Құрметті тұтынушылар! Есептегіштердің көрсеткіштерін және пломбалауға өтінімдерді онлайн боттар арқылы жіберуге болады: WhatsApp +7 778 089 4931 Telegram @ qaragandy _su_bot

Бабушкин көшесі бойындағы ұңғыма суының сапасы бойынша (18 шағын ауданы, Ужгородская көшесі) БАСПАСӨЗ ХАБАРЛАМАСЫ

Майқұдық ауданындағы 18 шағын ауданы, Бабушкин көшесі мекенжайы (заңды мекенжайы – Ужгородская 11/2) бойынша ұңғыма орналасқан. Бұл ұңғымадағы су өздігінен ағып шығады, су құбырының суы емес. «Қарағанды Су» ЖШС теңгеріміне тек ұңғыма ғимараты тиесілі.  Аталмыш Ужгородская көшесі №11/2 мекенжайы бойынша орналасқан ұңғыма 1935-1953жж. бұрғыланған. 

Қазіргі уақытта, жазғы мерзімде судағы нитраттардың мөлшерінің жоғарылауымен байланысты ұңғыма суы сапасының нашарлауы байқалады. Бүгінде судың химиялық көрсеткіштері 2015 жылдың 16 наурызындағы №209 Санитарлық ережелерге нитраттардың мөлшері бойынша сәйкес келмейді: нақты көрсеткіш 62 мг/л, ал ШРК бойынша нормасы 45 мг/л. 

Судың нитраттармен кірленуіне келесі факторлар себеп болады:

• потенциалды ластағыштардың ұңғыма орналасқан аумақта оның пайланалынуы уақытында көбеюі;

• жеке секторда бетондалмаған шұңқырларға (септик) ағындардың төгілуі (жерге сіңуі – жерасты көзі).

Судағы нитраттардың жоғары дәрежеде болуының басты зардаптарына келесі мәселелерді жатқызуға болады: 

• тісжегі;

• флюороз;

• қалқанша безінің ұлғаюы;

• метгемоглобинемия (токсикалық цианоз).

«Қарағанды Су» ЖШС тұрғындарды ұңғымадағы су сапасының сәйкессіздігі туралы билбордтарда хабарлау арқылы және де ұңғыма ғимаратында хабарлама ілу арқылы судың ішуге, тағам дайындауға жарамсыздығы жөнінде хабарлайды. Алайда барлық хабарламаларды тұрғындар алып тастағандықтан бұл мәлімет жөнінде тұрғындардың барлығы хабардар емес. 

Тұрғындарға Бабушкин көшесінде орналасқан ұңғыма суы

ішуге және ас дайындауда жарамсыз

екендігін хабарлаймыз.

«Қарағанды Су» ЖШС

баспасөз қызметі