Құрметті тұтынушылар! Есептегіштердің көрсеткіштерін және пломбалауға өтінімдерді онлайн боттар арқылы жіберуге болады: WhatsApp +7 778 089 4931 Telegram @ qaragandy _su_bot

ЕҚДБ-мен ынтымақтастық

«Қарағанды Су» ЖШС (i) кәріздік сорғы станциясын жаңартуды қоса алғанда, жаңа ағынды суларды тазарту қондырғысын салу; және (іі) анаэробты қорыту қондырғысын және анаэробты өңдеуден алынған биогаздан жылу мен электр энергиясын өндіруге арналған қондырғыны қоса алғанда, тұнбаны тазарту қондырғыларын салу инвестициялық бағдарламасына («Жоба») қаржыландыруды алуды жоспарлап отыр. 

Жоба қалалық ағынды суларды тазарту бойынша ұлттық және ЕО стандарттарына, ағынды суларды басқару бойынша ЕО талаптарына, Үздік қолжетімді технологияларға (ҮҚТ) қатысты  ЕО талаптарына және осындай нысандарға арналған ЕО таксономиясына сәйкес жүзеге асырылатын болады. Жоба іске асырылғаннан кейін жаман иіс деңгейінің төмендеуіне де әкеледі.

Аталған жоба бойынша келесі құжаттар ағылшын, қазақ және орыс тілдерінде қолжетімді:

1. Қоршаған ортаға және әлеуметтік салаға әсерді бағалауды  қоса алғанда Экологиялық және әлеуметтік басқару Жоспары;

2. Техникалық емес түйіндеме;

3. Мүдделі тараптармен өзара іс-қимыл жоспары;

4. Экологиялық және әлеуметтік іс-шаралар жоспары

ЖұмсалымӨлшем
Package icon esia_disclosure_package_karaganda_wwtp_kaz.zip7.59 MB