Құрметті тұтынушылар! Есептегіштердің көрсеткіштерін және пломбалауға өтінімдерді онлайн боттар арқылы жіберуге болады: WhatsApp +7 778 089 4931 Telegram @ qaragandy _su_bot

ДАМУ ГЕНЕРАТОРЫ – ЖҰМЫСКЕР ЖАСТАР

Қазақстан Республикасының президенті Нұрсұлтан Назарбаев 2018 жылы 5 қазанда өткен «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» Қазақстан халқына жыл сайынғы жолдауында жастар мен отбасы институтын кешенді қолдаудағы мемлекет политикасының басымдылығы болуы тиістігін атап өтіп, 2019 жылды Жастар жылы деп жариялады. Елбасы бұл жолдауында соңғы кезде қоғамда, әлеуметтік желілерде, БАҚ-та көп талқыланатын жастардың ең өзекті мәселерін атап өтті. Жолдауда осы мәселелерді шешудің нақты жолдары қарастырылған. Бұл: мемлекет дамуындағы жаңа кезеңінде қажетті сыни ойлау қасиеттері мен өмірлік маңызы бар дағдыларды дамыту, жаңа үлгіде тұрғын үй, еңбек нарығы, экономикалық өсу бағыттарында білім алуды орталық буын ретінде көрсету сияқты мәселелер. Бұл сұрақтардың барлығы Жолдауда көрсетіліп, алдымыздағы кезеңде оларды шешу бойынша нақты жолдар айқындалған.

Бүгінгі таңда жастар саясаты әлеуметтік саясат пен қоғамдық бейімделудің перспективалық бағыттарының бірі. Жастардың жұмыс орнына, еңбек ұжымына, жұмыс күнінің тәртібіне бейімделуі өте маңызды. Кәсіпорындардағы жастар саясатының жүзеге асуы қызметкерлермен ұжымдық коммуникация кезіндегі кәсіпорынның жағымды саясатының көрінісі. Бұған еңбек қызметін жүзеге асыру жолымен қол жеткізіледі.    

2018 жылы «Қарағанды Су» ЖШС кәсіподақ комитеті жанында құрылған Жастар комитеті өз жұмысының алғашқы күндерінен өз алдына нақты мақсаттар анықтап, нақтылады. Комитеттің мақсаттары мен негізгі міндеттері толығымен Президент Жолдауында көрсетілген мақсаттар мен белгіленген жоспарларға қол жеткізуге  бағытталған. Әрі бұгінгі күні кәсіпорын жастары жұмыстың одан арғы бағыттарын өзі анықтайды, әкімшіліктің қолдауымен кәсіпорын базасындағы 2019 жылға арналған міндеттерді шешудің нақты жолдарын ұсынады.  

«Қарағанды Су» ЖШС Жастар комитеті құрылған сәттен бастап бүгінгі күнге дейін кәсіпорын жастарының белсенділігін арттыруға, жастардың шығармашылық дарындарын дамытуға, жеке әлеуетін ашуға және көшбасшылық қабылеттерінің айқындалуына бағытталған шаралар ұйымдастырылып, жүзеге асырылған.

Жастар комитетінің жекелеген мүшелерінің, сондай-ақ кәсіпорындағы барлық жастардың қызметі «Қарағанды Су» ЖШС жастар саясаты мен әлеуметтік саясатының жоспарлы жүзеге асырылуына бағытталған. 

Жастар комитетінің мақсаттарына сәйкес «Қарағанды Су» ЖШС кәсіпорындағы жас идеялардың туындауы мен жүзеге асырылуы бойынша ауқымды жұмыс жүргізеді, комитет қызметінің стилі, үлгісі мен әдістерін жақсартады, комитет бөлімшелерімен, қалалық жастар ұйымдарымен ұдайы байланыста болады, әрі кәсіпорын басшылығы мен кәсіподақ комитеті бекіткен жоспарға сәйкес жиындар, отырыстар, сайыстар және басқа да шаралар өткізеді.  Жастар комитетінің мүшелері жас кадрлармен жұмыс жүргізу қызметкерлерді басқару қызметінің ғана қамы болуға тиісті еместігін жақсы түсінеді. Себебі жас белсенділерді біріктіретін, төл кәсіпорны үшін мақтаныш сезімін тәрбиелейтін белгілі-бір топ, орта болуы қажет. Ал бұл қызметті «Қарағанды Су» ЖШС Жастар комитеті ойдағыдай жүзеге асыруда. Бұл орайда жас мамандар ұйымының алдында орынды сұрақ тұрады: «Жалпы кадрлық жұмысқа табиғи қалыппен енетін және ұжымдағы жас жұмыскерлердің өзін-өзі танытуына септігін тигізетін біздің қызмет, біздің комитет жұмысы қандай болуы тиіс? Жыл сайын коптеген жас кадрлер компанияға аса тәжірибелі, көп жылдық қарымды еңбегі сіңген жұмыскерлердің орнына келеді». «Қарағанды Су» ЖШС Жастар комитеті бұл тарапты сұрақтарға өз белсенді жұмысының нәтижесімен жауап береді.  

«Қарағанды Су» ЖШС Қарағанды қаласының тіршілігін қамтамасыз ететін, тұрғындарға сумен қамту және су бұру қызметтерін көрсететін маңызды нысан болып табылады. Кәсіпорын тарихы 60-жылдық кезеңді қамтиды. Кәсіпорынның дамуы Қарағандының дамуымен, кәсіпорындар мен тұрғын үйлердің ауқымды құрылысымен, қала инфрақұрылымын жақсартумен  ажырамас байланыста.  «Қарағанды Су» ЖШС-де қала игілігіне 1800 қызметкерлер, оның ішінде 29 жасқа дейінгі 141 жас мамандар жұмыс атқаратындығын жеке атап өткіміз келеді. Сондықтан да осы мақалада сіздерді «Қарағанды Су» ЖШС-де жүзеге асырылатын жастар саясатымен таныстырғымыз келеді. 

Біздің кәсіпорынның жастар комитеті – өз ұйымындағы жас еңбек ресурсын дамытуға талпыныстарымен, жастардың өзін-өзі табысты ұйымдастыруын қамтамасыз ету, жастардың ынтасы мен шығармашылық бастамаларын қолдау үшін біріккен жас тұлғалар тобы. «Қарағанды Су» ЖШС жастары қалалық сенбіліктерге белсенді ат салысып, ҰОС ардагерлерін құттықтауда қомақты жұмыс жүргізетінін, қайырымдылық акцияларға, жазылыстық акцияларға, қаланың барлық мерекелік шараларына, шығармашылық сайыстар ұйымдастыруда, спорттық спартакиадалар мен кәсіпорында турнирлер өткізуде белсенділік көрсететінін үлкен сенімділікпен айта аламыз. 

Жұмыстың басты мақсаттарын анықтап, «Қарағанды Су» ЖШС Жастар комитетінің мүшелері түрлі бағытта жұмыс атқарады. Мысалы, жыл сайын кәсіпорын қызметкерлері, жас мамандар өз еркімен донор күнінде мұқтаж жандарға құю үшін Облыстық қан орталығы мамандары жүргізетін қан тапсыруда белсенділік танытады. Біз кәсіпорын жастарының ерікті және саналы түрде қан тапсыратындығын мақтан етеміз. Бұл өте қайырымды іс.  Сонымен қатар, «Қарағанды Су» ЖШС-не басқа да мамандар келіп, тексеру жүргізетінін атап өту керек: отоларингологтар, гастроэнерологтар, тіс дәрігерлері және басқалары.

Бүгінгі күні Қарағанды қаласында спорт өте қарқынды дамып жатқанын байқамау мүмкін емес. Жыл сайын кәсіпорын Жастар комитеті «Қарағанды Су» ЖШС Кәсіподақ комитетімен бірлесіп жастарды спорттық өмірге тарту бойынша ауқымды жұмыс жүргізеді. Кәсіпорын жастары қалалық, халықаралық жүгіру марафондарына белсенді қатысады, шағын футбол бойынша Спартакиада, турнирлерде белсенділік көрсетіп, жеңісті орындарды иеленеді. Әрбір жас маман, кәсіпорынның жалпы құрама командасы спорттық шараларда тек жеңістер мен жетістіктерге қол жеткізуде. Мысал үшін, «Қарағанды Су» ЖШС Жастар комитетінің жоспарында «Денсаулық» акциясын ұйымдастырып, өткізу қарастырылған. Акцияны өткізу – Mind Sports (шахмат, дойбы, тоғызқұмалақ) ойындарын өткізуді, футбол, волейбол, жүгіріс бойынша марафондар өткізуді, сондай-ақ Snow Fest (қысқы ойындар фестивалі), жастардың пейнтбол ойынына аттануын қарастырады. 

Сонымен қатар, «Қарағанды Су» ЖШС жас мамандарынан құрылған, футбол ойынына үлкен қызығушылық танытатын ойыншылар тобы арнайы жалданған спорт залында шағын футбол ойнайды. Кәсіпорын ойыншыларының құрама командасы шағын футбол бойынша коммуналдық кәсіпорындар командалары арасындағы Спартакиа, турнирларға қатысып, жүлделі орындарға иеленуі бірінші жыл емес. Мысалы, 2018 жылдың 30 қарашасында «Қарағанды Су» ЖШС, «КарагандаЭнергоцентр» ЖШС, «Теплотранзит Караганда» ЖШС, «Карағанды Жылу Сбыт» ЖШС қатарлы Қарағанды қаласының коммуналдық кәсіпорындары) арасында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне арналған Спартакиада басталды. Спартакиада  спорттың бірқатар түрі бойынша өткізілді: шағын футбол, волейбол, теннис және шахмат. Спартакиада нәтижесінде «Қарағанды Су» ЖШС жас мамандарының құрама тобы жеңісті бірінші орынға ие болды, сонымен қатар кәсіпорын ойыншысы шахмат бойынша жүлделі орын алса, үстел теннисі бойынша кәсіпорын ойыншылары екінші орын алды. 

 

«Қарағанды Су» ЖШС жастарының шығармашылық және қоғамдық белсенділігі Жастар комитетінің жылдық жоспарына сәйкес бағытталып, жоспарланған  шаралар жүзеге уақытылы асырылады. Жастар комитетінің жоспарында – Қазақстан Республикасындағы мерекелік күндерінің бекітілген кестесіне сәйкес мерекелік концерттік бағдарламаларда белсенді ат салысу сияқты негізгі бағыттар бар.  

Жастар жылы «Қарағанды Су» ЖШС жас мамандары үшін «KELESHEK-2019» жастар лагеріне қатысумен басталды. Жастар бағдарламасы аясында кәсіпорын жас мамандары Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президентінің Теміртау қаласындағы Тарихи-мәдени орталығына саяхат жасады. Көшпелі лагерьдің қатысушылары 100-ден астам жұмыскер және студент жастардың өкілдері болды. Жастардың шарасына қатысуға өз өкілдері – екі жас маманды «Қарағанды Су» ЖШС Кәсіподақ комитеті де жіберді. 

 «KELESHEK» жастар лагері аясында жас мамандар түрлі аймақ мамандарымен бірлесіп көптеген семинар-тренингтерге қатысты, біліктілікті арттыруға, әрі ұжымның ұйымшылдығына септігін тигізетін қызықты ойындарда (интеллектуалды, спорттық квесттер, «Один в один» көрінісі, т.б.) жарысты. 

 

«Қарағанды Су» ЖШС Жастар комитеті мемлекет Басшысының «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» Жолдауында анықталған мақсаттар мен міндеттер негізінде кәсіпорындағы жастар саясатын жүзеге асыруды жалғастыруда. Кәсіпорын жастарының жарқын әрі белсенді өмірлік ұстанымы жас мамандардың дамуына өте жақсы мүмкіндіктер ашатындығы сөзсіз. Кәсіпорындағы Комитет қызметі – жас мамандардың жалпы «Қарағанды Су» ЖШС-нің жастар саясаты, әлеуметтік саясаты мен жұмыс үрдісінің дамуын жүзеге асыру жолдарындағы үлесі.  

Ақпарат ғасырында өмір сүре отырып, қоғамның жаңа ақпаратқа деген аңсарын көзге ілмеу мүмкін емес, сондықтан да «Қарағанды Су» ЖШС Жастар комитеті Комитет қызметі туралы ақпараттармен ұдайы бөліседі, сонымен қатар жұмыскер жастардың белсенді өмірі жайындағы мәлімет, жаңалықтар кәсіпорынның ресми сайтында www.kar-su.kz, кәсіпорынның әлеуметтік желілерінде шығарылып тұрады: Facebook: karagandasu.com  және Instagram: @karagandysu.    

 

 

 «Қарағанды Су» ЖШС баспасөз қызметі

Тел. 8 (7212) 56-19-14 ішкі. 1104, 1208