Құрметті тұтынушылар! Есептегіштердің көрсеткіштерін және пломбалауға өтінімдерді онлайн боттар арқылы жіберуге болады: WhatsApp +7 778 089 4931 Telegram @ qaragandy _su_bot

«Қарағанды Су» ЖШС сынамалық жобасы: Ең жаңа материалдан жасалған ПВХ-О құбырларын сынау

«Қарағанды Су» ЖШС сынамалық жобасы:

 Ең жаңа материалдан жасалған ПВХ-О құбырларын сынау

2017 жылдың 27 ақпанында «Қарағанды Су» ЖШС бригадасы MOLETECH ASTANA (Қазақстан Республикасы, Астана қаласы) зауытының өкілдерімен бірлесіп Пожарский көшесі 25/2 мекен-жайы бойынша 160 мм диаметрлі

MOLECOOL су жүргізетін құбырын төсеу бойынша сынама жұмыстарын жүргізуде.

Molecor Technologia SL компаниясы 2006 жылы Испанияда құрылған, су тасымалдауға арналған құбырлар үшін молекулалық бағытталған технологияларды әзірлеуші пионер-компания. Молекулалық бағдар деген не?  Бұл пластиктің құрылымын өзгертетін физикалық үрдіс. Мұндай өзгерістер нәтижесінде ПВХ-О қалыбы аморфты қалыптан қатпарлы қалыпқа өзгереді, соның нәтижесінде құбырлардың қасиеттері жақсарады: жоғары қысымға төзімді (беріктігі),  соққыға төзімді, икемділік қасиеті жоғары және т.б. MOLETECH ASTANA зауыты MOLECOOL құбырларын жасап шығарады.

MOLECOOL құбырлары ең жаңа материал бағдарлы поливинилхлоридтен жасалған.

MOLECOOL құбырлары ауыз сумен қамтамасыз етуге, техникалық мақсатта сумен жабдықтауға, өрт сөндіру үшін жарамды, өнеркәсіптік қолдану, сонымен қатар өртке қарсы сумен жабдықтау жүйелері үшін қолданылуы мүмкін,  ирригациялық жүйелер үшін де қолданылуы мүмкін. MOLECOR технологиясы бойынша өндірілген құбырлардың негізгі артықшылығы: қысым көтеріңкілігі, соққыға төзімділігі, икемділігі, сонымен қатар құбырлар өз жұмыс қысымынан жоғары жүктемені жақсы көтеруінде, гидравликалық соққыларға төзімді, олардың жөндеуге жарамдылығы жоғары дәрежеде.

MOLECOOL құбырларыдәнекерлеуге мұқтаж емес, оларды түйістіру  арнайы құбырлар арқылы жасалады. Яғни MOLECOOL құбырларымен   желілерді ауыстыруды  қысқы уақытта да, жауын-шашынды кездерде де жүргізуге болады. MOLECOOL құбырлары 10-16 атм. жұмыс қысымына есептелген, коррозияға ұшырамайды және бактериялардың қаулауына ұшырамайды,  сонықтан да оларды пайдалану мерзімі 50 жылға дейін.

MOLECOOL су құбырларын төсеу Пожарский көшесі 25/2 мекен-жайы бойынша сынамалық жоба ретінде жүргізіледі. Кәсіпорын мамандары және Қарағанды қаласының 12 ай ішіндегі климаттық жағдайы MOLECOOL құбырларының  беріктігі мен ұзақ қызмет ету қалпына тексереді.

«Қарағанды Су» ЖШС

 Баспасөз қызметі