Құрметті тұтынушылар! Есептегіштердің көрсеткіштерін және пломбалауға өтінімдерді онлайн боттар арқылы жіберуге болады: WhatsApp +7 778 089 4931 Telegram @ qaragandy _su_bot

«Қарағанды Су» ЖШС «БІР ТЕРЕЗЕ» қағидасы аясында тұтынушыларға қызмет көрсету – қажеттілік және даму болашағы

Жағымды ортаның болуы қызметтердің дамуы мен өсуінің маңызды шарты болып табылады. Бүгінде «Қарағанды Су» ЖШС-де «бір терезе» қағидасы бойынша тұтынушылардың сұранымдары мен жүгінулерін қабылдайтын орынжайлар құрылған. 

Тұтынушыларға көрсетілетін сумен жабдықтау және су бұру қызметтерінің сапасын арттыру мақсатында, кәсіпорынның барлық бөлімшелерінің қызметін сапалы ақпараттандыру үшін, тұтынушылардың қанағаттану дәрежесін арттыру үшін, сумен жабдықтау мен су бұру қызметтерінің ашық әрі қолжетімді болуы үшін, азаматтар мен заңды тұлғалардың сумен жабдықтау және су бұру қызметтері бойынша қызметтерді алуын жеңілдету үшін, өтінішкер сумен жабдықтау және су бұру бойынша қызметтерді алу үшін тапсыратын құжаттар мен сұранымдардың орындалу мерзімін барынша қысқарту үшін, «бір терезе» қағидасы бойынша жұмыс істейтін, сумен жабдықтау және су бұру қызметтерін көрсету үшін келісім-шартқа отыру, техникалық құжатнама алу мәселелері бойынша тұтынушыларды қабылдайтын 5 орынжай қызмет етеді: «Қарағанды Су » ЖШС Сату қызметінің Орталық кеңсесінде, Сату қызметінің абоненттік бөлімшелерінде: Оңтүстік-Шығыс, Майқұдық, Пришахтинскі және Ақтас мекенінде.

Сұранымдарды қабылдау орынжайларында «бір терезе» қағидасы бойынша келесі қызметтер тізбесі көрсетіледі: 

1. Сумен жабдықтау және су бұру бойынша қызметтерді көрсету үшін келісім-шарт жасау.  

2. Тұрғын үйлер мен заңды тұлғалар нысандарына су құбыры мен канализациялық желілерге қосылуға техникалық шарттарды беру. 

3.  Кіріктірілген-жалғастырыла соғылған нысандардың су құбыры мен канализациялық желілерге қосылуына техникалық талаптарды беру.

4. «Қарағанды Су» ЖШС су құбыры мен канализациялық желілеріне қосылуға рұқсат беру. 

5. Су құбыры мен канализациялық желілерді пайдалану жауапкершілігіне шекараны бөлу актісін беру. 

6. Суды есептеу құрылғыларын орнату үшін техникалық талаптарды беру. 

7. Зиянды заттардың шекті-жол берілетін шоғыры жоғарылағанда ағынды суларды қосымша тазарту үшін келісім-шартқа отыру. 

8. Сәйкестік туралы Декларацияға қол қойылуы. 

9. Нысандар құрылысы кезінде су өлшеушіні уақытша орнатуға анықтама беру. 

Сұранымдарды қабылдау орынжайлары:

Қала: Жаңа қалалық абонентттік бөлімше, Пригородная көш., 2В құрылысы, тел. 56-33-23.

Оңтүстік-шығыс: Оңтүстік-шығыс абоненттік бөлімшесі, Сатыбалдин көш-сі, 11/7, тел. 50-20-23.

Майқұдық: Октябрь абоненттік бөлімшесі, Мамраев шағ. ауд., 21/2 құрылым, тел.50-37-11.

Пришахтинскі: Киров абоненттік бөлімшесі, Зелинский көш., 18. тел. 50-59-92.

Ақтас: 8 март көш., 20. тел. 8 (72137) 5-48-88.

Абоненттік бөлімшелер күн сайын сағ. 09.00-ден 18.00-ге дейін жұмыс істейді; сенбі, жексенбі - демалыс күндер.