Құрметті тұтынушылар! Есептегіштердің көрсеткіштерін және пломбалауға өтінімдерді онлайн боттар арқылы жіберуге болады: WhatsApp +7 778 089 4931 Telegram @ qaragandy _su_bot

Дания Корольдігінің делегациясы «Қарағанды Су» ЖШС-не келді

2016 жылдың 2 қарашасында «Қарағанды Су» ЖШС кәсіпорынының өндірістік алаңында «Қарағанды Су» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі қызметкерлері мен Дания Корольдігі секторалды делегациясының кездесуі өтті. Бүгінде Дания энергияны үнемдеу мен балама энергияны қолдану мәселелері бойынша алдыңғы қатарлы елдердің бірі. Дания Корольдігі секторалды делегациясының «Қарағанды Су» ЖШС-нің өндірістік алаңына ресми сапармен келуі кездейсоқ емес, себебі кәсіпорын энергияны үнемдеуші технологияларды белсенді түрде қолданысқа енгізуде және су мен электр энергияларының ысырап болуын азайтуға қатысты сұрақтар төңірегінде жұмыс жасайды. «Қарағанды Су» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі көп уақыттан бері «Grundfos» фирмасымен тығыз қызмет жасайды. Біздің су жүргізетін сорғы басқылау станцияларымыз осы фирманың қондырғыларымен жабдықталған.

Дания Корольдігі делегациясына «Қарағанды Су» ЖШС кәсіпорын кешендерінде қолданылатын ауыз суды тазарту технологиясы мен ағынды суларды тазарту технологиясы туралы баяндайтын бейне-роликті көрсетті.

Ал Дания Корольдігі делегациясы, өз кезегінде, біздің мамандардың назарына даниялық компаниялардың траншеясыз технологиясы бойынша құбыр желісін салу саласындағы, инженерлік байланыстар саласындағы даниялық компаниялар ұсынатын әдістер мен материалдарды, суық суды есептеудің ультрадыбыстық құрылғылары, автоматтандырылған жылу пункті және басқа да мәселелер төңірегіндегі зерттеулерін ұсынды.

Кездесу достық сарында өтті. Дания Корольдігі делегациясының өкілдері мен «Қарағанды Су» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің басшылығы өздерінің достық өндірістік байланыстар мен табысты ынтымақтастықтың жалғасуына ниетті екенін білдірді.

«Қарағанды Су» ЖШС-нің