Құрметті тұтынушылар! Есептегіштердің көрсеткіштерін және пломбалауға өтінімдерді онлайн боттар арқылы жіберуге болады: WhatsApp +7 778 089 4931 Telegram @ qaragandy _su_bot

Сапа бақылауы

2018 жылдың 29 тамызында Табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестікті және тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитетінің Қарағанды облысы бойынша департаментінде (одан әрі ТМРБҚК Қарағанды облысы бойынша департаменті) Облыстық ардагерлер кеңесі сарапшылары мен бұқаралық ақпарат құралдарының қатысуымен «Қарағанды Су» ЖШС инвестициялық және жөндеу бағдарламасының нысандары бойынша пресс-тур өткізді. «Қарағанды Су» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі Қазақстан Республикасының табиғи монополияларды реттеу Агенттігінің 22.08.2005ж. №249-НҚ бұйрығымен Қазақстан Республикасының табиғи монополиялар Мемлекеттік тіркеліміне: су шаруашылық және кәріздік жүйелер қызметтері бойынша қосылған. 

«Қарағанды Су» ЖШС Қарағанды, Теміртау қалалары мен Ақтас елді мекенінің тұтынушыларына және де ЖЭЦ-3 («Караганда Энергоцентр» ЖШС) сумен қамтамасыз ету қызметтерін көрсетеді. Кәсіпорын теңгерімінде 2 көлемді технологиялық кешен бар: су тазарту құрылымдары мен кәріздік тазарту құрылымдары, 1081 км су құбыры желілері мен 691 км кәріздік желілер.  

ТМРБҚК Қарағанды облысы бойынша департаментінің басшысы А.Т. Өтегенов, сондай-ақ Облыстық ардагерлер кеңесінің сарапшылары В.П. Жолудев (ҚР көмір өнеркәсібінің еңбегі сіңген жұмыскері, ҚР энергетикасының ардагері), А.В. Баринов, К.К. Каирбеков, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері – бұдан әрі – комиссия «Қарағанды Су» ЖШС-нің желілерді ауыстыру жұмыстары жүргізіліп жатқан нысандарын аралады. 

Пресс-тур өткен күні жауын тоқтаусыз жауғанына қарамастан, пресс-тур жұмыс тәртібінде өтті. Комиссия бірінші аралаған нысан су құбырын ауыстыру жұмыстары жүргізіліп жатқан Штурманская көшесі болды. Диаметрі 315мм ұзақтығы 780 м су құбыры желісін ауыстыру «Қарағанды Су» ЖШС инвестициялық бағдарламасы бойынша траншейсіз технологиясымен жүргізілуде. Ауыстыру кезінде жұмыстарды жердің беткі қабатын ашусыз жүргізуге мүмкіндік беретін көлденең бағытталған бұрғылауды орнату қолданылуда. Құдық орындарындағы шұңқырлар тек құбырларды түйістіру үшін пайдаланылады. Қазіргі уақытта құрылыс монтаж жұмыстары жүргізілуде. Ал Штурманская көшесінің тұрғындары әзірше суды бұрынғы желіден алуда. Құрылыс жұмыстары аяқталған кезде салынған су құбыры бөлігінде шаю мен залалсыздандыруды қамтамасыз ететін технологиялық шаралар жүргізілетін болады. Құрылыс пен залалсыздандырудың барлық сатылары аяқталған соң кәсіпорын бригадасы Штурманская көшесінің тұтынушылары су алатын су құбырының жаңа бөлігін пайдалануға беру жұмыстары орындалатын болады. 

Одан әрі комиссия Магнитогорская көшесінен 11 «А» шағын ауданындағы №19 үйге дейінгі диаметрі 160мм ұзақтығы 445 м су құбыры бөлігін жеке су құбыры желісіне қосу, яғни пайдалануға беру жұмыстарының жүргізілу барысын көрді. Бұл су құбыры желісінен Магнитогорская, Архитектурная, Бирюзова, 12 шағын ауданы, 11 «А» шағын ауданының тұтынушылары су алады. Су құбыры желісіне қосу кезінде кәсіпорынның 7 бригадасы қатарынан тұтынушыларды жаңа полиэтиленді желіге қосуды жүзеге асырды. Солайша, соңғы 9 жылда (2018 жылды есепке алмағанда) 453 км су құбыры желісі ауыстырылған, бұл «Қарағанды Су» ЖШС теңгеріміндегі су құбырларының жалпы ұзақтығының 42%-ын құрайды. Атқарылған желілерді жөндеу мен қайта құру нәтижесінде апаттылық дәрежесі жыл сайын төмендеуде, 2010 жылмен салыстырғанда су құбырындағы апаттық жағдайлар екі есеге төмендеген. 2018 жылда 41 км су құбыры желісін ауыстыру жоспарланған, бүгінгі күні оның 31 км-і ауыстырылған.  

Солайша, бүгінгі күні кәсіпорын бригадалары инвестициялық бағдарлама бойынша қаланың барлық аудандарында желілерді ауыстыру жұмыстарын жүргізуде: 

- Крылов көш. №62 үйден Кривогуза көш. №81 үйге дейін диаметрі 315мм ұзақтығы 450 м; 

- Магнитогорская көшесінен 11 «А» шағын ауданы №19 үйге қарай ұзақтығы 445 м; 

- 18 шағын ауданы №8 үйден 19 шағын ауданы №75 үйге дейінгі диаметрі 315мм ұзақтығы 600 м магистральды су құбыры аумағын ауыстыру;

- Штурманская көшесі – диаметрі 315мм ұзақтығы 780 м су құбырын ауыстыру;

- Байсейітова көш. (180м) және Шаумян көшесі 300м;

- «Аль-Фарух» шағын ауданындағы Оңтүстік-Шығыс тұтынушыларының көп бөлігін, жартылай Күнгей шағын ауданын, Михайловка тұтынушыларын сумен қамтамасыз ететін диаметрі 630мм ұзақтығы 580 м су құбыры аумағын ауыстыру жұмыстары.

Жөндеу бағдарламасы бойынша «Қарағанды Су» бригадасы Ерубаев көш., 10 (50 м), Крылов көш., 22 (35 м), Құрылысшылар даңғ., 5 (120 м), Университетская көш., 17 (70 м), Осевая көш. 14-24 (120 м) және тағы да басқа аумақтарда су құбырын ауыстыру бойынша жұмыстар істеуде. 

Жалпы, көрсетілген жұмыстар нәтижесі бойынша пресс-турға қатысушылар қаланың түрлі аймағындағы жөндеу жұмысарының көлемін көріп, жұмыс жасау әдістерімен (ашық әдіспен және траншейсіз технологиямен) танысып, жөндеу жұмыстары мен апаттық жұмыстарды жеделдететін, сондай-ақ реттелетін қызметтерді көрсетудің сапасын жақсартуға мүмкіндік беретін арнайы техниканың қолданылуын да көрді.   

«Қарағанды Су» ЖШС 

баспасөз қызметі