Құрметті тұтынушылар! Есептегіштердің көрсеткіштерін және пломбалауға өтінімдерді онлайн боттар арқылы жіберуге болады: WhatsApp +7 778 089 4931 Telegram @ qaragandy _su_bot

Қарағанды қаласының ағынды суларын тазарту

Суды қолданудан кейін онымен қандай құбылыстардың орын алатындығы туралы кейбір қала тұрғындары сирек ойланған болар? Бұл мақалада біз қала тұрғындарына «Қарағанды Су» ЖШС (Аэрация станциясы) кәріздік тазалау құрылыстарында қолданылатын ағынды суларды тазалаудың бүкіл циклі жайлы айтқымыз келеді.

«Қарағанды Су» ЖШС теңгерімінде тұрған кәріз желілері (жалпы созылымдылығы 684,7 км, оның ішінде сенімді басқаруда 10,7 км), Қарағанды қаласының барлық ағын сулары кәріздік тазалау құрылыстарының бас сорғы станциясына келіп түседі.

Қарағанды қаласының кәріздік тазалау құрылыстары (Аэрация станциясы) – бұл ағынды суларды механикалық және биологиялық тазалау кешені. Аэрация станциясы пайдалануға 1979 жылы берілді. Жобалық босату қабілеті тәулігіне 232 мың м3. Нақты өткізу қабілеті тәулігіне 80-90 мың. м3, қардың еру кезеңінде Аэрация станциясы тәулігіне шамамен 160-180 мың м3 қабылдайды. Ағынды суларды қабылдаудың жұмыс тәртібі және қардың еру кезеңі арасындағы айырмашылық жылына шамамен 1 млн. 339 мың м3 құрайды – бұл «Қарағанды Су» ЖШС кәріздік тазалау құрылыстары қабылдауға және тазалауға мәжбүр, нақтыланбаған ағынды сулар. Ал, ескерілмеген ағынды суларды тазалау үшін ешкім төлем жасамайды.

Аэрацияның басты сорғы станциясына келіп түсетін барлық ағынды сулар ірі қоқыстар сүзіліп алынатын торлар арқылы өтеді. 2013 жылға дейін ірі қоқыстың жиналып алынуы Аэрация станциясының қызметкерлерімен қолмен жүргізілген болатын. Кәсіпорынның 2013-2015 жылға бекітілген инвестициялық бағдарламасы бойынша 2014 жылы Аэрация басты сорғы станциясында осындай үрдісте адамның қатысуын шектеуге мүмкіндік беретін заманауи қымбат тұратын қондырғы орнатылды. Бұл автоматты тәртіпте қоқыстың жиналуын жүзеге асырып, оны қоқыс жинауға арналған арнайы контейнерге шығаратын механикалық тырмалар болып табылады.

Бұдан әрі сорғылармен су құм аулағыштарға бұрылады. Құм аулағыштар – бұл ағынды суларды механикалық тазалау іске асырылатын құрылыстар. Құм аулағыштарда ұсақ қоқыс сүзіледі, ірі қалған-құтқандардан ағындар тазаланады.

Құм аулағыштардан кейін таратқыш ыдысы арқылы бастапқы тұндырғыштар бойынша таратылады. Бастапқы тұндырғыштарда судың үстіңгі бетінен май үлдірі алынады. Бастапқы тұндырғыштардан шығатын ылғалды тұнбалар сорғы станциясында орналасқан сорғылармен бұдан әрі тұнбалы карталарға жөнелтіледі.

Механикалық тазалаудан кейін ағынды сулар биологиялық тазалаудан өту үшін аэротенктерге түседі.(Аэрация - әртүрлі орталарды, атап айтқанда ондағы органикалық заттарды тотықтандыру үшін ауамен жасанды қанықтыру). Аэротенкілер – белсенді тұнбаның микроағзаларымен ағынды сұйықтықтың қажетті байланысын қамтамасыз ететін құрылыс.

Ауадағы құбырлар (аэроторлар) арқылы аэротенктерге оттегі түседі, ол кәріздік ағыстардағы зиянды заттарды жұтатын микроағзалардың өмірлік қарекеттерін қамтамасыз етеді. Аэротенктерде ағыстарды биологиялық тазалау және тұнбаларды минералдану кезінде тұрмыстық және өндірістік ағынды сулардың оттегімен байытылу (аэрациялану) үрдісі жүзеге асырылады. 6 сағат ішінде бір аэротенкте 2500 м3.көлемдегі ағынды сұйықтық тазаланады. Осылайша, тәулік бойы 10000 м3 ағынды су, кезектесіп, ШРК нормативтеріне дейін тазартылатын болады. Тазартылған ағынды сулардың және белсенді тұнбаның қоспасы жинақ арнасында жинақталады және екінші тұндырғыштардың таратқыш камерасына түседі, мұнда тұнбалар тұнып, ал ағымдар биотоғандардағы бөлінген арнаға бөлінеді. Биотоғандарда ағынды сулардың табиғи жете тазалануы орын алады. Биотоғандардың қос секциясының ауданы 20 гектарды құрайды.

Тазалаудың толық циклінен өткеннен кейін тазартылған ағынды сулар Соқыр өзеніне құйылады. Соқыр – балық шаруашылығы тағайындалуы бар өзен.

Ағынды суларды тазалау бойынша қойылатын талаптар жыл өткен сайын қатаңдана түсуде. Ағынды суларға шектеулі-рұқсат етілетін босатулар (ШРБ) қатаң лимиттелген және бақылаушы органдармен үнемі бақыланады. Себебі, Соқыр өзені балық шаруашылығы үшін тағайындалған өзен болғандықтан тазалаудан кейінгі ағынды сулар мінсіз болуы керек, кері жағдайда барлық балық құрдымға кетеді.

 

Қарағанды қаласының барлық ағынды суларын қабылдайтын Аэрация станциясында өткен ғасырдың 50-70 жылдардан бері ескіріп кеткен жобалық шешімдері іске асырылуда. Жыл өткен сайын тазартылған ағынды сулардың сапасына қойылатын қатаң талаптарды орындау барынша қиындап барады. ШРБ нормаларына қол жеткізу үшін ағынды суларды тазалаудың заманауи әдістерін қолдана отырып, тазалау құрылыстарын модернизациялау қажеттілігі туындады.

«Қарағанды Су» ЖШС
Баспасөз қызметі