Құрметті тұтынушылар! Енді тұрғындарда «Қарағанды Су» ЖШС қызметкерлерімен байланыссыз тәулік бойы суық су көрсеткішін беруге, сондай-ақ егер пәтер немесе үй сатып алған болса, үйінен шықпай-ақ есеп шотты өз аттарына рәсімдеуге тамаша мүмкіндік пайда болды.    «Қарағанды Су» ЖШС суық су көрсеткішін беруге және есеп шотты өз аттарына рәсімдеуге өтініш беруге ыңғайлы болу үшін Telegram ботын енгізуде. Бастапқы кезеңде тек осы екі қызмет түрі енгізілуде. Telegram боты сәтті енгізу мақсатында осы хабарландыру шыққан сәттен бастап тұтынушыларды тарту арқылы ашық тестілеу басталады.   Тұтынушыларға @KaragandySuBot пайдалану үшін шағын нұсқаулық ұсынамыз. 6. Смартфонға Telegram мессенджерін жазып алыңыз. 7. Поиск жүйесі арқылы @KaragandySuBot телеграмм-каналын іздеп табыңыз.  8. Старт командасын басыңыз 9. Шыққан командадан керегін таңдаңыз  - «передать показания» немесе  «переоформить лицевой счет». 10. Әрі қарай Telegram боттың командаларын орындаңыз.    Халықтың назарын ерекше сәттерге аударамыз: 1.  Ботпен жұмыс істегенде, сізге тірі адам емес, бот (робот) қызмет көрсететінін есте ұстаған жөн. Бот қосымша жазбалар мен белгілерді түсінбейді, оларға жауап бермейді және сізді диалогтың басына лақтырып жібереді. Сіздің қажеттіліктеріңізді сәтті орындау үшін сіз боттың командаларын қатаң орындауыңыз керек.  2. Көрсеткіштерді дұрыс беру үшін 9 таңбалы есеп шотты жазған кезде, бот мекенжай  мен су есептегіш құрылғысының нөмірін көрсетеді. Егер 2 немесе одан да көп есептегіш болса, көрсеткіштерді жеке-жеке жіберу қажет. Ыңғайлы болу және дұрыс теру үшін су есептегіш құрылғысының  нөмірі бөлек  көрсетіледі. Оны көшіріп, қажетті жерге қоюға болады. Өйткені, есептегіш нөмірі қате енгізілсе, бот көрсеткіштерді қабылдай алмайды.   3.  Есеп шотты өз атыңызға рәсімдеу үшін өтініш берген кезде смартфонға өтініштің үлгісін жүктеп алыңыз. Әрі қарай, үлгіге сәйкес А4 форматындағы қағаз парағына өтінішті қолмен жазып, оны PDF форматында ботқа жүктеп салу керек. Есеп шотты өз атыңызға рәсімдеу үшін қажетті құжаттар тізімі өтініш үлгілерінде берілген. Құжаттарды ботқа PDF форматында немесе фотосурет ретінде бір-бірден жүктеп салу керек. Бір уақытта бірнеше фотосуретті жүктеп салсаңыз, тек соңғы фотосурет жүктеледі. Фотосуреттер сапалы және көрнекті болуы керек. Содан кейін бот телефон нөміріңізді сұрайды. Сұрақтар туындаған жағдайда және өтініште ақпарат жеткіліксіз болса, «Қарағанды Су» ЖШС қызметкері телефон арқылы сізге хабарласады. Сіздің жеке шотты қайта рәсімдеу туралы өтінішіңіз Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес орындалатын болады. 4.  БТҚ (бірыңғай төлем құжаты) бойынша бірыңғай деректер базасының болуына байланысты, жеке есеп шотты қайта рәсімдеудің мұндай форматы уақытыңызды үнемдейді және әртүрлі коммуналдық қызмет көрсетушілерге бару керек емес.  5. Тестілеу кезінде боттағы сәтсіздіктер және күтпеген жағдайлар болуы мүмкін. Түсіністікпен қарауыңызды өтінеміз. Сұрақтарыңыз болса, өзіңіздің абоненттік бөлімшеңізге хабарласуыңыз сұраймыз.  6.  Өкінішке орай, ашық тестілеу кезінде заңды тұлғалар Telegram бот қызметтерін пайдалана алмайды. 7. Тестілеу сәтті өткен жағдайда Telegram бот басқа қызмет түрлерімен толықтырылуы мүмкін.  

Сумен қамтамасыз ету

  

Қарағанды қаласының сумен қамтамасыз ету көзі Қаныш Сатпаев атындағы Канал РМК суы болып табылады. Каналдан жылдық су жинау жылына 74 млн. текше метрді құрайды.

Сумен қамтамасыз етудің техникалық сызбасы 


Су құбырының желісі – сумен қамтамасыз ету жүйесінің ең маңызды элементтерінің бірі.

Сызба бойынша каналдан су: канал - № 1 Сорғы Станциясы – су таратқыш – канал - № 2 Сорғы Станциясы – МСТ сәйкес барлық тазалау кешенінен өтетін Су тазалау Ғимаратына (СТҒ) таситын арынды су таратқыш. Су тазалау ғимаратынан ішуге жарамды су тұтынушыларға 4 магистралдық су таратқыштар бойынша тасымалданады.

 

Сумен қамтамасыз еті жүйесі:

ауыстырып құятын сорғы станциялары - 6 дана;
сорғыны басқылау сорғы станциялары - 86 дана;

Аудандардың алшақтығынан қаланың сумен қамтамасыз етудің сызбасы екі аймаққа бөлінген.

 

Су құбырының желілері:
Қарағанды қаласы бойынша су құбыры желілерінің ұзындығы – 1006 км. құрайды:

Тазалау ғимараты
Қарағанды қаласының сумен қамтамасыз ету жүйесі ғимарат кешенінен тұрады:

   

 

Су тазалау ғимаратының жобалық өнімділігі ішуге жарамды судың 650 мың м3/тәулікті құрайды. 2013 жылы №1, № 2 сорғы станциялары жаңартылды. Толығымен сорғы және электрлік жабдықтар ауыстырылды, № 3 сорғы станциясының алаңындағы аванкамераларды және орналастырушы камераларды жөндеу орындалды. 

Су сапалылығын бақылау тәулік бойы жүзеге асырылады.

Судың эпидемиологиялық қауіпсіздігі суды зарарсыздандыру және физико-химиялық тазалау кіретін кешенді іс-шаралармен қол жеткізіледі. Суды зарарсыздандыру сұйық хлормен жүзеге асырылады, зарарсыздандыру үрдісінде адамның ағзалары үшін зиянды микроағзалар жойылады. Физико-химиялық өңдеу аса тиімді коагулянт-оксихлор алюминийімен іске асырылады. Мұндай суды өңдеу технологиясы кепілденген сапалылығымен халыққа су беруді қамтамасыз етеді. Санитарлық-химиялық, микробиологиялық және паразитологиялық көрсеткіштер бойынша су сапалылығын бақылау тәулік бойы өндіріледі.  

Қарағанды қаласының ішуге жарамды суы «Қарағанды Су» ЖШС зертханасымен ғана емес, облыстың, қаланың, ауданның санитарлық-эпидемиологиялық қызметтерімен де бақыланады.                             
Суды тазалау ғимараттарынан тұрғындарға берілетін ішуге жарамды судың сапалылығы тұрақты жақсы. Су бірнеше рет тексерістер арқылы өтеді және санитарлық нормаларға сәйкес келеді.

Ішуге жарамды су сапалылығы туралы 46 химиялық көрсеткіштер арқылы анықталатын толық химиялық саралау бойынша талдайды. Иіс, түстілік, лай, қаттылық, өлшенген заттар сияқты химиялық көрсеткіштер негізінде тұтынушыларға берілетін су Санитарлық ереженің барлық талаптарына сәйкес келеді. 

2-ші су жинау сорғысы

 

Су құбырының желілерін ауыстыру кезінде 2010 жылдан бастап әр түрлі диаметрдегі полиэтиленді құбырлар қолданылады.

Су құбырының сорғы станцияларыКәсіпорынның су құбырының сорғы станцияларының жалпы саны – 92, оның ішінде 6 басты (бірінші және екінші көтерілу) және 86 сорғыны басқылау сорғы станциялары.

2011 жылдан бастап «Қарағанды Су» ЖШС су құбырының сорғыны басқылау сорғы станцияларын жетілдіруді белсенді жүргізуде.   Сорғыны басқылау сорғы станциялары көп қабатты тұрғын үйлерге су беру үшін арналған (9 және одан көп қабаттар). Жетілдіру кезінде сорғылауды ажырату ретінде құбылысты шығару кезінде желідегі тұрақты қысымды, көп қабатты үйлердегі тұтынушыларға тәулік бойы үзіліссіз су беруді қамтамасыз ететін жиілік реттеумен «Grundfos» сорғы жүйесі орнатылады. 2013 жылы 84 (98%) сорғыны басқылау су құбырының станциялары «Grundfos» фирмасының заманауи жабдықтарымен орнатылған.

2011 жылдан бастап қаланың су құбыры желілерінде тұрақты қысымды қолдау үшін DOROT фирмасының (Израиль өндірісі) редукциялық қақпақтары орнатылады.  DOROT қақпақтары қоректендірудің сыртқы көздеріне мұқтаж емес, автономиялы, қақпақтарды реттеу гидравликалық басқаруды ұсынады.  Редукциялық қақпақ су шығындарының кіруінде немесе өзгеруінде қысым өзгерісінен өзгермейтін тәуелсіз қалатын шығуда алдын-ала берілген қысымды қолдайды.

Редукциялық қақпақтарды қолдану қаланың желілерінде қысымды тұрақтандыруға, гидросоққыларды жоюға, желілердегі апаттарды қысқартуға, сондықтан тұтынушыларға үзіліссіз су беруді қамтамасыз етуге мүмкіндік берді. 

Жатық – бағытталған бұрғылауды орнату (ЖББ).

2013 жылы ЖББ сатып алынды және жол төсемін бұзусыз «тесу» әдісімен су құбырын ауыстыруды өндіруге мүмкіндік береді. 2013 жылы «тесу» әдісімен әр түрлі диаметрдегі 907 м құбырлар жүргізілді.