Құрметті тұтынушылар! Есептегіштердің көрсеткіштерін және пломбалауға өтінімдерді онлайн боттар арқылы жіберуге болады: WhatsApp +7 778 089 4931 Telegram @ qaragandy _su_bot

Үлгі шарт

                                                                                                                                  Қазақстан Республикасы

Ұлттық экономика министрінің

2015 жылғы 27 наурыздағы

№ 266 бұйрығына 6-қосымша

 

 
Сумен жабдықтау және (немесе) су бұру жөніндегі көрсетілетін

қызметтерді ұсынуға арналған үлгі шарт

 

_______________________

(шарттың жасалған орны)

20_ жылғы «___»_________

Бұдан әрi Өнім берушi деп аталатын, сумен жабдықтау және (немесе) су бұру жөніндегі көрсетілетін қызметтерді (бұдан әрi - Көрсетілетін қызметтер) ұсынатын_________________________________________________________________________________________________ атынан

 (көрсетілетін қызметтi ұсынатын субъектiнiң атауы, құрылтай құжаттары, заңды тұлғаны

 мемлекеттік тiркеу (қайта тіркеу) туралы куәлiк* немесе анықтама, берілген күнi және берген орган)

______________________________________________негізінде әрекет ететін______________________________________бiр тараптан және

 (лауазымы, А.Ә.Т.)

бұдан әрi Тұтынушы деп аталатын_________________________________________________________________________________ атынан

(тұтынушының деректемелерi, құрылтай құжаттары, заңды тұлғаны мемлекеттiк тiркеу

(қайта тіркеу) туралы куәлiк* немесе анықтама,берілген күнi және берген орган)

______________________________________________негізінде әрекет ететін________________________________________екiншi тараптан,

 (лауазымы, А.Ә.Т.)

төмендегiлер туралы осы Шартты (бұдан әрi - Шарт) жасасты:

 

 1. Шартта пайдаланылатын негiзгi ұғымдар

1. Шартта мынадай негізгi ұғымдар пайдаланылады:

теңгерiмдiк тиесiлiлiгiн бөлу шекарасы - меншiктiк, шаруашылық жүргiзу немесе жедел басқару белгiсi бойынша иеленушiлер арасындағы сумен жабдықтау және (немесе) су бұру және олардағы құрылыстар жүйелерiнiң элементтерiн бөлу сызығы;

есепке алу аспаптарын тексеру - есепке алу аспаптарының жай-күйiн тексеру, техникалық талаптарға сәйкес келетiндiгiн айқындау және растау және олардың көрсеткiштерiн жазып алу мақсатында Өнім берушiнiң өкiлi орындайтын операциялар жиынтығы;

есепке алу аспабы - белгілі бір уақыт аралығы ішінде нақты шама бірлігін шығаратын және сақтайтын нормаланған метрологиялық сипаттамасы бар су көлемін өлшеуге арналған және «Өлшем бірлігін қамтамасыз ету туралы» 2000 жылғы 7 маусымдағы Заңында белгіленген тәртiппен коммерциялық есептеуге қолдануға рұқсат берiлген техникалық құрал;

есеп айырысу кезеңі - Тұтынушымен қызмет көрсеткенi үшiн есеп айырысатын айдың бiрiншi күнi сағат 00-00-ден бастап соңғы күнi сағат 24-00-ге дейiнгi күнтiзбелiк бiр айға тең уақыт кезеңi ретiнде Шартта белгiленген кезең;

пайдалану жауапкершiлiгiн бөлу шекарасы - Тараптардың келiсiмiмен белгiленетiн сумен жабдықтау және (немесе) су бұру жүйелерiнiң элементтерiн пайдаланғаны үшiн мiндеттер (жауапкершiлiк) белгiсi бойынша сумен жабдықтау және (немесе) су бұру жүйелерiнiң (cу құбырлары және кәріз желілері және олардағы құрылыстар) элементтерiн бөлу сызығы. Осындай келiсiм болмаған кезде пайдалану жауапкершiлiгiнiң шекарасы теңгерiмдiк тиесiлiлiгiнiң шекарасы бойынша белгiленедi;

теңгерімдік тиесілілікті бөлу шекарасы - меншік, шаруашылық жүргізу немесе жедел басқару белгісі бойынша иелер арасындағы сумен жабдықтау және (немесе) су бұру жүйелерiнiң және олардың құрылыстардың элементтерiн бөлу сызығы;

төлем құжаты - Қызмет берушiнiң көрсетілетін қызметтерді (тауарларды, жұмыстарды) ұсынғаны үшін ақы төлеуді жүзеге асыру үшін жасалған құжат (шот, хабарлама, түбіртек, ескерту шоты), оның негiзiнде төлем жүргiзiледі;

тұтынушы - табиғи монополия және реттелетін нарық субъектілерінің реттеліп көрсетілетін қызметтерін (тауарларын, жұмыстарын) пайдаланатын немесе пайдалануға ниетті жеке немесе заңды тұлға;

уәкілетті органның ведомствосы - Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау комитеті.

Осы Шартта пайдаланылатын өзге де ұғымдар мен терминдер Қазақстан Республикасының Су кодексіне және табиғи монополиялар және реттелетін нарықтар туралы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қолданылады. 

2. Шарттың нысанасы 

2. Шарттың талаптарына сәйкес Өнім берушi Тұтынушыға сумен жабдықтау және/немесе су бұру жөнiндегi қызметтерді көрсетуге мiндеттенедi, ал Тұтынушы ұсынылған көрсетілген қызметтер үшін ақы төлеуге мiндеттенедi.

3. Ұсынылатын қызметтердің сипаттамалары мен берiлетін судың сапасы Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына, санитарлық-гигиеналық қағидалар мен нормаларға, ұлттық стандарттарға сәйкес келуге тиiс.

4. Шарт техникалық шарттарды орындау кезiнде сумен жабдықтау және (немесе) су бұру желiлерiне қосылған қажеттi жабдық Тұтынушыда болған кезде онымен жеке тәртiппен жасалады.

Заңнамада көзделген жағдайларда, Тұтынушы Шарт жасасу жөнiндегi өзiнiң өкiлдiгiн үшiншi тұлғаға беруге құқығы бар.

5. Көрсетілетін қызметтерді ұсыну режимi - тәулiк бойы.

6. Кондоминиум объектiлерiнiң су құбыры желiсiн пайдалану жауапкершiлiгiнiң бөлу шекарасы жеке тұрғын үй құрылысы объектiлерiнiң және заңды тұлғалардың ғимаратына кiрердегi соңғы ысырманың бөлушi фланецi - Өнім берушiнiң су құбыры желiлерiне қосу орнындағы айдау-ажыратқыш арматураның соңғы фланецi болып табылады.

Кондоминиум объектілерiнің сарқынды суларды бұру жүйесiндегi пайдалану жауапкершілігін бөлу шекарасы елдi мекеннiң сарқынды суларды бұру жүйелерiне қосылған жердегi құдық болып табылады.

3. Көрсетілетін қызметтерді ұсыну шарттары 

7. Көрсетілетін қызметтерді берудi тоқтата тұру:

1) авария жағдайы не азаматтардың өмiрi мен қауiпсiздiгiне қауiп төнген;

2) Өнім берушiнiң желiсiне өздігінен қосылған;

3) есеп айырысу кезеңiнен кейiнгi екі айдың iшiнде көрсетілетін қызметтер үшiн төлемақы жасалмаған;

4) Өнім берушiнiң өкiлдерiн есепке алу аспаптарына бiрнеше рет жiбермеген;

5) құбыржолдарға дезинфекция жүргiзу қажет болған;

6) нормативтiк құқықтық актілерде және Тараптардың келiсiмiнде көзделген басқа да жағдайларда жүргiзiледi.

Осы тармақтың 3), 4) тармақшаларында көрсетiлген жағдайларда Тұтынушы көрсетілетін қызметтер берудi тоқтатқанға дейiн кемiнде бiр ай бұрын хабардар етiледi.

8. Шарттың 7-тармағының 1) және 2) тармақшаларында ескертілген жағдайларда пайда болған бұзушылықтарды алып тастаған және жойған кезде Тұтынушыны қосу жүргiзiледi.

Шарттың 7-тармағының 3) тармақшасында көзделген бұзушылықтар үшiн Тұтынушыға қызметтер ұсынуды тоқтата тұрған жағдайда, қосу борышты өтегеннен кейiн жүргiзiледi. Бiрнеше рет ажыратылған жағдайда қосу борышты өтегеннен және қосқаны үшін ақы төлегеннен кейiн жүргiзiледi.

4. Көрсетілетін қызметтердің құны және оған ақы төлеу тәртiбi

9. Осы шарт бойынша ұсынылған қызметтер үшін ақы төлеу уәкілетті органның ведомствосы бекiткен тарифтер бойынша жүргiзiледi.

Көрсетілетін қызметтердің құны шарттың өзге талаптары сияқты Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген жеңiлдiктер мен артықшылықтарды ескере отырып, көрсетілетін қызметтердi ұсыну жағдайларынан басқа, барлық тұтынушылар үшiн бiрдей белгiленедi.

10. Тұтынушы ақы төлеудi нақты ұсынылған қызметтердің мөлшерi үшiн ай сайын төлем құжатының негізiнде, келесi есеп айырысу кезеңiнен кейiнгi айдың 25-күнiне дейiнгi мерзiмде жүргiзедi. Есеп айырысу кезеңі бір күнтізбелік айды құрайды. 

5. Көрсетілетін қызметтердi босатуды және тұтынуды есепке алу

11. Берiлген су мөлшерi жеке есепке алу аспаптарының көрсеткiштерi бойынша, жеке есепке алу аспаптары болмаған кезде - деректердi нақты тұратын адамдар санына сәйкес бөле отырып, үйге ортақ есепке алу аспабының көрсеткiштерi бойынша, ал олар болмаған кезде - осы елдi мекен үшiн бекiтiлген су тұтыну нормалары бойынша есеп айырысу жолымен белгiленедi.

Өнім берушiмен есеп айырысу үшiн өрт сөндiру автоцистерналарына құюға пайдаланатын судың мөлшерi жолға шығатын техникамен өрт сөндiру депосы ғимараттарында ескерiлмейдi.

Жеке есепке алу аспаптары мен үйге ортақ есепке алу аспабы 100 % болған кезде үйге ортақ есепке алу аспабының көрсеткiштерi мен жеке есепке алу аспаптарының жиынтық көрсеткiштерiнiң арасындағы айырмашылық нақты тұратын адамдардың санына сәйкес, өзге жағдайларда - тараптардың келiсiмi бойынша кондоминиум объектiсi меншiк иелерiнiң ақы төлеуiне жатады.

12. Тұтынушыдан бөлiнген су мөлшерi сарқынды су бұру және (немесе) тазарту желісінде:

1) ыстық сумен жабдықтау жүйесi жабық болған кезде, жергiлiктi су жылытқыш пайдаланылған жағдайда - берiлген суық су мөлшерiне;

2) ыстық сумен жабдықтау жүйесi ашық болған кезде, ыстық су орталықтандырылған ыстық сумен жабдықтау жүйесiнен келiп түскен жағдайда - берiлген суық су мөлшерiне ыстық сумен жабдықтауға берiлген судың мөлшерiн қосып тең қабылданады.

13. Сарқынды суды бұру жүйесiне құйылмайтын су сарқынды суды бұру жөніндегі көрсетілетін қызметтерi үшiн ақы есептеу кезiнде есепке алынбайды. Есепке алынбайтын судың көлемi технологиялық есеп айырысуларға сәйкес айқындалады.

14. Тұтынушыны есепке алу аспаптарынсыз тiкелей қосуға Өнім берушiнiң рұқсатымен уақытша жол берiледi. Мұндай жағдайда берiлген көрсетілетін қызметтiң мөлшерiн Өнім берушi есеп айырысу жолымен су тұтыну нормалары бойынша белгiлейдi.

15. Тұтынушының кiнәсiнсіз есепке алу уақытша бұзылған кезде көрсетілетін қызметтер үшiн есеп айырысу алдыңғы есеп айырысу кезеңінiң орташа тәулiктiк шығысы бойынша жүргiзiледi.

16. Пәтерде немесе жеке үйде орнатылған есепке алу аспаптарының сақталуын қамтамасыз ету Тұтынушыға жүктеледi. Өнім берушi есепке алу аспаптарын арнайы бөлiнген үй-жайға орнатқан кезде олардың сақталуы үшін Өнім берушi жауап бередi.

17. Есепке алу аспаптарын белгiсiз бiр тұлғалар ұрлаған немесе сындырған жағдайда, оның сақталуына жауапты адам, егер Тараптардың келiсiмiнде өзгеше көзделмесе, бiр ай мерзiмде есепке алу аспаптарын қалпына келтiруге мiндеттi. Есепке алу аспаптарын қалпына келтiру сәтiне дейiн Өнім беруші Тұтынушыны сумен жабдықтау желілерiне қосады.

18. Тұтынушыда суды есепке алу схемаларын бұзу, басқару тораптарында және есепке алу аспаптарында пломбаларды жұлып алу, есепке алу аспаптарының көрсеткiштерiн бұрмалайтын құралдарды орнату фактiлерi анықталған жағдайда, Тұтынушыға суды пайдаланғаны үшiн соңғы тексеру жүргiзiлген күнінен бастап анықталған күнге дейiн екi айдан аспайтын мерзімге құбыржолы 24 сағат бойы жұмыс iстеп тұрған кезде оның басқару торабына дейiн толық өткiзу қабiлеттігi есебінен қайта есептеу жүргізіледi. 

6. Тараптардың құқықтары мен мiндеттерi

19. Тұтынушы:

1) көрсетілетін қызметтердi белгiленген сапада, оның денсаулығына қауiпсiз, оның мүлкiне зиян келтiрмейтiн Шарттың талаптарына сәйкес мөлшерде алуға;

2) қажеттi көлемдегi сарқынды суды рұқсат етiлген жүктемелер шегiнде айдауға;

3) Өнім берушiден көрсетілетін қызметтердi есепке алу аспаптарын орнатуды талап етуге;

4) Өнім берушiнiң заңнамаға қайшы келетiн әрекеттерiн немесе әрекетсiздiгiн уәкiлеттi орган ведомствосына және (немесе) сот тәртiбiмен шағым жасауға;

5) көрсетілетін қызметтерге арналған тариф жобасын талқылау жөнiнде өткiзiлетiн жария тыңдауларға қатысуға;

6) уақтылы төлем жасаған жағдайда оған қажеттi көлемде қызметтер көрсетудi пайдалануға;

7) Өнім берушiден қызметтер көрсетудi тиiсiнше ұсына алмау салдарынан өмiрге, денсаулыққа және (немесе) мүлiкке келтiрiлген залалды толық көлемде өтеудi, сондай-ақ моральдық залалды өтеудi белгіленген тәртiппен талап етуге;

8) мемлекеттік стандарттарда және өзге де нормативтiк құжаттарда белгiленген талаптарға сәйкес келмейтiн көрсетілетін қызметтi ұсынған жағдайда көрсетілетін қызметтердiң құнын қайта есептеудi талап етуге;

9) егер Өнім берушi белгiленген тәртiппен шот қоймаса, алынған қызметтер үшiн ақы төлеудi жүргiзбеуге;

10) Өнім берушiнi бұл туралы бiр айдан кешiктiрмей жазбаша хабардар еткен кезде ұсынылған қызмет үшін ақы төленген жағдайда, Шартты бiржақты тәртiппен бұзуға құқығы бар.

20. Тұтынушы:

1) коммуналдық реттеліп көрсетілетін қызметтерді (тауарларды, жұмыстарды) есепке алу аспаптарын берiлген төлем құжаттарына сәйкес ұсынылған қызметтер үшін уақтылы және толық көлемде ақы төлеуге;

2) Өнім берушiге көрсетілетін қызметтердi пайдалану кезiнде туындаған сумен жабдықтау, су бұру жүйелерi құрылысының және есепке алу аспаптарының жұмысындағы ақаулар туралы, ал сумен жабдықтау мен су бұру жүйеciнің құрылысы бұзылған немесе ластайтын, улы заттарды авариялық тастау жағдайында - төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою жөнiндегi жергiлiктi органдарға, мемлекеттік өртке қарсы қызметке, санитарлық-эпидемиологиялық қызметке және қоршаған ортаны қорғау қызметiне де дереу хабарлауға;

3) Өнім берушi өкiлдерiн желiлердiң, құралдардың және жабдықтардың техникалық жай-күйiн және қауiпсiздiгiн бақылау үшiн есепке алу аспаптарына жіберуді қамтамасыз етуге;

4) көрсетілетін қызметтердi пайдалану кезiнде техника қауiпсiздiгi жөнiндегi талаптарды сақтауға;

5) оның қарауындағы немесе қызмет көрсетуiндегi сумен жабдықтау мен су бұрудың пайдаланылатын жүйелерiнiң сақталуын, тиiстi техникалық жай-күйiн және қауiпсiздігін қамтамасыз етуге мiндетті.

21. Өнім берушi:

1) ұсынылған қызметтер көрсету үшiн уақтылы және толық көлемде ақы алуға;

2) уәкілетті орган бекiткен тәртiппен тарифтердiң қолданыстағы кезеңiне барлық Тұтынушылар үшiн ұсынылатын қызметтердің тарифтерін азайтуға;

3) сумен жабдықтау, су бұру жүйелерi құрылысына техникалық қызмет көрсетудi жүргiзуге және есепке алу аспаптарын тексеру мен тексерiстi ұйымдастыруға;

4) көрсетілетін қызметтердi тұтынуға және оған ақы төлеудi бақылауды жүзеге асыруға құқығы бар.

22. Өнім берушi:

1) Тұтынушыны басқа Тұтынушылардың талаптарды орындамауы себептерінен көрсетілетін қызметтерді алуға шектеусіз Шарттың талаптарына сәйкес көрсетілетін қызметтердi уақтылы және үздiксiз ұсынуды қамтамасыз етуге;

2) көрсетілетін қызметтердi есепке алу аспаптарын сатып алуға және Тұтынушыларға орнатуға;

3) басқа тұлғаларға қызмет көрсетумен байланысты кез келген функцияларды беруге жол бермеуге;

4) ұсынылатын қызметтердiң сапасы мен мөлшерiне есеп жүргiзуге және оны бақылауға, көрсетілетін қызметтердi ұсынудағы бұзушылықтардың алдын алу және оларды жою жөнiнде уақтылы шаралар қабылдауға;

5) Тұтынушымен көрсетілетін қызметтердi ұсынуға арналған шарт жасасуға;

6) Тұтынушыға ұсынылатын қызметтер үшін ақы төлеуге келесi есептi кезеңнен кейiнгi айдың оныншы күнiне дейiнгi мерзiмде төлем құжатын ұсынуға;

7) Тұтынушыларды тарифтердiң өзгергенi туралы олар қолданысқа енгiзiлгенге дейiн күнтізбелік отыз күннен кешiктiрмей хабардар етуге;

8) Тұтынушының негiзделген талаптары бойынша 24 сағаттың ішiнде ұсынылатын қызметтердiң сапасы мен көлемiн қалпына келтiру жөнiнде шаралар қолдануға;

9) Тұтынушының сумен жабдықтау мен су бұру желiлерiн, есепке алу аспаптарын тексеру кезiнде, сондай-ақ есепке алу аспаптарының көрсеткіштерiн алған кезде қызметтiк куәлiктi көрсетуге;

10) алдын алу және жөндеу жұмыстарын жүргiзу кезеңiнде Тұтынушыға ауыз суды көлiк құралдарымен жеткiзiп беруге;

11) Тұтынушының дербес деректерінің құпиялылығын үшінші тұлғалардың санкцияланбаған қол жеткізуінен қамтамасыз етуге мiндеттi.

7. Тараптарды шектеу

23. Тұтынушыға:

1) Өнім берушiнің келiсiмінсiз үй iшiндегi желiлердi, сумен жабдықтау, су бұру жүйелерi құрылыстары мен есепке алу аспаптарын қайта жабдықтауға;

2) көрсетілетін қызметтердiң қолда бар есепке алу схемаларын бұзуға тыйым салынады.

24. Қызмет берушіге:

1) басқа Тұтынушылардың талаптарды орындамауы себептерiнен Тұтынушыны көрсетілетін қызметтердi ұсынудан бас тартуға немесе оларды алудан шектеуге;

2) ұсынылған қызмет үшiн уәкілетті органның ведомствосы белгiлеген мөлшерден асатын ақы алуға;

3) Тұтынушыдан көрсетілетін қызметтерге төлем құжаттарын ұсынбай ай сайын ақы төлеудi, сондай-ақ көрсетiлетiн қызметтер үшiн алдын ала ақы төлеудi талап етуге тыйым салынады.

25. Тараптарға Тараптардың құқықтарын шектейтiн не Қазақстан Республикасының заңнамасын өзгеше түрде бұзатын iс-әрекеттер жасауға тыйым салынады. 

8. Тараптардың жауапкершiлiгi 

26. Жабдықтар мен инженерлiк желiлердi тиiсiнше ұстау үшiн жауапкершiлiк оның меншiк иесiне жүктеледi және теңгерiмдiк тиесiлiлiкті бөлу шекаралары бойынша айқындалады.

27. Шартта көзделген мiндеттемелердi орындамаған немесе тиiсінше орындамаған жағдайда, кiнәлi тарап екiншi тарапқа залалды заңнамаға сәйкес келтiрiлген өтейді.

28. Ұсынылған қызметтер үшiн төлемнiң мерзiмi өткен жағдайда Тұтынушы Шартқа сәйкес (32-тармақта көзделген жағдайларды қоспағанда) Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi белгілеген қайта қаржыландырудың осы сомаларды төлейтiн күнде қолданылатын, әрбiр мерзiмi өткен күн үшiн, бiрақ негiзгi борыш сомасынан аспайтын мөлшерлеме бойынша тұрақсыздық айыбын төлейдi.

Тұрақсыздық айып мөлшерін белгілеу Тұтынушымен Шарт жасасқан кезде жүргiзiледi. Тұрақсыздық айыбын есептеудiң басталу мерзiмi, егер Тараптардың келiсiмiмен өзгеше ескерілмесе, есеп айырысу кезеңінен кейінгі айдың айдың 26 күнi болып табылады.

29. Егер Өнім берушi үшiн Тұтынушыға Өнім берушiмен шарттық қатынастарда тұратын басқа тұлғалардың кiнәсiнен қызметтер көрсету ұсыну мүмкiн болмаса, Тұтынушы алдында Өнім берушi жауапты болады.

30. Тұрақсыздық айыбын (айыппұл) төлеу Тараптарды Шарт бойынша мiндеттемелердi орындаудан босатпайды.

31. Құжатпен расталған күрделі материалдық шығынға немесе уақытша еңбекке жарамсыздыққа әкеп соқтырған ауырған немесе жазатайым оқиға кезiнде Тараптардың келiсiмi бойынша Тұтынушыға оның жазбаша өтiнiшi бойынша өсiмпұл есептеу жөнiндегi мерзiм ұзартылуы мүмкiн.

9. Форс-мажорлық мән-жайлар

32. Тараптардың бiр де бipeуi форс-мажорлық мән-жайлары басталған жағдайда, яғни Шарттың талаптарын орындамауға немесе тиiстi орындамауына әкеп соқтырған еңсерiлмес күш жағдайлары (дүлей зілзала немесе болжау немесе алдын алу мүмкiн емес өзге де жағдайлар), сондай-ақ әскери iс-қимылдар, ереуiлдер және басқа да жағдайлар басталған жағдайда басқа тараптың алдында жауапты болмайды.

Еңсерiлмес күш жағдайлары туындаған кезде Өнім берушi олар басталған күнінен бастап бес жұмыс күнi iшiнде бұл туралы Тұтынушыларға ресми бұқаралық ақпарат құралдары арқылы хабарлайды.

Тараптардың Шарт бойынша мiндеттемелерi еңсерiлмес күш жағдайларының әрекет ету мерзiмiне, бiрақ осындай жағдайлар Тараптардың Шарт бойынша мiндеттемелерiн орындауға кедергi келтiретiн дәрежеде ғана тоқтатылуы мүмкiн.

Егер еңсерiлмес күш жағдайы үш және одан да көп айларға созылған жағдайда, Тараптардың әрқайсысы басқа тарапқа болжалды бұзу күнiне дейiн кемiнде жиырма күнтiзбелiк күннен кешiктiрмей алдын ала хабарлаған кезде Шартты бұзуға құқылы. Бұл ретте Тараптар күнтiзбелiк отыз күн iшiнде Шарт бойынша барлық өзара есеп айырысуды жүргiзуге мiндеттенедi. 

10. Жалпы ережелер және дауларды шешу 

33. Тараптар есепке алу аспабының техникалық жай-күйін тексеру және көрсеткіштерді алу үшін бір-біріне тәуліктің кез келген уақытында, бірақ сағат 21-00-ден кешіктірмей, коммерциялық есепке алу аспаптарына қол жеткiзуге рұқсат беруге міндеттенеді.

Коммерциялық есепке алу аспаптары бойынша бұзушылықтар анықталған кезде, Тараптар белгіленген тәртіппен қол қойылған салыстыру актісіне тіркеуі тиіс.

34. Өздерiнiң құқықтық қатынастарында Шартты және қолданыстағы заңнаманы басшылыққа алады.

35. Қызметтерді көрсету Шарты Тұтынушының белгiленген тәртiппен iс жүзiнде желiлерге бiрiншi қосу сәтiнен бастап күшiне енедi.

Егер тараптардың келiсiмiмен өзгеше көзделмесе, жеке және заңды тұлғалар үшiн Шарттың iс-әрекетi мерзiмсiз, ал мемлекеттiк бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттiк мекемелер үшiн қолданыстағы заңнамаға сәйкес болып табылады.

36. Шарттың талаптарын бұзу немесе өзгерту Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген негiздер бойынша және тәртiппен жүргiзiледi.

37. Тараптардың бiрi Шарт бойынша мiндеттемелерiн орындамаған немесе бұзған кезде, екiншi тарап келтiрiлген залалды өтеу туралы талаптар қоя отырып, Шартты бiржақты тәртiппен бұзуға құқылы.

38. Тараптардың арасындағы келiсiмге қол жеткізілмеген кезде, даулар мен қайшылықтар сот тәртiбiмен шешiледi.

39. Шарт тараптарда сақталатын және бiрдей заң күшi бар мемлекеттік және орыс тілдерінде екі данада жасалады.

Мемлекеттiк бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттiк мекемелерге арналған Шарт Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң аумақтық қазынашылық органдарында тiркеледi және ол тiркелген күнінен бастап қолданысқа енгiзіледi.

40. Тараптардың келiсiмi бойынша Шарт үлгi Шарттың нормаларына қайшы келмейтiн басқа талаптармен толықтырылуы мүмкiн.

41. Шартта ескрілмеген Тараптар арасындағы қатынастар табиғи монополиялар және реттелетін нарықтар туралы қолданыстағы заңнамаға сәйкес реттеледi. 

11. Тараптардың деректемелерi

 

Өнім берушi: ____________

Тұтынушы: ___________

_________________________

_____________________

 

*Ескертпе: «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2012 жылғы 24 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңы қолданысқа енгізілгенге дейін берілген заңды тұлғаны (филиалды, өкілдікті) мемлекеттік (есептік) тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәлік.