«Қарағанды Су» ЖШС БАСПАСӨЗ ХАБАРЛАМАСЫ   Құрметті «Қарағанды Су» ЖШС тұтынушылары: Мамраев шағын ауданы (Восток-5), Голубые Пруды, Шахтерский шағын ауданы, Жаңа қала, Михайловка, Үлкен Михайловка станциясы, Фёдоровка, Кирзавод 1-2, Ақтас мекені, Кирзавод 3-4, Оңтүстік-шығыс ауданы, Күнгей шағын ауданы! Майқұдық – судың қысымы төмен! 2019 жылдың 29 қазанынан 30 қазанына қараған түні «Қарағанды Су» ЖШС «2 Зона» сорғы станциясында №№2,3 таза су резервуарларын тазарту бойынша жұмыстар жүргізетін болады.  Аталмыш жұмыстардан кейін қаланың таратқыш және кварталіші су құбыры желілерін зарарсыздандыру жұмыстары жүргізіледі. Осыған байланысты 29 қазан күні сағ. 23.00-ден 30 қазан сағ. 24.00-ге дейін су өшіріледі.  2019 жылдың 31 қазанында жоғарыда аталған тұтынушыларға су хлордың жоғары мөлшерімен берілетін болады. Суды ішуге және тағам дайындау мақсаттарында пайдалануға тыйым салынады. Жұмыстардың орындалуы уақытында ауыз судың 2 тәуліктік қорын алып алуды ұсынамыз.  Уақытша қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз. «Қарағанды Су» ЖШС баспасөз қызметі    

Тариф

Тариф (1.03.2019г. - 1.03.2020г.) 

«Қарағанды Су» ЖШС өз тұтынушыларының назарына Табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестікті және тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитеті Қарағанды облысы бойынша Департаментінің 2018 жылдың 25 желтоқсанындағы №406-НҚ бұйрығымен 2019 жылдың 1 наурызынан 2020 жылдың 1 наурызына дейін «Қарағанды Су» ЖШС сумен жабдықтау және су бұру қызметіне уақытша өтемдеуші тарифтер бекітілгендігін хабарлайды:

1. Сумен жабдықтау қызметіне:

- магистралды құбыр жолдары арқылы су беру (техникалық су) ҚҚС-сыз 1 м3 үшін 26,74 теңге,  ҚҚС-пен бірге 1 м3 үшін 29,95 теңге;

- «Теплотранзит Караганда» ЖШС үшін ҚҚС-сыз 1 м3 үшін 99,48 теңге, ҚҚС-пен бірге 1 м3 үшін 111,42 теңге;

- «Караганда Энергоцентр» ЖШС үшін ҚҚС-сыз 1 м3 үшін 81,32 теңге, ҚҚС-пен бірге 1 м3 үшін 91,08 теңге;

- «Оқжетпес-Т» ЖШС үшін ҚҚС-сыз 1 м3 үшін 63,38 теңге,  ҚҚС-пен бірге 1 м3 үшін 70,99 теңге;

- халық үшін ҚҚС-сыз 1 м3 үшін 90,39 теңге,  ҚҚС-пен бірге 1 м3 үшін 101,24 теңге;

- бюджеттік қаражаттар есебіндегі мекемелер үшін ҚҚС-сыз 1 м3 үшін 516,42 теңге  көлемінде, ҚҚС-пен бірге 1 м3 үшін 578,39 теңге;

- су тұтыну көлемі жылына 5000 м3 аспайтын өзге заңды тұлғалар үшін ҚҚС-сыз 1 м3 үшін 227,68 теңге  көлемінде, ҚҚС-пен бірге 1 м3 үшін 255,0 теңге;

- су тұтыну көлемі жылына 5000 м3 асатын өзге заңды тұлғалар үшін ҚҚС-сыз 1 м3 үшін 503,23  теңге  көлемінде, ҚҚС-пен бірге 1 м3 үшін 563,62 теңге.

2. Су бұру қызметіне:

- халық үшін ҚҚС-сыз 1 м3 үшін 81,05 теңге көлемінде, ҚҚС-пен бірге 1 м3 үшін 90,78 теңге;

- бюджеттік қаражаттар есебіндегі мекемелер және өзге тұтынушылар үшін ҚҚС-сыз 1 м3 үшін 260,25 теңге көлемінде, ҚҚС-пен бірге 1 м3 үшін 291,48 теңге.

ТҰТЫНУШЫЛАР НАЗАРЫНА!

 «Қарағанды Су» ЖШС өз тұтынушыларының назарына, ҚР табиғи монополияларды реттеу Агенттігі Қарағанды облысы Департаментінің 2013 жылдың 22 мамырындағы №172-ОД «2013-2015 жылдар орташа мерзімдік кезеңге сумен қамту және су бұру қызметтеріне «Қарағанды Су» Жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің тарифтері мен тарифтік сметаларының шектеулі деңгейлерін бекіту туралы» Бұйрығы негізінде 2013 жылдың 1 шілдесінен бастап жаңа тарифтердің қолданысқа енгізетіндігін жеткізеді:

1.Су шаруашылығы жүйесі қызметтеріне:
-магистральды құбыр жолдары арқылы су беру (техникалық су) ҚҚС-сыз м3 үшін 23,12 теңге,  ҚҚС-пен бірге м3үшін 25,89 теңге;
- «Теплотранзит Караганды» ЖШС үшін ҚҚС-сыз м3 үшін 82,66  теңге, ҚҚС-пен бірге м3 үшін 92,58 теңге;
- «Караганда Энергоцентр» ЖШС үшін ҚҚС-сыз м3 үшін 66,96 теңге, ҚҚС-пен бірге м3үшін 75,00 теңге;
- «Оқжетпес» ЖШС үшін ҚҚС-сыз м3 үшін 54,51 теңге,  ҚҚС-пен бірге м3 үшін 61,05 теңге;
- халық үшін ҚҚС-сыз м3 үшін 98,26 теңге,  ҚҚС-пен бірге м3үшін 110,05 теңге;
- бюджеттік қаражаттар есебіндегі мекемелер үшін ҚҚС-сыз м3 үшін 446,43 теңге  көлемінде, ҚҚС-пен бірге м3үшін 500,00 теңге;
- жылына 5000 м3аспайтын су тұтыну көлемі бар өзге заңды тұлғалар үшін ҚҚС-сыз м3 үшін 267,86 теңге  көлемінде, ҚҚС-пен бірге м3 үшін 300,00  теңге;

 

- жылына 5000 м3асатын су тұтыну көлемі бар өзге заңды тұлғалар үшін ҚҚС-сыз м3 үшін 446,43теңге  көлемінде, ҚҚС-пен бірге м3 үшін 500,00 теңге.
2. Кәріз жүйесі қызметтеріне:
- халық үшін ҚҚС-сыз м3 үшін 72,52 теңге көлемінде, ҚҚС-пен бірге м3 үшін 81,22 теңге;
- бюджеттік қаражаттар есебіндегі мекемелер және өзге тұтынушылар үшін ҚҚС-сыз м3 үшін 210,22 теңге көлемінде, ҚҚС-пен бірге м3 үшін 235,45 теңге.