Құрметті тұтынушылар! Енді тұрғындарда «Қарағанды Су» ЖШС қызметкерлерімен байланыссыз тәулік бойы суық су көрсеткішін беруге, сондай-ақ егер пәтер немесе үй сатып алған болса, үйінен шықпай-ақ есеп шотты өз аттарына рәсімдеуге тамаша мүмкіндік пайда болды.    «Қарағанды Су» ЖШС суық су көрсеткішін беруге және есеп шотты өз аттарына рәсімдеуге өтініш беруге ыңғайлы болу үшін Telegram ботын енгізуде. Бастапқы кезеңде тек осы екі қызмет түрі енгізілуде. Telegram боты сәтті енгізу мақсатында осы хабарландыру шыққан сәттен бастап тұтынушыларды тарту арқылы ашық тестілеу басталады.   Тұтынушыларға @KaragandySuBot пайдалану үшін шағын нұсқаулық ұсынамыз. 6. Смартфонға Telegram мессенджерін жазып алыңыз. 7. Поиск жүйесі арқылы @KaragandySuBot телеграмм-каналын іздеп табыңыз.  8. Старт командасын басыңыз 9. Шыққан командадан керегін таңдаңыз  - «передать показания» немесе  «переоформить лицевой счет». 10. Әрі қарай Telegram боттың командаларын орындаңыз.    Халықтың назарын ерекше сәттерге аударамыз: 1.  Ботпен жұмыс істегенде, сізге тірі адам емес, бот (робот) қызмет көрсететінін есте ұстаған жөн. Бот қосымша жазбалар мен белгілерді түсінбейді, оларға жауап бермейді және сізді диалогтың басына лақтырып жібереді. Сіздің қажеттіліктеріңізді сәтті орындау үшін сіз боттың командаларын қатаң орындауыңыз керек.  2. Көрсеткіштерді дұрыс беру үшін 9 таңбалы есеп шотты жазған кезде, бот мекенжай  мен су есептегіш құрылғысының нөмірін көрсетеді. Егер 2 немесе одан да көп есептегіш болса, көрсеткіштерді жеке-жеке жіберу қажет. Ыңғайлы болу және дұрыс теру үшін су есептегіш құрылғысының  нөмірі бөлек  көрсетіледі. Оны көшіріп, қажетті жерге қоюға болады. Өйткені, есептегіш нөмірі қате енгізілсе, бот көрсеткіштерді қабылдай алмайды.   3.  Есеп шотты өз атыңызға рәсімдеу үшін өтініш берген кезде смартфонға өтініштің үлгісін жүктеп алыңыз. Әрі қарай, үлгіге сәйкес А4 форматындағы қағаз парағына өтінішті қолмен жазып, оны PDF форматында ботқа жүктеп салу керек. Есеп шотты өз атыңызға рәсімдеу үшін қажетті құжаттар тізімі өтініш үлгілерінде берілген. Құжаттарды ботқа PDF форматында немесе фотосурет ретінде бір-бірден жүктеп салу керек. Бір уақытта бірнеше фотосуретті жүктеп салсаңыз, тек соңғы фотосурет жүктеледі. Фотосуреттер сапалы және көрнекті болуы керек. Содан кейін бот телефон нөміріңізді сұрайды. Сұрақтар туындаған жағдайда және өтініште ақпарат жеткіліксіз болса, «Қарағанды Су» ЖШС қызметкері телефон арқылы сізге хабарласады. Сіздің жеке шотты қайта рәсімдеу туралы өтінішіңіз Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес орындалатын болады. 4.  БТҚ (бірыңғай төлем құжаты) бойынша бірыңғай деректер базасының болуына байланысты, жеке есеп шотты қайта рәсімдеудің мұндай форматы уақытыңызды үнемдейді және әртүрлі коммуналдық қызмет көрсетушілерге бару керек емес.  5. Тестілеу кезінде боттағы сәтсіздіктер және күтпеген жағдайлар болуы мүмкін. Түсіністікпен қарауыңызды өтінеміз. Сұрақтарыңыз болса, өзіңіздің абоненттік бөлімшеңізге хабарласуыңыз сұраймыз.  6.  Өкінішке орай, ашық тестілеу кезінде заңды тұлғалар Telegram бот қызметтерін пайдалана алмайды. 7. Тестілеу сәтті өткен жағдайда Telegram бот басқа қызмет түрлерімен толықтырылуы мүмкін.  

Су кодексі

Қазақстан Республикасының Су Кодексі

Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 9 шілдедегі N 481 Кодексі.

Мазмұны

1-БӨЛIМ. Жалпы ережелер

      Ескерту. Бүкiл мәтiн бойынша "жер қойнауын пайдалану және қорғау жөнiндегi уәкiлеттi органның", "жер қойнауын пайдалану және қорғау жөнiндегi уәкiлеттi органмен", "жер қойнауын пайдалану және қорғау жөнiндегi уәкiлеттi орган", "жер қойнауын пайдалану мен қорғау жөнiндегi уәкiлеттi орган", "жер қойнауын пайдалану мен қорғау жөнiндегi уәкiлеттi органның", "жер қойнауын пайдалану мен қорғау жөнiндегi уәкiлеттi органмен", "жер қойнауын пайдалану мен қорғау жөнiндегi уәкiлеттi органға" деген сөздер тиiсiнше "жер қойнауын зерделеу мен пайдалану жөнiндегi уәкiлеттi органның", "жер қойнауын зерделеу мен пайдалану жөнiндегi уәкiлеттi органмен", "жер қойнауын зерделеу мен пайдалану жөнiндегi уәкiлеттi орган", "жер қойнауын зерделеу мен пайдалану жөнiндегi уәкiлеттi органның", "жер қойнауын зерделеу мен пайдалану жөнiндегi уәкiлеттi органмен", "жер қойнауын зерделеу мен пайдалану жөнiндегi уәкiлеттi органға", Қазақстан Республикасының қоршаған ортаны қорғау саласындағы орталық атқарушы органымен", "Қазақстан Республикасының қоршаған ортаны қорғау саласындағы орталық атқарушы органының", "Қазақстан Республикасының қоршаған ортаны қорғау жөнiндегi орталық атқарушы органы", "Қазақстан Республикасының қоршаған ортаны қорғау саласындағы орталық атқарушы органы", "Қазақстан Республикасының қоршаған ортаны қорғау саласындағы орталық атқарушы органына" деген сөздер тиiсiнше "қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкiлеттi мемлекеттiк органмен", "қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкiлеттi мемлекеттiк органның", "қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкiлеттi мемлекеттiк орган", "қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкiлеттi мемлекеттiк органға" деген сөздермен ауыстырылды - ҚР 2007.01.09 № 213 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), бүкіл мәтін бойынша "су қорын пайдалану және қорғау саласындағы уәкілетті орган", "су қорын пайдалану және қорғау саласындағы уәкілетті органмен", "су қорын пайдалану және қорғау саласындағы уәкілетті органның", "су қорын пайдалану және қорғау саласындағы уәкілетті органға" "су қорын пайдалану және қорғау саласындағы уәкілетті органда" деген сөздер тиісінше "уәкілетті орган", "уәкілетті органмен", "уәкілетті органның", "уәкілетті органға" "уәкілетті органда" деген сөздермен ауыстырылды - 2009.02.12 № 132-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңдарымен. 
      Ескерту. Мазмұнға өзгерту енгізілді - ҚР 2009.02.12 
№ 132-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңымен.
      Ескерту. Бүкіл мәтін бойынша "жануарлар мен өсімдіктер" деген сөздер "өсімдіктер мен жануарлар" деген сөздермен ауыстырылды - ҚР 2012.01.25 
№ 548-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

1-тарау. Негізгі ережелер

1-бап. Осы Кодексте пайдаланылатын негiзгi ұғымдар

Осы Кодексте пайдаланылатын негізгі ұғымдар:

1) ағын су - ойпаңды жер бетінде ылдиға құлай аққан судың қозғалысымен сипатталатын су объектісі;

2) акватория - табиғи, жасанды немесе шартты шекаралармен шектелген су кеңістігі;

2-1) ауызсу – сапасы бойынша белгіленген ұлттық стандарттарға және гигиеналық нормативтерге сай келетін, халықтың ауызсу және шаруашылық-ауызсу мұқтаждарына арналған табиғи күйіндегі немесе өңделгеннен кейінгі су;

3) ауыз сумен жабдықтаудың баламасыз көздері - су тұтынушылар үшін ауыз сумен жабдықтаудың олардың ауыстырылуы мүмкін емес және мақсатқа сай келмейтін бірден-бір көздері;

3-1) ауызсумен және (немесе) шаруашылық-ауызсумен жабдықтау (бұдан әрі – ауызсумен жабдықтау) – ауызсуды алуды, дайындауды, сақтауды, тасымалдауды және су тұтынушыларға беруді қамтамасыз ететін технологиялық процесс;

3-2) баланстық тиесілікті бөлу шекарасы – сумен жабдықтау және су бұру жүйелерінің элементтерін иеленушілер арасында меншік, шаруашылық жүргізу немесе жедел басқару белгісі бойынша бөлу орны, бұл схемаларда көрсетіледі;

4) басқарудың бассейндік принципі - өзендердің, көлдердің және басқа да су объектілерінің бассейндері шегінде су ресурстарын әкімшілік-аумақтық бірліктер арасында бөлу кезінде іске асырылатын су қорын гидрографиялық белгілер бойынша басқару;

4-1) бөгет – судың деңгейін көтеру және (немесе) су қоймасын жасау үшін ағын судағы тежеуiш гидротехникалық құрылыс;

4-2) бөгеттердің қауіпсіздігі саласындағы жұмыстарды жүргізу құқығына ұйымдарды аттестаттау – заңды тұлғаның бөгеттердің қауіпсіздігі саласындағы жұмыстарды орындауға құқықтылығын уәкілетті органның ресми тануы;

4-3) бөгеттің қауіпсіздігі – бөгеттің апаттық бұзылудан қорғалу жай-күйі;

5) гидромелиорациялық жүйе - жерді суаруға, суландыруға және құрғатуға арналған технологиялық жағынан өзара байланысты гидротехникалық құрылыстар, құрылғылар мен жабдықтар кешені;

6) гидромелиорациялық кондоминиумге қатысушылар - ортақ үлестік меншік құқығындағы гидромелиорациялық кондоминиумнің құрамына кіретін бір гидромелиорациялық жүйемен немесе оның элементтерімен суарылатын жеке меншік немесе уақытша өтеулі пайдалану құқығында жер учаскесі бар жеке және (немесе) заңды тұлғалар;

6-1) гидромелиорациялық іс-шаралар – гидромелиорациялық жүйелер, сондай-ақ жеке орналасқан гидротехникалық құрылыстар көмегімен топырақтың су режимін реттеу;

7) гидротехникалық құрылыстар - су ресурстарын басқару, су пайдаланушыларға су беру, сумен жабдықтау және су бұру, судың зиянды әсерінің алдын алу үшін пайдаланылатын инженерлік құрылыстар;

7-1) елді мекендердің ауызсумен жабдықтау жүйесі – су тұтынушыларды ауызсумен қамтамасыз етуге арналған су тарту құрылыстарын, су құбырын тазартқыш құрылыстарды, таза су резервуарларын, су құбырының сорғы стансалары мен желілерін біріктіретін, өзара байланысты су объектілері мен гидротехникалық құрылыстар кешені;

8) жағалау белдеуі - экологиялық талаптарды сақтай отырып, навигациялық белгілер мен жабдықтарды орнатуға арналған су объектілері жағалауының бойындағы жағалау жиегінен ені жиырма метр құрлық белдеуі;

9) жағалау жиегі - су объектісі жағалауының судың барынша көтерілуі (лық толуы) нәтижесінде пайда болатын жиегі;

ЖұмсалымӨлшем
Microsoft Office document icon vodnyy_kodeks.doc827.5 KB