Құрметті тұтынушылар! Есептегіштердің көрсеткіштерін және пломбалауға өтінімдерді онлайн боттар арқылы жіберуге болады: WhatsApp +7 778 089 4931 Telegram @ qaragandy _su_bot

ӘРЕКЕТТЕГІ ТАРИФТЕР

Ағымдағы жылдың 8 қарашасында «Қарағанды Су» ЖШС өз қызметтерін тұтынушылар алдында 2015-2017 жылдардағы инвестициялық бағдарламалар мен тарифтік сметалардың орындалуы бойынша есеп берді. Есеп беру Табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестікті және тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитеті Қарағанды облысы бойынша Департаменті (одан әрі ТМР, БжТҚҚ Комитеті) басшысының орынбасары  К.Г. Козганбаев басшылығымен өтті. Есеп беруге сонымен қатар Облыстық энергетика ардагерлері кеңесінің ардагерлері мен Табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестікті және тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитеті Қарағанды облысы бойынша Департаментінің штаттан тыс сыншылары, «Теплотранзит Караганда» ЖШС мен «Қарағанды Су» ЖШС мекемелерінің ардагерлері, Еуразиялық кәсіпкерлер палатасының төрағасы Алданғаров Ж.Т., Қарағанды тұрғындары мен бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты. «Қарағанды Су» ЖШС Қарағанды қаласы және Ақтас ауылының тұтынушыларын сумен қамтамасыз етеді және су тарту қызметін көрсетеді, сондай-ақ Теміртау қаласын жартылай сумен қамтамасыз етеді. «Қарағанды Су» ЖШС 1998 жылдың 9 шілдесіндегі «Табиғи монополиялар мен реттелетін нарықтар туралы» Қазақстан Республикасының Заңнамасына сәйкес «2016-2020 жылдарға инвестициялық бағдарлама» құрды, аталмыш бағдарлама «Қарағанды облысы бойынша энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы» ММ келісімі бойынша ҚР ҰЭМ Табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестікті және тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитеті Қарағанды облысы бойынша Департаментінің 18.09.2015ж. № 241-ОД бұйрығымен бекітілген. «Қарағанды Су» ЖШС қызметтерінің әрекеттегі тарифі 2016-2020 жылдарға әрекет ету мерзімімен ТМР, БжТҚҚ Комитетінің 2015 жылдың 23 қарашасындағы №321-ОД бұйрығымен бекітілген. Инвестициялық бағдарлама бойынша 2015-2017 жылдардағы орындалған шаралардың жалпы құны 4117 млн. тенгені құрады, олардың ішіндегі 2 351 млн. теңге сумен қамтамасыз ету қызметі бойынша, ал су бұру қызметі бойынша – 1 766 млн. теңге ҚҚС қоспағанда.  

1 млрд теңгеден жоғары сомаға магистралды және ішкі орамдық желілерде ұзақтығы 170 км су құбыры желілерін түрлі диаметрлі ілмекті арматураны алмастыру арқылы капиталды жөндеу жұмыстары жүргізілген. 2017 жылы редукционды клапандарды (қаланың барлық аудандары бойынша 20 дана орнатылған) қолдану арқылы ауыстыруды жүзеге асыру 2012 жылмен салыстырғанда апаттар санын 1,5 есеге азайтуға, сол арқылы осы кезеңде желілердің жалпы тозуын 83%-дан 66%-ға төмендетуге мүмкіндік берген. 

Инвестициялық бағдарламалар аясында 2015 жылдан бастап Су тазарту құрылымдарын жаңарту бойынша үлкен жұмыс басталған. 300 млн. теңгеден астам сома инвестицияланған. Пайдалануға берілген уақыттан бастап 40 жыл аясында суды тазарту үшін кварцты құм қолданылған. Ал 2015 жылдан бастап біз аталған құмның орнына қазақстандық өндірістің заманауи сүзгіш материалы – цеолитке сатылы ауысуды бастадық. 2016 жылы 1 кезекті НҚБ 3 негізгі құрылғылар блогын сүзгіш материалды ауыстыру арқылы капиталды жөндеу жүргізілді, коагулянттың төрт багын капиталды жөндеу, сонымен қатар диаметрі 1000мм 10 дана, диаметрі 150-ден 800 мм-ге дейін 6 дана ілмекті арматура ауыстырылған. Аталмыш жөндеу су тазарту сапасын көтеріп, электр қуаты мен су шығынын азайтуға мүмкіндік берді. Инвестициялық бағдарламалар аясында 2015-2017 жылдары диаметрі 300-ден 1000мм дейінгі 29 км канализациялық желілер ауыстырылған. Ауыстырулардың жартысы санация әдісімен орындалған. Уақытылы қызмет көрсету мен канализациялық желілерді капиталды жөндеу ағынды суларды дұрыс жолмен уақытылы бұру мен тасымалдауға мүмкіндік береді. 

2015-2017 жылдары «Нұрлы жол» мемлекеттік бағдарламасы бойынша екі жоба бойынша желілерді қайта құру жүргізілген: бірінші жоба – Гоголь көшесі бойындағы 4,3 км су құбырын көлденең бағытталған бұрғылау әдісімен қайта құру; екінші жоба – ұзақтығы 3,4 км №10 канализациялық коллекторды қайта құру.    

Шараларды жүзеге асыру нәтижесінде коптеген бұрынғы проблемалық аумақтар бойынша көрсетілетін сумен қамту мен су бұру қызметтерінің сапасы анағұрлым жақсарды. Атап айтқанда, Гоголь көшесі, Бадин, Буровая, Сталелитейная, Крылов, Магнитогорская және басқа да көшелер. 

Инвестициялық бағдарламаны жүзеге асыру үшін желілерді қайта құру мен апаттарды жедел жою бойынша 2013-2014 жылдардағы инвестициялық бағдарламалар аясында 61 бірлік техника алынған, бұл кәсіпорын автопаркін 23%-ға жаңартты. 2015-2017 жылдар мерзімінде қосымша 11 бірлік арнайы техника алынып, бұл техника паркінің жаңаруының жалпы пайызы 28% құрады.

Қарағанды қаласының қалыпты тіршілік қарекетін қамтамасыз ету үшін тұрғындарды, оның ішінде жоғары қабатты үйлерді тәуліктік сумен тұрақты қамтамасыз ету қажет. 2013-2015жж. инвестициялық бағдарламалар аясында 88 айдаушы су құбыры сорғы станцияларын жаңарту жүргізілген. 2016 жылғы бағдарлама бойынша Ермеков көшесі №114/1 және №77/3 үйлер мекенжайлары бойынша су құбыры сорғы станциялары жаңартылған. Бұл жүйеде тәулік бойы су қолданудың барлық көлемінде судың қысымын тұрақты сақтап тұруды қамтамасыз ететін сорғылау агрегаттары жұмысының автоматтық режиміне қол жеткізуге мүмкіндік берді. Соның нәтижесінде электр қуаты бойынша шығындарды 5-10%-ға үнемдеуге қол жетті, сорғы агрегаттарын пайдаланудың жөндеу аралық кезеңі ұлғайды, қызмет көрсетуші қызметкерлердің саны азайды. Кәсіпорын өндірістік нысандарында Автоматтандырылған жылу нысандары орнатылған. Жылу қуатын үнемдеу 3 жылда 25%-ды немесе 25,8 млн. теңгені құрады.

Канализациялық сорғылау станциясы (КСС) тұрғын алабы мен қала өндірістік мекемелерінің ағынды суларын айдауды жүзеге асырады. Инвестициялық бағдарлама аясында 2016 жылы КСС 7, КСС 13 сорғылау агрегаттарын капиталды жөндеу жүргізіліп, Орбита КСС жаңартылған. Ағынды сулардың негізгі көлемін ауыстырып құятын ауқымды канализациялық сорғылау станцияларын жаңарту қалалық канализациялық жүйе ағынды суларының көлемі 3 есеге көбейгенде еріксіз қабылдайды, ал бұл канализациялық коллекторлар, сорғылау станциялары, канализациялық тазарту құрылымдары – Аэрация станциясы ағынды тасқын сулар қосымша жүктеме болған кезеңде де қала канализациялық жүйесінің апатсыз жұмысын қамтамасыз етеді. 

Инвестициялық бағдарлама аясында 2013-2016 жылдары 55 технологиялық есептеу құрылғылары орнатылған, бұл қаланың микро және макро аймақтарындағы судың есебін жүргізуге, сумен қамту қызметтерінің сапасын жақсарту мен судың шығынын 0,1%-ға азайтуға мүмкіндік берді. 

Инвестициялық бағдарлама аясында 2016 жылы суды коммерциялық есепке алудың автоматтандырылған жүйесін (СКЕАЖ) енгізу басталды.  

Капиталды ремонт пен технологиялық құрылғыны жаңарту бойынша кәсіпорында атқарылушы шаралар электр қуатының шығынын төмендетуге, суды тазартуға арналған реагенттер мен жанар-жағармай материалдарының шығынын азайтуға мүмкіндік берді. Капиталды жұмыстар, қайта құру, желілер мен құрылымдарды жаңартуды жүргізу магистралды желілердегі шығындардың 55%-ға азаюына алып келді. 

Тұтынушылардың «Қарағанды Су» ЖШС көрсететін қызметтердің сапасына шағымдануы жыл сайын азаюда. Тұтынушылардың шағымының азаюы қызмет сапасының көтерілгенінің дәлелі. Бұл орайдағы кәсіпорын жұмысының мақсаты – кәсіпорын даму қарқынын көтеру мен тұтынушылар тарапынан кәсіпорын жұмысына ешбір шағым болмайтындай қызмет көрсету. 

 

«Қарағанды Су» ЖШС баспасөз қызметі 

Тел.: 8 (7212) 561914 (ішкі.1104, 1208)