Құрметті тұтынушылар! Есептегіштердің көрсеткіштерін және пломбалауға өтінімдерді онлайн боттар арқылы жіберуге болады: WhatsApp +7 778 089 4931 Telegram @ qaragandy _su_bot

НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ, ҚАТТЫ АЯЗ!

Арктикалық антициклонның келіп қалуына және ауа температурасының төмендеуіне байланысты:

1. Жеке автокөлігі барлар – аялдамада автобусты күтуге мәжбүр жандарды (тегін) жеткізіп салуларыңызды өтінеміз; 

2. Егер де біреудің көлігі бұзылып немесе қарға батып қалса – жанынан өтіп кетпей, көмектесіңіздер (жүксалғышқа тұтатқыш пен арқан салып жүріңіздер); 

3. Егер жалғыз басты қарт адаммен көршілес тұрсаңыздар – ерінбей, қандай көмек керектігін сұраңыз; 

4. Үйсіз жануарлар мен құстарды назарсыз қалдырмай, қыстан аман шығуына көмектесулеріңізді сұраймыз;

5. Қызметтер, бөлімшелерге, ғимаратқа жылынуға кіргендерді қуып шығармай, жылынуға рұқсат берулеріңізді өтінеміз.