Құрметті тұтынушылар! Есептегіштердің көрсеткіштерін және пломбалауға өтінімдерді онлайн боттар арқылы жіберуге болады: WhatsApp +7 778 089 4931 Telegram @ qaragandy _su_bot

Құрметті «Қарағанды Су» ЖШС тұтынушылары: Мамраев шағын ауданы (Восток-5), Голубые Пруды, Жаңа қала, Михайловка, Үлкен Михайловка станциясы, Фёдоровка, Кирзавод 1-2, Ақтас мекені, Кирзавод 3-4, городской Аэропорт шағын ауданы, Шапағат шағын ауданы, Оазис

2019 жылдың 1 шілдесінен 2 шілдесіне қараған түні «Қарағанды Су» ЖШС жаңа магистралды су құбырларын пайдалануға енгізу бойынша жұмыстар жүргізеді. Аталмыш жұмыстардан кейін су құбыры желілерін зарарсыздандыру жұмыстары жүргізіледі. Осыған байланысты 1 шілде күні сағ.22.00-ден 2 шілде сағ. 23.50-ге дейін су өшіріледі. 

2019 жылдың 3 шілдесінде жоғарыда аталған тұтынушыларға су хлордың жоғары мөлшерімен берілетін болады. Суды ішуге және тағам дайындау мақсаттарында пайдалануға тыйым салынады.

Жұмыстардың орындалуы уақытында ауыз судың 2 тәуліктік қорын алып алуды ұсынамыз. 

Уақытша қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз.

«Қарағанды Су» ЖШС

баспасөз қызметі