұсынылатын қызметтерге тарифтерді төмендетуге;

4) Тұтынушының(лардың) сумен жабдықтау және су бұру жүйелеріне техникалық талаптарды  орнатуға(5.3);

5) осы Шарттың 3 тарауында белгіленген тәртіп бойынша Қызметтерді ұсынуды жартылай немесе толығымен уақытша тоқтатуға;

6) Тұтынушы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес есепке алу аспабын сараптамалық тексеруден өткізуі кезінде қатысуға;

7) тұтынушыда көрсетілген қызметтер үшін берешек болған кезде мәжбүрлеп сот тәртібімен өндіріп алу және үшінші тұлғаларды өндіріп алуға тартуға;

8) дербес деректерді жинау, өңдеу, пайдалану, сақтау және сот органдарына, нотариустарға, жеке сот орындаушыларына Қызметтерді ұсыну және берешекті мәжбүрлі түрде өндіріп алу мақсатымен табыстауға;

9)Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Қызмет берушінің анықтамалық-ақпараттық қызметіне келіп түсетін кіріс қоңырауларын жазуды жүзеге асыруға;

10) егер Тұтынушы осы Шарттың 10.4тармағындажәне Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген негіздер бойынша осы Шарт тоқтатылғаннан кейін 3 (үш) жыл ішінде өзінің жеке шотынан ақша қалдығын қайтару туралы өз талаптарын жазбаша мәлімдемесе, Тұтынушының жеке есеп шотынан Қызмет берушінің табысы есебіне ақшаны есептен шығаруды жүзеге асыруға;

11) талап қою мерзімі шегінде Қызметтердің күмәнді қойылған көлеміне қайта есептеу жүргізуге;

12) Қазақстан Республикасының заңнамасының талаптарына сәйкес Шарттың 2.1.5тармағында келтірілеген тәртіп бойынша осы Шарттың талаптарына өзгертулер мен толықтырулар енгізуге;

13) Қазақстан Республикасының заңнамасымен берілген құқықтар шегінде басқа да іс- әрекеттерді жүзеге асыруға құқылы.

6.2.2 Қызмет беруші:

1) нормативті-техникалыққұжаттардың талаптарына сәйкес өзіне меншік құқығымен немесе өзге де заңды негізде тиесілі және (немесе) оның пайдалану жауапкершілігі шекарасында орналасқан елді мекеннің сумен жабдықтау және су бұру жүйелерін тиісінше пайдалануды қамтамасыз етуге және алдын ала жоспарлы қызмет көрсетуге;

2) сантарлық ережелерге (гигиеналық нормативтерге) сәйкес ауыз суды дайындауды және оны Тұтынушыға беруді қамтамасыз етуге;

3) Тұтынушыны басқа Тұтынушылардың міндеттемелерін орындамау себептері бойынша Қызмет алу кезінде шектемей, жасалған Шарт талаптарына сәйкес Тұтынушыға қызметтерді уақытылы және үздіксіз ұсынуды қамтамасыз етуге;

4) ұсынылған Қызметтердің сапасы мен санын есепке алуды және бақылауды жүргізу, бұзушылықтардың алдын алу және жою бойынша уақытылы шаралар қабылдауға;

5) Тұтынушымен осы Шарт жасасқан кезде жеке есеп шот ашуға (2.3);

6) Қызметтерді уәкілетті орган ведомствосымен бекітілген тарифтер (4.1) бойынша ұсынуға;

7) Қызмет берушінің ақпараттық ресурстары арқылы Тұтынушыларды тарифтердің өзгеруі туралы олар қолданысқа енгізілгенге дейін күнтізбелік отыз күннен кешіктірмей хабардар етуге;

8) есептік кезеңнен кейінгі айдың оныншы күніне дейінгі мерзімде Тұтынушыға ұсынылатын Қызметтер үшін ақы төлеуге төлем құжатын ұсынуға;

9) 24сағат ішінде Тұтынушының негізделген талаптары бойынша ұсынылатын қызметтердің сапасы мен көлемін қалпына келтіру жөнінде шаралар қабылдауға;

10) сумен жабдықтау және су бұру желілерін, есепке алу аспаптарын тексеру кезінде, сондай-ақ Тұтынушының өкілі атынан есепке алу аспаптарының көрсеткіштерін алу кезінде қызметтік куәлігін көрсетуге;

11) Қызмет берушінің ақпараттық ресурстарында хабарландыру жариялау арқылы жоспарланған профилактикалық және жөндеу жұмыстары туралы Тұтынушыны күнтізбелік 3 (үш) күн бұрын  хабардар етуге, сондай-ақ Тұтынушыны Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де жағдайларда сумен жабдықтауды және (немесе) су бұруды уақытша тоқтату немесе шектеу туралы ескертуге;

12) профилактикалық және жөндеу жұмыстары жүргізу кезінде Тұтынушыларға ауыз суын көлік құралдарымен жеткізіп беруге;

13) ақпараттық-анықтамалық қызметтердің, оның ішінде Call-орталығының жұмыс қабілеттілігін қамтамасыз етуге;

14) үшінші тұлғалардың рұқсатсыз қол жеткізуінен Тұтынушының дербес деректерінің құпиялылығын қамтамасыз етуге;

15) жазбаша өтініш болған кезде және тұрғын үйге меншік құқығын растайтын құжатты ұсынған кезде Тұтынушыға сұралып отырылған есептік кезең үшін оның жеке есеп шотының жай- күйі туралы ақпарат беруге;

16) осы Шартты орындауға байланысты мәселелер бойынша Тұтынушының шағымдары мен өтініштеріне Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 12 қаңтардағы № 221-II «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» заңының талаптарына сәйкес мерзім ішінде жауап беруге;

17) Тұтынушының қатысуымен елді мекеннің сумен жабдықтау және су бұру жүйелеріне қосуға (жалғауға) арналған суды есептеу тораптарын, құрылғылар мен құрылыстарды пайдалануға рұқсат беруді жүзеге асыруға (5.4);

18) өзіне меншік құқығымен немесе өзгеде заңды негізде тиесілі елді мекеннің сумен жабдықтау және су бұру жүйелеріндегі апаттар мен зақымдануларды нормативтік құжаттарда бегіленген тәртіппен және мерзімдерде уақытылы жою жөнінде қажетті шаралар қабылдауға; 

19) Қазақстан Республикасының заңнамасында қарастырылған басқа да міндеттерді атқаруға міндетті.

6.3 Тараптардың пайдаланушылық жауапкершілігі

6.3.1 Қызмет берушімен мен Тұтынушы сумен жабдықтау және су бұру жүйелеріне қызмет көрсетеді және әрқайсысы өз пайдалану жауапкершілігін бөлу шекарасы шегінде олардың қалыпты техникалық жағдайын қамтамасыз етеді.

6.3.2 Қызмет берушінің пайдаланушылық жауапкершілігі:

1) жыл бойы сумен жабдықтау және су бұру жүйелерінде жоспарлы-ескерту жұмыстарын жүргізу;

2) сумен жабдықтау және су бұру жүйелерін қысқы маусымға дайындау жөніндегі іс шараларды жүргізу;

3) сумен жабдықтау және су бұру жүйелерінде жөндеу және профилактика жұмыстарын жүргізу;

4) апаттарды жою және судың жайылып кетуін жою;

5) апаттарды, техникалық шығындарды және суды ұтымсыз пайдалануды төмендету жөніндегі іс шараларды жүргізу;

6) сумен жабдықтау және су бұру жүйелерінде жүргізілген жұмыстардан кейінгі бұзылған абаттандыруды қалпына келтіру болып табылады.

6.3.3 Тұтынушының пайдаланушылық жауапкершілігі:

1) сумен жабдықтау және су бұру жүйелерін тиісті техникалық жағдайда ұстап тұруды қамтамасыз ету;

2) сумен жабдықтау және су бұру жүйелерінің, суды есепке алу торабының, оның ішінде суды есепке алу аспабының тұтастығын, су өлшеу тораптарында пломбалардың сақталушылығын  қамтамасыз ету;

3) сумен жабдықтау және су бұру жүйелерін қысқы маусымға дайындау жөніндегі іс шараларды жүргізу;

4) сумен жабдықтау және су бұру жүйелерінде жүргізілген жұмыстардан кейінгі бұзылған абаттандыруды қалпына келтіру болып табылады.

6.3.4 Тұтынушы пайдалану жауапкершілігін бөлу шекарасы шегінде сумен жабдықтау және су бұру жүйелерініңқысқы кезеңге дайындығын қамтамасыз етеді және мынадай жұмыстарды:

1) судың анық және жасырын жайылуын жоюды;

2) құбырлар мен жабдықтардың апаттық учаскелерін жөндеуді немесе ауыстыруды;

3) жазғы кезеңде орнатылған барлық уақытша сумен жабдықтау желілерін ағытып тастауды;

4) есепке алу аспаптарының көрсеткіштерін кедергісіз алу мүмкіндігін қамтамасыз ете отырып, су өлшеу торабын қатып қалудан қорғауды;

5) сумен жабдықтау және су бұру жүйелері орналасқан үй-жайлардың жеткілікті жылумен оқшаулануын қамтамасыз етуді;

6) шатыр асты үй-жайларда төселген сукернеуіш бактарды және құбырларды жылытуды;  

7) қосарланған қақпақтардың орнатылуын қамтамасыз етуді немесе су өлшеуіш камералар мен өртке қарсы гидранттары бар құдықтардағы қақпақтарды жылытуды;

8) ғимараттардың ішкі сумен жабдықтау және су бұру желілерінде құбырлардың жапсарларының герметикалығын тексеруді, олардың босаңдығын жоюды, тексерулер мен тазартуларды жабуды, үй-жайлардың және қоршаған ауаның кері температуралық учаскелерінде пайдаланылатын құбырларды жылытуды жүзеге асырады.

6.3.5 Кондоминиум объектілерінде пайдалану жауапкершілігін бөлу шекарасы болып мыналартабылады:

1) сумен жабдықтау бойынша - ғимаратқа су құбырын енгізудегі бірінші ысырманың бөлуші фланеці;

2) су бұру бойынша - елді мекеннің су бұру желілеріне қосылатын жердегі құдық.

6.3.6 Кондоминиум объектілерінде теңгерімдік тиесілілігін бөлу шекарасы болып мыналартабылады:

1) сумен жабдықтау бойынша - тұрғын үйдің (тұрғын ғимараттың) сыртқы қабырғасы;

2) су бұру бойынша - елді мекеннің су бұру желісіне құдықпен түйісу орнына шығаруы.

6.3.7 Қызмет беруші мен жеке меншік тұрғын үйдің иесі болып табылатын Тұтынушының сумен жабдықтау және су бұру желілері арасындағы теңгерімдік тиесілілігін бөлу шекарасы болып елді мекеннің сумен жабдықтау және су бұру жүйесіне қосылған жердегі құбырға ұштасу болып табылады.

6.3.8 Кондоминиумға қатысушылардың жалпы үлестік меншігі болып табылатын үйге ортақ желілерді тиісті техникалық жағдайда ұстауды және қауіпсіздігі мен сақталуын қамтамасыз етуді кондоминиумның басқару органы, ал кондоминиум тіркелмеген жағдайда жалпы үлестік меншік иелері жүзеге асырады.

6.3.9 Сумен жабдықтау және су бұру желілеріне, құрылыстарға, жеке және үйге ортақ есепке алу аспаптарына қызмет көрсетуге арналған шарттарды тұтынушылар немесе кондоминиумның басқару органдары қызмет көрсетушімен немесе қызметтің осы түрін жүзеге асыруға тиісті лицензиялары бар үшінші тұлғалармен жасасады.Қызмет беруші оның теңгерімдік тиесілік шекарасында орнатылмаған сумен жабдықтау және су бұру желілеріне, құрылыстарға, жеке және үйге ортақ суды есепке алу аспаптарынақызмет көрсетуді жүзеге асырмайды.

6.3.10 Кондоминиумның басқару органы (жалпы үлестік меншік иелері) қызмет көрсетуші пайдаланатын сумен жабдықтау және су бұру жүйелерінің бір бөлігіне қызмет көрсету үшін қызмет көрсетушінің қол жеткізуін қамтамасыз етеді.

6.3.11 Пәтерде немесе жеке үйде орнатылған есепке алу аспаптарының сақталуын қамтамасыз ету Тұтынушыға жүктеледі.Есепке алу аспаптарына қызмет көрсету құнын олардың сақталуына жауапты Тарап төлейді. Басқыш алаңдарында, ғимарат ішінде, ғимаратқа кіре берісте тұтынушылардың есептеу аспаптарын орнату кезінде олардың сақталуы мен бүтіндігі үшін қарамағында үйі бар кондоминиум объектісін басқару органы жауапты болады. Кондоминиум объектісін басқару органы болмаған жағдайда есепке алу аспабының сақталуына Тұтынушы жауапты болады.

6.3.12 Тұтынушылардың (пәтер иелерiнiң) басқыш алаңдарда орнатылған есепке алу аспаптарын және (немесе) көрсеткіштерді қашықтықтан беру құрылғыларын белгiсiз бiреулер ұрлап немесе сындырып кеткен жағдайда сақталуына жауапты тұлға бiр ай мерзiмінде, егер де Тараптардың келiсiмiнде өзге көзделмесе, қалпына келтiреді. Есепке алу аспабы қалпына келтiрiлгенге дейiн Тұтынушы сумен жабдықтау жүйесінеҚызмет берушінің рұқсатымен қосылады.Ұсынылған қызметтер көлеміне есептеулер осы Шарттың 5.1.2тармағына сәйкес жүргізіледі.

7 Тараптарды шектеу

7.1 Тұтынушыға тиым салынады:

1) Қызмет берушінің техникалық шарттарына сәйкес келмейтін, сумен жабдықтау және су бұру жүйелерін, оның ішінде Қызмет берушінің Қызметтерін суды есепке алу торабынсыз пайдалану, олардың уақытша жоқ болу жағдайларын қоспағанда (5.1.2 тармағы);

2) Қызмет беруші коммерциялық пайдалануға рұқсат бергенүйішілік желілерді, сумен жабдықтау және су бұру жүйесінің құрылыстарын қайта жабдықтауға, қызметтерді есепке алудың қолда бар схемаларын, пломбалардың бүтіндігін және оларды бекітуді бұзуға,сондай-ақҚызмет берушінің алдын ала келісімінсіз есепке алу аспаптарын орнатуды және (немесе) шешуді жүргізуге;

3) сумен жабдықтау және су бұру желілерінің және олардың құрылыстардың үстіне әр түрлі материалдар мен заттарды қоюға, қоқыс жинауға,сонымен қоса тұрақты немесе уақытша құрылыстар тұрғызуға (3.1тармағының6)тармақшасы);

4) су төгіле тұрақты ағуы үшін ішкі су құбырының жүйесіндегі шүмекті ашуға; (5.2.1 тармағының9)тармақшасы);

5) тіке ағатын схема бойынша жабдықты суыту үшін ауыз суды пайдалануға (3.1 тармағының6)тармақшасы);

6) су тарту бағандарына және өрт сөндіру гидранттарына уақытша су құбыры желілерін қосуға;

7) су бұру желілеріне қар және мұз қиыршықтарын тастауға;

8) Қызмет көрсетушімен келіспей сумен жабдықтау және су бұру желілерінде жұмыс істеуге;

9) температуралық режимді (5оС төмен емес), жарықтандыру режимін және материалдық құндылықтарды сақтау орындарынан оқшаулауды бұзу;

10) су тарту құдықтарының жанындаүй жануарларын суаруға, кір жууға, автомошина мен тұрмыстық заттарды жууға, оларға құбырларды және шлангілерді қосуға, сондай-ақ санитарлық- эпидемиологиялық талаптардың қағидалары мен нормаларына қайшы келетінбасқа да іс- қимылдарды жүргізуге.

7.2 Қызмет көрсетушіге тиым салынады:

1) басқа Тұтынушылардың міндеттемелерін орындамау себебі бойынша Қызмет көрсетуден бас тартуға немесе шектеуге;

2) ұсынылған Қызметтер үшін уәкілетті органның ведомствосы белгілеген тарифтер көлемінен асатын ақы алуға;

3) Тұтынушыдан төлем құжаттарын ұсынбай ай сайынғы Қызмет төлемін талап етуіне.

7.3 Тараптарға Тараптардың құқықтарын шектейтiн не Қазақстан Республикасының заңнамасын өзгеше түрде бұзатын iс-әрекеттер жасауға тыйым салынады.

8 Тараптардың жауапкершілігі

8.1 Жабдықтар мен инженерлік желілерді тиісінше ұстауға жауапкершілік оның иесіне жүктеледі және теңгерімдік тиесілілікті(пайдалану жауапкершілігін) бөлу шекараларына қарай анықталады.

8.2 Шартта көзделген міндеттемелерді орындамау және тиісінше орындамау жағдайында, кінәлі жақ келесі тарапқа Қазақстан Республкасының заңнамасына сәйкес шығын орнын толтырады. Қызмет беруші төлем құжатында келтірілген сот шығындарын(мемлекеттік баж,нотариаттық іс-әрекеттер шығындары, пошта шығындары және т.б.) көрсетеді.

Ескерту:

 1.3.1 тармағында көрсетілген бұзушылықтарды жойғаннан кейінгісумен жабдықтау және су бұру жүйелеріне қайта қосылу, Тұтынушылың міндеттерінің орындамау немесе тиісінше орындамауына байланысты Қызмет берушіге келтірілген шығындарға жатады.

2. Қазақстан Респблкасының Азаматтық процестік кодексінің 108 бабының 9) тармағына сәйкес Қызмет берушінің кейіннен сотқа жүгінген кезде дауды міндетті түрде сотқа дейін реттеу рәсімдерінде жұмсаған Қызмет берушінің пошта шығыстарысоттық шығындарға жатады. Қызмет берушінің сот органдарына жүгінген және оң шешім алған жағдайда, Қызмет берушінің пошта шығыстарына қатысты соттық шығындар Тұтынушыдан мәжбүрлемелі өндіріп алынуы немесе шот-түбіртекте (бірыңғай төлем құжатында) ұсынылуы мүмкін.

8.3 Көрсетілген қызметке төлемді мерзімінен кешіктірген жағдайда, Тұтынушы 9.3 тармағында көзделген жағдайларды есептемегенде,  Шартқа сәйкес Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінің қайта қаржыландыруы мөлшерлемесі бойынша есептелген, әрбір мезгіл өткізу күніне, бірақ негізгі қарызсомасынан асырмай, осы сомаларды төлеудің әрекеттегі күнінде өсімақы төлейді.Басқасы Тараптар келісімінде айтылмаса, өсімпұлды төлеу мерзімінің басы есептік кезеңнен кейінгі айдың 26 жұлдызы болып табылады.

Қайта қаржыландыру мөлшерлемесінің өлшемін Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі реттейді (см. https://online.zakon.kz/document/?doc_id=1016416)

 

Сілтеме арқылы өту үшін ұялы телефонда  «‎Камера» қосымшасын ашып QR-кодқа бағыттаңыз

8.4Өсімақыны (өсімпұл) төлеу Тараптарды Шарт бойынша міндеттемелерді орындаудан босатпайды.

8.5 Тараптардың келісімі бойынша құжатпен расталған ауыр материалдық шығынға немесе уақытша еңбекке жарамсыздыққа әкеп соққан ауру немесе жазатайым оқиға кезінде Тұтынушыға, оның жазбаша өтінішімен өсімақы есептеу жөніндегі мерзім ұзартылуы мүмкін. 8.6Егер Қызмет беруші үшін Тұтынушыға қызмет көрсету мүмкін еместігі Қызмет берушімен шарттық қатынастарда тұратын басқа тұлғалардың кінәсінен болса, егер мұндай мүмкіндік кондоминиумға жататын сумен жабдықтау және су бұру жүйелерін тұтынушылардың бірлесіп пайдалануына байланысты туындаған жағдайды қоспағанда, Тұтынушы алдында Қызмет беруші жауапты болады.

9 Еңсерілмейтін күш мән-жайлары

9.1 Форс-мажорлық жағдайлар, яғни күші жетпейтін жағдайлар (табиғат апаттары немесе болжау және алдын-алу мүмкін емес өзге де) жағдайлар, әскери әрекеттер, көтерілістер және басқа да Шартталаптарын орындамауды немесе тиісінше орындамауға әкелетін жағдайлар туындаған жағдайда басқа Тараптың алдында ешбір Тарап жауакершілікті алмайды.

9.2 Әлі келмейтін жағдайлар туындаған жағдайда Қызмет беруші олар туындаған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде ол туралы ресми бұқаралық ақпарат құралдары арқылы Тұтынушыларды хабарландырады.

9.3 Шарт бойынша Тараптардың міндеттемелері әлі келмейтін жағдайлар әрекет еткен мерзімге тоқтатылуы мүмкін, тек Тараптардың Шарт міндеттемелерін орындауына кедергі келтіретін дәрежеде ғана. Егер әлі келмейтін жағдайлар үш және одан да көп айға жалғасса, Тараптардың әрқайсысы болжаулы бұзу күніне дейін кем дегенде жиырма күнтізбелік күн қалғанға дейін келесі жақты алдын-ала хабарландыру шартымен, Шартты бұзуға құқылы. Сонымен бірге Тараптар Шарт бойынша барлық өзара есепайырысуларды 30 күнтізбелік күн ішінде жасауға міндеттенеді.

10 Дауларды шешу

10.1 Шарттың қандай да бір ережесі бойынша немесе тұтастай алғанда, не Шарттың ережелеріне қатысты қандай да бір мәселеге немесе іс-әрекетке байланысты туындаған қандай да бір дау немесе келіспеушілік жағдайында Тараптардың кез келгені екінші тарапқа даудың мәнін толық баяндай отырып, наразылық жолдауға құқылы.Тараптар барлық дауларды келіссөздер жолымен реттеу үшін барлық күш-жігерін жұмсайды.

10.2 Тараптардың Шарттан туындайтын және онымен реттелмеген қатынастары Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасымен реттеледі.

10.3 Тараптардың бірі Шарт бойынша міндеттемелерді орындамауы немесе бұзуы жағдайында келесі Тарап келтірілген шығындарды өтеу туралы талаптарды көрсету арқылы бір жақты тәртіпте Шартты бұзуға және Қызметтерді ұсынуды/тұтынуды уақытша тоқтатуға құқылы.Қызмет беруші алдындағы барлық берешек төленген жағдайда, Тұтынушы бұл туралы
Қызмет берушіні бір айдан кешіктірмей жазбаша хабардар еткен кезде Шартты біржақты тәртіппен бұзуға құқылы.

10.4 Тараптар арасында келісімге қол жеткізілмеген кезде даулар мен келіспеушіліктер сот тәртібімен шешіледі.

10.5 Шартта ескрілмеген Тараптар арасындағы қатынастар Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес реттеледi.

11 Қызмет берушінің деректемелері

11.1 Деректемелер

«Қарағанды Су» ЖШС

100008 Қарағанды қ., Привокзальнаякөш., 5

БСН 040640005089

«Евразийялық Банк» АҚ

БСК: EURIKZKA, КБе 17

ЖСКKZ4294804 KZТ22031530

e-mail: info@kar-su.kz

  

11.2 Абонеттік бөлімшелердің геолокациясы

Бөлімше

Мекенжай

Телефон

Жұмыс уақыты

Сату қызметі

Пригородная көш., 2В

8 (7212) 56-20-00

дүйсенбі-жұма

8:00-17:00,                  үзіліс 13:00-14:00

Жаңақала абоненттік бөлімшесі

Пригородная көш., 2В

8 (7212) 50-68-07

8 (7212) 51-08-46

дүйсенбі-жұма

8:00-17:00,                  үзіліс 13:00-14:00

Оңтүстік-Шығысабоненттік бөлімшесі

Сатыбалдинакөш.,11/7

8 (7212) 33-33-45

8 (7212) 33-32-70

 

Октябрьабоненттік бөлімшесі

Мамраева көш.,21/2

8 (7212) 77-95-77

8 (7212) 77-98-78

Кировабоненттік бөлімшесі

Зелинскийкөш., 18

8 (7212) 32-66-36

8 (7212) 53-11-00

Актасабоненттік бөлімшесі

 Актас к., 8 мартакөш., 20

8 (72137) 5-48-88

Сұрыптауабоненттік бөлімшесі

Сұрыптау к.,

 Локомотивная көш., 141-66

8 (7212) 47-32-99

11.3 Эксплуатациялық бөлімшелердіңгеолокациясы

Бөлімше

Мекенжай

Телефон

Жұмыс уақыты

Орталық сумен жабдықтау цехы

 

Пригородная көш., 2 А

8 (7212) 56-21-93

тәулік бойы

Орталық субұру цехы

 

Аманжолова көш., 86

8 (7212) 56-89-47

Михайлов сумен жабдықтау цехы

 

Зональнаякөш., 1 А

8 (7212) 44-07-11

Оңтүстік-Шығыссумен жабдықтау цехы

 

Зональная көш.,  1 А

8 (7212) 44-07-10

Оңтүстік-Шығыссу бұру цехы

 

Зональная көш., 1 А

8 (7212) 35-94-88

Майқұдық сумен жабдықтау цехы

 

Сантехническая көш., 3

8 (7212) 45-21-91

Майқұдықсу бұру цехы

 

Восток-2 ықш. ауд., 16/2

8 (7212) 79-28-79

Пришахтинсксумен жабдықтау цехы

 

Новошоссейная көш., 25

8 (7212) 49-72-85

Пришахтинсксу бұру цехы

 

Новошоссейная көш., 25

8 (7212) 49-72-75

Теміржолсумен жабдықтау жәнесу бұру

цехы

 

Победы көш., 156

8 (7212) 47-11-16

Актассумен жабдықтаужәнесу бұру цехы

 

Актас к., 8 марта көш., 20

8 (72137) 5-50-56

 

 

 

 

Анықтама қызметтерінің телефондары

Бөлімше

Телефон

Жұмыс уақыты

Орталық диспетчерлік қызмет

8 (7212)  56-19-14

тәулік бойы

Call-орталығы

8 (7212)  35-55-55

дүйсенбі-сенбі

8:00-17:00, үзіліс 13:00-14:00

         

 

ӨЗГЕРІСТЕРДІ ТІРКЕУ ПАРАҒЫ

__________ ж. __________  ___________________ бекітілген елді мекендерге сумен жабдықтау және/немесе су бұрудың көрсетілетін қызметтерін ұсынуға арналған жария шарт

 

р

Өзгеріс нөмері

Қысқаша

мазмұны

Өзгеріс

күні

Қолтаңба

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

[1]Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2019 жылғы 24 маусымдағы № 58 бұйрығымен бекітілген Сумен жабдықтау және(немесе) су бұру жөніндегі көрсетілітін қызметтерді ұсынуға арналған үлгі шарт

[2]Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 28 тамыздағы № 621 Бұйрығымен бекітілген Сумен жабдықтау және су бұру жүйелеріндегі суды есепке алу аспаптарын таңдау, монтаждау және пайдалану қағидалары.

[3]Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2019 жылғы 24 маусымдағы № 58Бұйрығымен бекітілген Сумен жабдықтау және(немесе) су бұру жөніндегі көрсетілітін қызметтерді ұсынуға арналған үлгі шарт

[7]Қазақстан Республкасы Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері агенттігі Төрағасыны 2011 жылғы 26 қыркүйектегі №354 бұйрығымен бекітілген,Елді мекендерді сумен жабдықтаудың және су бұрудың көрсетілген қызметтерінің көлемдерін есептеу әдістемесі.

[8]Қазақстан Республкасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 28 тамыздағы № 621бұйрығымен бекітілген, Сумен жабдықтау және су бұру жүйелеріндегі суды есепке алу аспаптарын таңдау, монтаждау және пайдалану қағидалары.