Көпшілікке арналған шарт

Жеке тұлғаларға сумен қамту және/немесе ағын суларды бұру қызметтерін ұсынуға

жария келісім-шарт

 

 

Тіркеу номері №

     Қарағанды қ.                                                                                                             _______2013ж.

 

       «Қарағанды Су» Жауапкершілігі шектеулі серіктестігі, бұдан әрі «Қызмет беруші» деп аталады, Жарғы негіздемесінде әрекет жасайтын бас директор тұлғасында, бір Тараптан, және де бұдан әрі «Тұтынушы» деп аталатын, қызметтерді қолданушы, екінші тараптан, бірге «Тараптар» деп аталып, осы жария келісім-шартты жасасты, бұдан әрі «келісім-шарт» деп аталады, мазмұны төмендегіше.

 

  1. 1.      Келісім-шартта қолданылатын негізгі түсініктер

       теңгерімдік тиістілікті бөлу шекарасы – сумен жабдықтау жүйелері және (немесе) кәріз жүйесі және ондағы құрылыстар элементтерінің меншік, шаруашылық билеу немесе оперативтік басқару белгілері бойынша қожалық етушілер арасындағы бөліну сызығы;

        пайдалануға беру жауапкершілігін бөлу шекарасы – сумен жабдықтау жүйелері және (немесе) кәріз жүйесін (су құбыры және ондағы құрылыстар) Тараптар келісімімен орнатылатын сумен жабдықтау жүйелері және (немесе) кәріз жүйесі элементтерін пайдалануға беруге міндеткерліктер (жауапкершіліктер) белгісі бойынша бөлу сызығы. Мұндай келісім болмаған жағдайда пайдалануға беру шекарасы теңгерімдік тиістілік шекарасы бойынша орнатылады;

       төлем құжаты – Қызмет беруші құжаты (заңнамамен орнатылған тәртіпте есептік аспаптар көрсеткіштерінің негізінде немесе есептеу жолымен құрастырылған шот, хабарлама, түбіртек, шот-ескерту), осының негіздемесінде төлем жүргізіледі;

       тұтынушы – жария келісім-шарт негіздемесінде жеке қажеттіліктері үшін сумен жабдықтау және суларды бұру қызметтерін пайдаланушы жеке тұлға;

      есептеу аспаптарын тексеру – Қызмет беруші өкілі есептеу аспаптары жай-күйін тексеру мақсатында орындайтын операциялар жиынтығы, техникалық талаптарды растау және анықтау және есептеудің жеке аспабы көрсеткішін шығару;

       есептеу аспабы – заңнамалық орнатылған тәртіпте қолдануға рұқсат етілген, суды коомерциялық есептеуге арналған, техникалық құрылғы;

       есептік кезең– Тұтынушының қызмет үшін есептесуі жүретін айдың бірінші күнінің 00.00 сағатынан бастап соңғы күнінің 24.00. сағатына дейінгі бір күнтізбелік айға тең уақыт кезеңі ретінде келісім-шартта анықталған кезең;

      реттеуші орган – Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес табиғи монополия субъектілеріне қызмет көрсетуге тарифтерді (бағалар, жинау мөлшерлемелерін) мемлекеттік реттеуді жүзеге асыруға өкілетті мемлекеттік орган;

      қызмет беруші – су шаруашылық ұйымы (сумен жабдықтау және су бұру кәсіпорыны), сумен жабдықтау және су бұру бойынша тұтынушыларға қызметтер көрсету мақсатында елді мекенді сумен жабдықтау және су бұрудың толық технологиялық процесін жүзеге асырады, сондай-ақ тұтынушылардың сумен жабдықтау және су  бұру жүйесінің жүйелерінің жай-күйіне техникалық қадағалауды жүзеге асырады, елді мекендегі жалпы сумен жабдықтау және су бұру жүйелерінің дамуын реттейді  және бақылайды;

      жергілікті тазарту құрылыстары – ауызсуды даярлауға немесе басыбайлы ағын суларды елді мекенның су бұру жүйесіне жіберер алдында тазартуға арналған құрылыстар және тұтынушылар құрылғыларының жиынтығы;

      су қолдану нормасы – бір адамның, жануарлардың, жеке қосалқы шаруашылықтың тәуліктік қажеттілігін қанағаттандыру үшін немесе нақты бір елді мекендегі суарылатын аудан бірлігіне судың есептік мөлшері;

 

         бақылаушы құдық – тұтынушының ағын суларынан сынама алуға және оның көлемдерін есептеуге арналған тұтынушының су бұру желісіндегі оны су бұру жүйесіне жалғау алдындағы соңғы құдық;

         есептеу аспаптарын тексеру – есептеу аспаптарының орнатылған техникалық және метрологиялық талаптарға сәйкестігін анықтау және растау мақсатында мемлекеттік метрологиялық қызмет немесе өзге де акредиттелген заңды тұлғалар орындайтын операциялар жиынтығы;

        су бұру жүйесіне шығару – су бұру желісіндегі бірінші құдыққа дейінгі ғимараттан немесе құрылыстан шығатын құбыр;

       су құбырын енгізу –  ғимараттағы бірінші ысырмаға дейінгі, қосылу нүктесінде ілмекті темір арқауы бар құдықты қосқандағы су жабдықтаудың бөлу желісінен шығатын құбыр.

 

 

2. Келісім-шарт мәні

 

      2.1. Келісім-шарт шарттарына сәйкес Қызмет беруші Тұтынушыға сумен жабдықтау және/немесе ағын суларды бұру және тазарту бойынша коммуналдық қызметтер (бұдан әрі – қызметтер) көрсетуге, ал Тұтынушы қабылданған қызметтерді төлеп отыруға міндеттенеді.

    2.2. Көрсетілген қызметтер сипаттамалары мен жіберілетін судың сапасы Қазақстан Республикасының заңнамасы талаптарына, санитарлық-гигиеналық ережелер мен нормаларға, мемлекеттік стандарттарға сәйкес келуге тиіс.

     2.3.  Сумен жабдықтау және су бұру тәртібі – тәулік бойғы.

     2.4. Кондоминиум нысандарындағы су құбыры желісінің пайдалануға беру жауапкершілігінің бөліну шекарасы ғимаратқа енгізудегі соңғы ысырманың бөлгіш фланец болып табылады, жеке тұрғын құрылыс нысандарында – Қызмет берушінің су құбырлары желісіне қосылу орнындағы ілмектік-сөндіруші темір арқаудың соңғы фланеці болып табылады.

      Кондоминиум нысанының ағын суларды бұру жүйесіндегі пайдалануға беру жауапкершілігін бөлу шекарасы елді мекеннің ағын суларын бұру жүйесіне қосылу орнындағы құдық болып табылады.

 

                                                                        3. Қызметтер ұсыну шарттары

 

      3.1. Сумен жабдықтау және су бұрудың ұсынылған қызметтері көлемі пайдалануға беру жауапкершілігі және Қызмет берушімен коммерциялық есепке қабылданған бөлу шекарасында орнатылған есептегіш аспаптардың көрсеткіштері бойынша анықталады.

       3.2. Су бұру қызметтерінің ұсынылған қызметтерінің көлемі сумен жабдықтаудың (ауызсу, техникалық, ыстық) ұсынылған  қызметтері көлеміне тең болып қабылданады, сонымен қатар ағын суларды күресінге (септикке) немесе жергілікті тазартқыш құрылыстарға бұрудағы.

      3.3. Қызметтерді беруді тоқтату мына жағдайларда жүргізіледі:

      3.3.1. апаттық жағдайларда, не болмаса өмірге және азаматтар қауіпсіздігіне қауіп төнгенде;

      3.3.2. Қызмет беруші желісіне өзбетінше қосылғанда;    

      3.3.3. есептік кезеңнен кейінгі екі ай бойына қызметтер үшін төлем болмағанда;

      3.3.4. Қызмет берушіні есептеу аспаптарына бірнеше рет жібермей қойғанда;

      3.3.5. құбырларға зарарсыздандыру жүргізу қажет болғанда;

      3.3.6. нормативтік құқықтық актілерде және Тараптар келісімімен көзделген өзге де жағдайларда.

    3.4. 3.3.1. және 3.3.2. тармақшаларда айтылған жағдайларда Қызмет беруші өкілдерінің қосуы туындаған бұзылымдарды жоюы және ауыздықтағанынан кейін жүргізіледі.

    3.5. 3.3.4 тармақшада айтылған жағдайда және Қызмет беруші мен Тұтынушы арасындағы тікелей байланыс соңғысының орнында жоқтығы себебінен мүмкін болмайтын жағдайда, есептеу аспабының көрсеткішін хабарлау үшін Тұтынушы Телефон байланысын пайдалана алады.

    3.6.  3.3.2. тармақшада көзделген бұзылыстарда өзбетінше алған қызметтер құны соңғы тексеріс жүргізген сәттен тауып алған күнге дейінгі кезеңде оның тәулігіне сағат әрекет етуінде, бірақ екі айдан көп емес мерзімдегі құбырдың басқару торабына дейінгі толық өткізгіштік қабілетін есептеуден анықталады.

       3.7. 3.3.3. тармақшада көзделген бұзылыстардан қызметтерді тоқтату жағдайында, қосу қарызды өтегенде және екі жақтық акт құрап, Қызмет берушінің пломбалардың сақталуын тексергенінен кейін жүргізіледі. Барлық жағдайларда қосуды Қызмет беруші өкілі жүргізеді, қосу жайлы орнатылған формадағы акт беріледі.

       3.8. Бірнеше рет сөндіруде қосу құны аумақтық монополияға қарсы органмен келісілген қосуға төлем жасағаннан соң жүргізіледі.

 

4. Қызмет құны және төлеу тәртібі

 

     4.1. Осы келісім-шарт бойынша ұсынылған қызметтерге төлем өкілетті орган бекіткен тарифтер бойынша жүргізіледі.

    Қызметтер құны, келісім-шарттың өзге де шарттары сияқты, Қазақстан Республикасы заңнамасымен орнатылған жеңілдіктер мен басымдықтарды ескере отырып қызметтер ұсыну жағдайларынан өзге жерде барлық Тұтынушылар үшін бірдей орнатылады.

    4.2. Төлемді Тұтынушы есептік кезеңнен кейінгі айдың 25-не дейінгі мерзімде төлемдік құжат негізінде ұсынылған нақты қызмет мөлшері үшін ай сайын төленіп отырады.

    4.3. Тұтынушыға Қызмет беруші берген төлем құжатын жоғалтқан жағдайда, алынған қызметтер құнының сомасы Тұтынушының жазбаша мәлімдемесі негізінде Қызмет беруші берген төлем құжаты шотының көшірмесі бойынша төленеді.

                                                  

 

5. Қызметтерді жіберу және тұтынуды есептеу

 

     5.1. Жіберілген судың мөлшері жекелеген есептеу аспаптарының көрсеткіштері бойынша анықталады. Суды есептеудің жекелеген аспаптары болмаған жағдайда – іс жүзінде тұрып жатқан адамдар санына сәйкес мәліметтерді бөлумен жалпы үйдегі есептеу аспабының көрсеткіштері бойынша.

Көп пәтерлі үйдегі Жалпы үй аспабы мен әрбір Тұтынушыдағы жекелеген аспаптар болған жағдайда жалпы үй және жекелеген аспаптар көрсеткіштерінің арасындағы айырмашылық үйде іс жүзінде тұрып жатқан адамдар санына қарай бөлінеді.

      5.2. Тұтынушыда жекелеген есептеу аспабы болмаған жағдайда сумен жабдықтау бойынша ұсынылған қызметтер көлемі тұрып жатқандардың іс жүзіндегң саны бойынша және елді мекен үшін орнатылған сумен жабдықтау/су бұрудың пайдалануға беру нормалары бойынша уақытша есептік жолмен анықталады. Сонымен қатар есептеу екі есептік кезеңнен аспай есептік жолмен жүргізіледі.

     5.3. Есептеу аспаптары оларға Қызмет беруші пломба салып, тіркегеннен соң коммерциялық есепке алынады. Әрбір аспапта екі пломба болуға тиіс: суөлшегіштің шоттық құрылғысындағы зауыт-дайындаушыныкі және Қызмет берушінікі.

     5.4. Есеп аспабындағы көрсеткіштің кемшілігі зауыт-дайындаушы орнатқан шектерде болса, сумен жабдықтау және су бұру бойынша қайта есептеулер жүргізуге негіздеме болып табылмайды.  

    5.5. Тұтынушы кінәсінен болмайтын есептеудегі уақытша қателікте  қызмет үшін есеп айырысу өткен есептік кезеңдегі тәуліктік есептесу бойынша 1 ай ішінде жүргізіледі.

    5.6. Пәтерде немесе жеке үйде орнатылған есептеу аспаптарының сақталуын қамтамасыз ету Тұтынушыға жүктеледі. Қызмет берушінің арнайы бөлінген бөлмелерге есептеу аспаптарын орнатуында олардың сақталуына жауапкершілік Қызмет берушіге жүктеледі. Есептеу аспаптарына қызмет көрсету құнын олардың сақталуына жауапты тұлға төлейді.

 

    5.7. Есептеу аспаптарын анықталмаған тұлғалар жоғалтқан немесе сындырған жағдайда, басқасы Тараптар келісімімен көзделмесе, олардың сақталуына жауапты тұлға айлық мерзімде аспаптарды қалпына келтіруге міндетті. Есептеу аспаптарын қалпына келтіргенге дейін тұтынушыны Қызмет беруші сумен жабдықтау желілеріне қосады.

     5.8. Қызмет берушіден ағын суларды бұру жүйесіне бұрылатын судың мөлшері төмендегіге тең болып есептеледі:

     - ыстық сумен жабдықтаудың жабық жүйесінде, жергілікті су жылытқыштар қолданылған жағдайда – жіберілген суық су мөлшеріне;

     - ыстық сумен жабдықтаудың ашық жүйесінде, ыстық су орталықтандырылған ыстық сумен жабдықтау жүйесінен келіп тұрған жағдайда – жіберілген суық су мөлшеріне плюс жіберілген ыстық су мөлшеріне;

     - Тұтынушыда судың баламалы көздері болғанда – Қызмет беруші жіберген суық су мөлшеріне плюс баламалы көзден келген тұтынылған қосымша суға, не болмаса тараптардың қосымша келісімімен анықталады. Оның үстіне төлем ағындарды тазарту және тазарту құрылыстарына дейінгі қабылдаулар – сәйкес құдықтардан Қызмет берушінің желілер бойынша ағындарды тасымалдауы үшін жүргізіледі.

     5.9. Тұтынушының есептеу аспаптарынсыз тікелей қосылуына Қызмет берушінің рұқсатымен уақытша (1 айдан аспайтын уақытқа) жол беріледі, бұл жағдайдағы жіберілген қызметтің мөлшері суды пайдалану нормалары бойынша есептік жолмен Қызмет беруші орнатады.

     6.0. Суды есептеу сызбасын бұзу, басқару тораптарындағы және есептеу аспаптарындағы пломбаларды жұлу, есептеу аспаптарының көрсеткіштерін өзгертіп жіберетін құрылғыларды орнату айғақтарын тапқан жағдайда, Тұтынушыға соңғы тексеріс сәтінен анықтау күніне дейінгі суды пайдалану үшін қайта есептеу жүргізіледі, бірақ тәулігіне 24 сағат бойы әрекет жасағанда басқару торабына дейінгі құбырдың толық өткізгіштік қабілетін есептегендегі екі айдан артық емес.

    6.1.  Тарифтер немесе суды қолдану және ағындарды бұру нормалары орнатылған тәртіпте өзгерсе, олар бойынша есептеулер оларды әрекетке енгізген сәттен бастап жүргізіледі.

    6.2. Қаланың сумен жабдықтау жүйесіне қосылмаған Тұтынушылар, сондай-ақ судың басқа көздеріне ие Тұтынушылар есептіктен кейінгі айдың ішінде Қызмет берушіге су шығыны аспабы есебінің мәліметтерін, сондай-ақ кәріз жүйесіне шығарылатын ағын сулардың іс жүзіндегі мөлшерін есептеуге қажет мәліметтерді беруге тиіс.    

     6.3. Қаланың сумен жабдықтау жүйесіне қосылмаған Тұтынушылар Қызмет берушімен немесе өзге де жеке тұлғалармен (Қызмет берушімен ағындарды қабылдау және тазартуға келісім-шарты бар) ағын сулардың күресін орларына және Аэрация станциясына тазартуға әкетілуіне келісім-шарт жасасуы қажет.

     6.4. Тұтынушы немесе оның өкілі есеп аспаптарын орнатуға негізсіз кедергі келтіргенде жіберілген су көлемдерін кедергі келтірген сәттен Қызмет беруші өкілінің орнатылған есептеу аспабын пломбалау сәтіне дейінгі  есептеу аспабы орнатылуға тиіс құбырдың толық өткізгіштік қабілеті бойынша есептеу жүргізіледі.

     6.5. Сумен жабдықтау  және суды бұру қызметтерін ұсынуға Қызмет берушімен келісім-шарт жасалынбастан елді мекенді сумен жабдықтау желілерінен суды қолдану айғағы анықталғанда, жіберілген су көлемін есептеу өзбетінше жалғау енгізіліміндегі құбырдың толық өткізу қабілеті бойынша табылған (сөндірілген) сәтке дейінгі іс жүзінде қолданған уақытқа жүргізіледі, бірақ екі айдан артық емес.    

     6.6. Судың Тұтынушы балансындағы су құбырынан төгіліп үнемі ағып тұру айғағы табылғанда, сумен жабдықтау қызметінің көлемін есептеу  құбырдың толық өткізу қабілеті бойынша соңғы тексеріс сәтінен бастап жүргізіледі, бірақ бір айдан артық емес.

 

6. Тұтынушының құқықтары мен міндеттемелері

 

    6.1. Тұтынушы құқылы:

    6.1.1. өзінің денсаулығына қауіпсіз, оның мүлкіне зиян тигізбейтін, орнатылған сападағы, Жария келісім-шарт шарттарына сәйкес қажетті мөлшерде қызметтер алуға және оны өз қажеттілігіне қарай пайдалануға;

    6.1.2. ағын суларды жол берілетін жүктемелер шегіндегі қажетті көлемде төгуге;

    6.1.3. заңнамаға қарсы келетін, Қызмет берушінің әрекетін немесе әрекетсіздігін өкілетті органға және/немесе сот тәртібінде шағымдануға;

    6.1.4. қызметтерге тарифтер жобасын талқылау бойынша өткізілетін жария тыңдауларға қатысуға;

    6.1.5. уақытылы төлем жасауда өзіне қажет көлемде қызметтерді пайдалануға;

    6.1.6. қызметтерді тиісінше көрсетпеу салдарынан өміріне, денсаулығына және (немесе) мүлкіне келтірілген зиян, сондай-ақ моральдық зиянның орнын толық көлемде толтыруды Қызмет берушіден орнатылған тәртіпте талап етуге;

    6.1.7. орнатылған мемлекеттік стандарттарға және өзге де нормативтік құжаттар талаптарына сәйкес келмейтін қызметтер ұсынылған жағдайда қызметтер құнын қайта есептеуді талап етуге;

    6.1.8. егер Қызмет беруші орнатылған тәртіпте шотты шығармаса, алынған қызметтер үшін төлем жасамауға;

    6.1.9. ұсынылған қызметтерге төлем жасаған жағдайда, Қызмет берушіге ол туралы бір айдан кешіктірмей жазбаша түрде хабарлаған жағдайда, сумен жабдықтау және су бұру қызметтерінен бір жақтық тәртіпте бас тартуға.

    6.2. Тұтынушы міндетті:

    6.2.1. шығарылған төлем жасау құжаттарына сәйкес алынған қызметтерді толық көлемде және уақытылы төлеуге;

    6.2.2. жасалынған келісім-шарттар шарттарына сәйкес реттелетін коммуналдық қызметтерге (тауарларға, жұмыстарға) есептеу аспаптарын алуды және орнатуды уақытылы  және толық көлемде төлем жасауға;

    6.2.3. реттелетін коммуналдық қызметтерді (тауарларды, жұмыстарды) есептеу аспабы болуына;

  6.2.4. Қызмет берушіге сумен жабдықтау жүйесінің құрылысының, кәріз жүйесі және есептеу аспабы жұмысындағы ақаулар туралы, пломба және (немесе) бекіту тұтастығының бұзылуы туралы, Қызмет берушіге, ал сумен жабдықтау немесе кәріз жүйесі құрылысының бұзылуы немесе ластаушы, улы заттардың апаттық төгілуі жағдайында – төтенше жағдайларды ескерту және ауыздықтау бойынша, мемлекеттік өртке қарсы қызмет, санитарлық-эпидемиологиялық қызмет және қоршаған ортаны қорғау қызметінің жергілікті органдарына тезарада хабарлауға;

     6.2.5. қызмет беруші өкілдерінің желілер, аспаптар және жабдықтардың техникалық жай-күйі мен қауіпсіздігін, бақылау үшін, есептеу аспаптарына кедергісіз қол жеткізуін қамтамасыз етуге;

     6.2.6. жеке есептеу аспабын мемлекеттік тексеру мерзімдерін сақтауды қадағалауға. Тексеру мерзімі аяқталған соң тексеруді мамандандырылған ұйымдарда жүргізуге;

     6.2.7. қызметтерді тұтынуда қауіпсіздік техникасы бойынша талаптарды сақтауға, Тұтынушының меншігіндегі су құбыры және кәріз желісін ұстау бойынша шығындарды өтеп отыруға;

     6.2.8. әрекеттегі заңнама талаптарына сәйкес Қызмет беруші орнатқан техникалық талаптарды орындауға;

     6.2.9. өз иелігіндегі немесе қызметіндегі пайдалануға берілген сумен жабдықтау жүйелерінің, пломбалардың және олардың бекітулерінің, ағын суларды бұру жүйелерінің сақталынуы мен тиесілі техникалық жай-күйін және қауіпсіздігін қамтамасыз етуге.

 

 

7. Қызмет берушінің құқықтары мен міндеттемелері

 

     7.1. Қызмет беруші құқылы:

     7.1.1. ұсынылған қызметтерге төлемді уақытылы және толық көлемде алуға;

     7.1.2. Тұтынушылар ұстануы қажет міндетті техникалық талаптарды заңнамаға сәйкес орнатуға;

     7.1.3. сумен жабдықтау жүйесі құрылысына, кәріз жүйесіне техникалық қызмет көрсетуге және есептеу аспаптарын тексеруді ұйымдастыруға;

     7.1.4. коммуналдық қызметтерді тұтыну және төлем жасауға бақылауды жүзеге асыруға;

     7.1.5. Тұтынушы алынған қызметтерге төлем жасамауымен байланысты, бір ай бұрын Тұтынушыға ол туралы ескерту жасалынғанда бір жақты тәртіпте Келісім-шартты орындауды тоқтатуға. Ескерту Тұтынушыға төлем жасау үшін ай сайын ұсынылатын төлем құжатында бағытталуы мүмкін. Тоқтату ілмекті темір қалқанды жабық түрде пломбалаумен немесе су құбыры желісіндегі көрінеу ажырату құрылғысымен, кәріздік құбырларды  демонтаждаумен және т.б. жүргізіледі.

     7.2. Қызмет беруші міндетті:

     7.2.1. Келісім-шарт талаптарына сәйкес Тұтынушыға уақытылы және тиесілі қызметтер ұсынуды қамтамасыз етуге;

     7.2.2. ұсынылған қызметтер сапасы мен мөлшерін есептеу мен бақылауды жүргізуге, ұсынылған қызметтер бұзылуын ескерту және жою бойынша шараларды уақытылы қолдануға;

     7.2.3. Тұтынушының негіздемелі шағымдары бойынша ұсынылатын қызметтер сапасы мен көлемін қалпына келтіру бойынша шараларды 24 сағат ішінде қабылдауға;

     7.2.4.  ұсынылатын қызметтерді төлеуге есептіліктен кейінгі айдың 10-жұлдызына дейін төлем құжатын Тұтынушыға ұсынуға;

     7.2.5. тарифтер өзгеруі туралы оларды әрекетке енгізгенге дейін 10 күннен кешіктірмей бұқаралық ақпарат құралдары арқылы Тұтынушыларға хабарлау;

     7.2.6. Тұтынушының сумен жабдықтау және ағын суларды бұру желілерін, есептеу аспаптарын қарауда қызметтік куәлікті көрсетуге;

     7.2.7. желілердегі профилактикалық және жөндеу жұмыстарын жүргізген кезеңде тұтынушыға ауызсуды көлік құралдарымен жеткізуге.

 

 

8. Тараптарды шектеу

 

     8.1. Тұтынушыға тыйым салынады:

     8.1.1. Қызмет берушімен алдын-ала келіспестен үйішілік желілерді, сумен жабдықтау, ағын суларды бұру жүйелерінің құрылыстарын және есептеу аспаптарын қайта жабдықтауға;

     8.1.2. қызметтерді есептеудің қолда бар сызбаларын, пломбалар және олардың бекітулерінің тұтастығын бұзуға;

     8.1.3. суме жабдықтау және су бұру  желілері және құрылыстар үстіне түрлі материалдар мен заттарды қоюға, қоқыс жинауға;

     8.1.4. суме жабдықтау және су бұру  желілері және құрылыстар үстіне тұрақты және уақытша құрылыстар салуға;

     8.1.5. судың үнемі төгіліп ағып кетпеуі үшін ішкі су құбыры жүйесіндегі шүмектерін ашуға;

     8.1.6. ауызсуды тікелей ағу сызбасы бойынша жабдықты суыту үшін пайдалануға;

     8.1.7. суды бөлу және өрт гидранттары тіреулеріне уақытша су құбыры желілерін қосуға;

     8.1.8. кәріз жүйесі құдықтарына қар және мұз сынықтарын тастауға;

     8.1.9. Қызмет берушімен келіспестен сумен жабдықтау және су бұру желілерінде жұмыстар орындауға;

     8.1.10. су бөлу құдықтары жанында үй жануарларын суаруға, кір жууға, автомашиналарды және тұрмыс заттарын жууға, оларға құырлар мен шлангілер жалғауға, сондай-ақ санитарлық-эпидемиологиялық ережелер мен нормалар талаптарына қайшы келетін өзге де әрекеттерді жасауға.

     8.2. Қызмет берушіге тыйым салынады:

     8.2.1. қызмет көретуден бас тартуға немесе Тұтынушыны басқа тұтынушылардың талаптарды орындамау себептері бойынша қызмет алуын шектеуге;

     8.2.2. көрсетілген қызмет үшін реттеуші орган орнатқаннан жоғары төлем алуға;

     8.2.3. төлем құжаттарын ұсынбастан Тұтынушыдан ай сайынғы қызметке төлемді талап етуге.

  

 

9. Форс-мажорлық жағдайлар

 

     9.1. Форс-мажорлық жағдайлар, яғни күші жетпейтін жағдайлар (табиғат апаттары немесе болжау және алдын-алу мүмкін емес өзге де) жағдайлар, әскери әрекеттер, көтерілістер және басқа да келісім-шарт шарртарын орындамауды немесе тиісінше орындамауға әкелетін жағдайлар туындаған жағдайда басқа тараптың алдында ешбір Тарап жауакершілікті алмайды.

     9.2. Әлі келмейтін жағдайлар туындаған жағдайда Қызмет беруші олар туындаған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде ол туралы ресми бұқаралық ақпарат құралдары арқылы Тұтынушыларды хабарландырады.

    9.3. Келісім-шарттар бойынша Тараптардың міндеттемелері әлі келмейтін жағдайлар әрекет еткен мерзімге тоқтатылуы мүмкін, тек Тараптардың Келісім-шарт міндеттемелерін орындауына кедергі келтіретін дәрежеде ғана.

    9.4. Егер әлі келмейтін жағдайлар 3 және одан да көп айға жалғасса, Тараптардың әрқайсысы болжаулы бұзу күніне дейін кем дегенде жиырма күнтізбелік күн қалғанға дейін келесі жақты алдын-ала хабарландыру шартымен, Келісім-шартты бұзуға құқылы. Сонымен бірге Тараптар Келісім-шарт бойынша барлық өзара есеп-айырысуларды 30 күнтізбелік күн ішінде жасауға міндеттенеді.

10. Тараптар жауапкершілігі

 

10.1. Жабдықтар мен инженерлік желілерді тиісінше ұстауға жауапкершілік оның иесіне жүктеледі және теңгерімдік тиесілілікті бөлу шекараларына қарай анықталады.

10.2. Келісім-шартта көзделген міндеттемелерді орындамау және тиісінше орындамау жағдайында, кінәлі жақ келесі тарапқа заңнамаға сәйкес шығын орнын толтырады.

10.3. Көрсетілген қызметке төлемді мерзімінен кешіктірген жағдайда Тұтынушы Келісім-шартқа сәйкес (30 тармақта көзделген жағдайларды есептемегенде), Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінің қайта қаржыландыруы 1,5 есе мөлшерлемесіне қарай есептелген, әрбір мезгіл өткізу күніне, бірақ негізгі қарысзсомасынан асырмай, осы сомаларды төлеудің әрекеттегі күнінде айыпақыны төлейді.

Айыппұлдың орнатылған мөлшерлері Тұтынушымен Келісім-шарт жасасқанда жүргізіледі. Басқасы Тараптар келісімнде айтылмаса, айыпақыны төлеу мерзімінің басы есептік кезеңнен кейінгі айдың 26 жұлдызы болып табылады.

     10.4. Қызмет берушінің Тұтынушыға қызмет көрсетуінің болмауы Қызмет берушімен келісім-шарттық қатынастағы басқа тұлғалардың кінәсінен болса, Тұтынушы алдындағы жауапкершілік Қызмет берушіде болады.

10.5. Айыпрұлды (үстемені) төлеу Тараптарды Келісім-шарт бойынша міндеттемелерді орындаудан босатпайды.

 

11. Жалпы ережелер және дауларды шешу

 11.1. Өзінің құқықтық қарым-қатынасында Тараптар келісім-шартты және әрекеттегі заңнаманы басшылыққа алады.

 11.2. Қызмет көрсету Келісім-шарты желілерге орнатылған тәртіпте Тұтынушының іс жүзіндегі бірінші қосылуы сәтінен бастап күшіне енеді.

       11.3. Басқасы тараптар келісімінде көзделмесе, келісім-шарт әрекетінің мерзімі мерзімсіз болып табылады.

     11.4. Келісім-шартты бұзу немесе шарттарын өзгерту Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген тәртіпте және негіздемелермен жүзеге асырылады.

     11.5. Тараптардың бірі келісім-шарт бойынша міндеттемелерді орындамауы немесе бұзуы жағдайында келесі тарап келтірілген шығындарды өтеу туралы талаптарды көрсету арқылы бір жақты тәртіпте келісім-шартты бұзуға құқылы.

     11.6. Тараптар арасындағы келісімге қол жеткізбеген жағдайда даулар мен келіспеушіліктер сот тәртібінде шешіледі.

     11.7. Келісім-шартта айтылмаған Тараптар арасындағы қатынастар әрекеттегі заңнамаға сәйкес реттеледі

.

12. «Қарағанды Су» ЖШС деректемелері

«Қарағанды Су» ЖШС

100008 Қарағанды қ., Ерубаев көш., 48, «Азат» СҮ

ЖСКК KZ309261101139504005

БСК  KZKOKZKX    КФ

«Казкоммерцбанк Казахстана» АҚ-да

СТН 302000250151

БСН 040640005089

 

Жеке тұлғаларға сумен қамту және/немесе ағын суларды бұру қызметтерін ұсынуға жария келісім-шарт «Қарағанды облысы бойынша Монополияға қарсы инспекция» ММ келісілген, шығ.№ 19-02-06/1786, 01.11.2013 жыл.