Уважаемые потребители! Передать показания приборов учета и заявки на опломбировку можно в онлайн режиме  через боты: WhatsApp   +7  778 089 4931 Telegram @ qaragandy _su_bot  

«Қарағанды Су» ЖШС Теміржол сумен қамту цехінің шебері Оспанов Думан Әбкенұлының отбасында үлкен қуаныш!

Жеті қыз баланың ата-анасы Думан Әбкенұлы мен жұбайы Зәмзәгүл Қабдрашитқызының шаңырағы жақында Нұртілеу есімді торсықтай ұлмен толысты.

Нәрестенiң дүниеге келуi – қай халықтың салтында болмасын үлкен шаттық, зор қуаныш. Осыған орай, мекемеміздің өндірістік дамуына үлес қосудағы Оспанов Думан Әбкенұлының еңбегі үшін алғыс білдіре отырып, шаңырақты қуанышқа бөлей дүниеге келген сәбидің бауы берік, өмір жасы ұзақ болып, отбасы бақыты молая берсін деген ізгі тілектермен «Қарағанды Су» ЖШС атынан құттықтаймыз. Сәбилеріңіз Отанын сүйер азамат болсын, үлкен әпкелерінің артынан ере аман-есен ер жетсін, денсаулығы әрдайым мықты болсын! Ізгі тілек және құттықтауларымен, «Қарағанды Су» ЖШС