Новое обращение пользователя Зикирина Саяжан

ID - 1847

Question

Құрметті Табиғат Ғабденұлы сіздің блогыңызға басқа шарамыз қалмаған соң жазып отырмыз..мені зейнеткер адамды жəне біздің подъездегі адамдарды ашындырған мəселе су мəселесі.Біздің Қарағанды қ. Республика данғ.28 үй 1 подъезінде суық су напоры өте төмен (үстіңгі қабаттарда мүлдем ақпайды),ыстық суды айырған кездері мүлдем тоқтап қалады..5 қабатта тұратын мен үшін жəне мен сияқты зейнеттегі кəрі адамдар үшін сусыз өте ауыр тиеді..үйімізде менен басқа кішкентай немерелерім бар,21 ғасырда қалалық үйде сусыз отыру оңай емес. Біздің домның КСК-ң қолынан ештеңе келмеді..подвалдағы құбырларды өз күшімізбен адам жалдап пластиккеде ауыстырдық..бірақ су напоры өзгерген жоқ..кейбір мамандар пəтердегі құбырларды ауыстыру керек деді, оны да ауыстырдық еш өзгеріссіз..бірінші қабаттың өзінде су сыздықтап қана аққан соң, 5 қабатта тұратын бізде су қайдан жақсы ақсын..Осыдан 2-3 жыл бұрын мұндай жағдай болмағантын,Қарағанды суға соққан біздің қоңырауларымызға қарағанды су мамандары тура үйдің жанында жөндеу жүргенін,жөндеу жұмыстары кезінде кранның жартылай ғана ашып ұмытып кеткендерін, бірақ одан кейін кран толық ашылды деді бірақ су напоры сол бетінше əлсіз.. Құрметті Табиғат Ғабденұлы су өмір көзі..біз тұрғындар кəзіргі уақытта көп нəрсені түсінеміз бірақ ақшасын адам сияқты төлеп құдайдың қара суына кəзіргі күнде жете алмау ашындырады..сіздің осы жоғарыда көрсетілген мəселені өз жұмысына немқұрайлы қарайтын кейбір мамандарға тапсырмай өзіңізге шешуге ат салысады деп сенеміз..бұл тек қана менің ғана емес бүкіл подъезд тұрғындарының өтініші..рахмет!!!

Answer

Құрметті Зикирина Саяжан! Ыстық суды тоқтатқаннан кейін қала бойынша суық суды тұтынуға қажеттілік өскендігі рас, бұл қаланың таратқыш және орамішілік желілеріндегі қысым деңгейіне теріс ықпал етті. «Қарағанды Су» ЖШС мамандары 2016 жылдың 15-16 мамырында Оңтүстік-Шығыс ауданының су құбыры желілерінде қысымды дұрыстау және реттеу бойынша техникалық іс-шаралар жүргізілді. 17.05.2016 жылғы жағдайы бойынша «Қарағанды Су» ЖШС магистралды су тартқыштары және сорғы станцияларындағы қысым тұрақты, қондырғы жұмыс тәртібінде қызмет етеді.

Бас директор Зейнұлқабден Т.