Құрметті тұтынушылар! Есептегіштердің көрсеткіштерін және пломбалауға өтінімдерді онлайн боттар арқылы жіберуге болады: WhatsApp +7 778 089 4931 Telegram @ qaragandy _su_bot

«Қарағанды Су» ЖШС тұтынушылары назарына!

Құрметті тұтынушылар!

          Қарағанды қаласында орын алған ыстық ауа-райына байланысты (t + 30 + 34), сондай-ақ 9 мамырдан бастап ыстық судың өшірілуімен байланысты барлық тұтынушылар ауыз суды қарқынды пайдалануға көшті. Жеке учаскелері бар аз қабатты үйлердің секторында (жеке сектор) тұратын тұтынушылар жаппай жасыл желектерді суық сумен суаруды бастады.

Осыған байланысты, соңғы екі аптада «Қарағанды Су» ЖШС желілеріндегі қысымды реттеу қызметі тәулік бойы бақылау жүргізіп, қысым реттегіштерін күндізгі және түнгі тұтыну режимдеріне сәйкес реттеуге мәжбүр. Алайда, орын алған жағдайда сумен жабдықтау желілерінде қажетті қысымды ұстап тұру өте қиын, өйткені қалалық тарату желілері тұрмыстық ауыз суды тұтынуға арналған және жасыл желектерді суаруда ауыз суды қолдануды қамтамасыз ете алмайды.

Сонымен қатар, қазіргі уақытта біздің қызметкерлер жеке секторлардағы тұтынушылардың «Қарағанды Су» ЖШС келісімінсіз сумен жабдықтау желілеріне әр түрлі диаметрлі рұқсатсыз қосылуларды жүзеге асырғандарын анықтауды жүргізуде. Мұндай су құбыры желісіне рұқсатсыз қосылып алу жағдайлары  желілердегі гидравликалық режимді бұзады және жалпы фондық қысымды төмендетеді, сондықтан 4-5-ші қабат тұрғындары сумен жабдықтаудың тапшылығын сезінеді.

Осыған байланысты біз қала тұрғындарынан осындай рұқсатсыз қосылулар фактілерінің куәгері болған жағдайда, бізге келесі телефон нөмірлері бойынша хабарлауды сұраймыз:

Жедел байланыс үшін тәулік бойы қызмет көрсететін 8 (7212) 562070 телефоны, сондай-ақ апаттық аймақтардың телефондары:

Орталық сумен жабдықтау цехі 56-21-93

Оңтүстік-шығыс сумен жабдықтау цехі 44-07-10

Михайлов ауданы сумен жабдықтау цехі 44-07-11

Майқұдық сумен жабдықтау цехі 45-21-91

Сортировка ауданы сумен жабдықтау цехі 47-11-16

Пришахтинскі сумен жабдықтау цехі 49-72-85

Ақтас сумен жабдықтау цехі 8 (72137) 5-50-56

Түсіністік пен ынтымақтастық үшін рахмет.